Қарағандыда
  • USD 379.86
  • EUR 422.97
  • RUB 5.85
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құ

Мемлекеттік қызмет паспорты




Мемлекеттік қызметтің атауы

Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру

Қызметті алушылар

Заңды және жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметті көрсету орны

«Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ,

Қызмет ақысы

     Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы       10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде(Салық кодексі) белгіленген тәртіппен бюджетке мемлекеттік баж төлейді (бұдан әрі – Салық кодексі). 
Мемлекеттік баж мөлшері мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.
Мемлекеттік бажды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем жүргізу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ),  екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті көрсету мерзімі

     1) тракторшы-машинист куәлігін, куәліктің телнұсқасын алған, ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған қүнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша бас тартады.
2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

Мемлекеттік қызметі алу үшін қажетті құжаттар

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
«А», «В» және «Г» санатты куәлікті алу үшін:
осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық анықтама (бұдан әрі – медициналық анықтама); 
куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;
көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті);
жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын (арнайы оқу орындарын, кәсіптік орта оқу орындарын) «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген адамдарды қоспағанда, оқу ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының көшірмесі;
«Б» және «Д» санатты куәлікті алу үшін қосымша: 
тиісті машиналарда алты айдан кем емес жалпы жұмыс өтілін растайтын құжат; 
«қаршаналарды, квадроциклдерді жүргізуге рұқсат» деген жазбасы бар куәлікті алу үшін:
осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 
«А» және «В» немесе «Б» және «В» рұқсат беру санаттары бар куәліктің немесе «А» немесе «А1» немесе «В1» рұқсат беру санаты бар жүргізуші куәлігінің көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
куәлікті беру үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек;
көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-кара немесе түрлі-түсті);
ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде:
осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 
медициналық анықтама; 
куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;
көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ немесе түрлі-түсті).
Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға куәліктерін айырбастау емтихан пунктіне куәліктердің түпнұсқалары мен олардың мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде расталған аудармасын, ішкі істер органдарында тіркелген жеке басты куәландыратын құжатты (паспорт, жеке куәлік) (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады) ұсыну негізінде, медициналық куәландырудан өткеннен кейін тракторшы-машинист куәлігін беру үшін мемлекеттік бажды төлегеннен және теориялық емтиханды тапсырғаннан кейін жүргізіледі.
Бұл ретте тракторшы-машинистің ұлттық куәлігінде рұқсат берілген машиналардың санаттарын жүргізуге құқық беретін және келу құжаттарының қолданылу мерзімінде  осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін куәлік беріледі. Тракторшы-машинистің ұлттық куәлігі емтихан пунктінде сақталады және иесінің өтініші бойынша бұрын берілген Қазақстан Республикасының куәлігін тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қайтарылып беріледі.
Шетел азаматтарында және азаматтығы жоқ адамдарда Қазақстан Республикасының тракторшы-машинист куәлігінің ұлттық куәлігі болмаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасында болу мерзімі алты айдан асатын болса, оларға жалпы негіздерде беріледі;
куәліктің телнұсқасын алу үшін:
себебін көрсете отырып, осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
медициналық анықтама; 
куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;
көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті); 
сот шешімінің негізінде куәліктерінен айырылғандардың арасында жоқ екендігі туралы ішкі істер органның анықтамасы.
Ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін куәлікті алып қойғаны немесе сот шешімінің негізінде айырылғаны анықталған жағдайда, телнұсқа беру жүргізілмейді, ол туралы жазбаша дәлелді бас тарту ұсынылады;

  1. порталға жүгінген кезде:

«А», «В» және «Г» санатты куәлік алу үшін:
осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтініш;
тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі ;
медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі; 
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;
жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын (арнайы оқу орындарын, кәсіптік орта оқу орындарын) «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген адамдарды қоспағанда, оқу ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының электрондық көшірмесі;
көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті)  (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);
«Б» және «Д» санатты куәлікті алу үшін қосымша: 
тиісті машиналарда алты айдан кем емес жалпы жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; 
ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде:
осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтініш;
тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;
медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі; 
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;
көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті)  (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);
куәліктің телнұсқасын алу үшін:
себебін көрсете отырып, осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтініш;
медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі; 
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;
көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті)   (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);
сот шешімінің негізінде куәліктерінен айырылғандардың арасында жоқ екендігі туралы ішкі істер органның анықтамасының электрондық көшірмесі. 
Ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін куәлікті алып қойғаны немесе сот шешімінің негізінде айырылғаны анықталған жағдайда, телнұсқа беру жүргізілмейді, ол туралы жазбаша дәлелді бас тарту ұсынылады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, мемлекеттік бажды төлеу туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде), бұрын берілген тракторшы-машинист куәлігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы қойылған белгі болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

 

Қызметті көрсету нәтижесі

  тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлікті (бұдан әрі – тракторшы-машинист куәлігі), куәліктің телнұсқасын беру, ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде.

 


Дата редактирования: 26 Мая 2016 12:11

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина