Қарағандыда
  • USD 384.87
  • EUR 432.52
  • RUB 6.11
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқ

Мемлекеттік қызмет паспорты



Мемлекеттік қызметтің атауы

Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Қызметті алушылар

Заңды және жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметті көрсету орны

«Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ,

Қызмет ақысы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы). 
Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен бюджетке мемлекеттік баж төлейді. 
Мемлекеттік баж мөлшері: 
1) машинаға техникалық паспорт бергені үшін – мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген 0,5 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
2) тіркеу (қайта тіркеу) үшін – 0,25 АЕК-ті;
3) машинаға мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін – 1 АЕК-ті құрайды.
Мемлекеттік бажды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті көрсету мерзімі

     1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 5 (бес) күн;  
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар

1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат, ал адамның өкілі үшін – оның өкілеттілігін растайтын құжат, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 
3) машинаны мемлекеттік тіркегені, қайта тіркегені немесе тіркеу құжатының телнұсқасын бергені үшін алымдардың төленгені туралы құжат;
4) шарттың (сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, қарыз) түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, соттың шешімі немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;
5) машинаның тіркеу құжаты және мемлекеттік нөмірлік белгісі үшін мемлекеттік баждардың төленгенін растайтын құжат;
6) жаңа және қолдан жасалған машиналарға немесе Қазақстан Республикасы аумағына әкелінген машиналарға арналған Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты немесе оның қауіпсіздік техникасының белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжат;
7) мемлекеттік кіріс органы куәландырған тауарға арналған декларацияның көшірмесі (машинаны шетелден сатып алған жағдайда).
Меншік иесінің немесе иеленушінің атынан тіркеу іс-қимылдарын өкiлдерi жүзеге асырған жағдайда, тіркеу пунктіне осы тармақта белгіленген құжаттармен бірге меншік иесiнiң немесе иеленушiнiң мүдделерін бiлдiру өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжаттар ұсынылады.
Егер, мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасында бұрын мемлекеттік тіркеуде болған машина ұсынылса, онда тіркеу пунктіне осы тармақта белгіленген құжаттармен бірге бұрынғы тіркеу құжаттары ұсынылады, алайда, аталған құжатты ұсынбау мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
Егер, тіркеу іс-қимылдары жүргізілетін машина ортақ меншікте болған жағдайда, тіркеу құжаттарында барлық меншік иелері көрсетiледi және құжаттар барлық меншік иелерінің атынан берiледi. Жеке тұлғаларды ортақ меншіктен шығаруға нотариалды куәландырылған мәміле негіз болып табылады.
Егер, меншік иелері 14 жасқа толмаған, кәмелеттік жасқа жетпеген азаматтар болса, олардың атынан тіркеу іс-қимылдарын туу туралы куәлікті ұсына отырып, ата-аналары (бала асырап алушылар) немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдары жасайды.
Меншік иелері 14-18 жастағы адамдар болған жағдайда, тіркеу іс-қимылдарын туу туралы куәлікті ұсына отырып, ата-аналарының (бала асырап алушылардың) немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жазбаша келісімімен осы адамдар жасайды.
Жеке және заңды тұлғалардың аукциондардан және сауда биржаларынан сатып алған машиналарын тіркеу пунктіне уәкілетті адамдардың қолымен және мөрімен расталған аукционның хаттамасы мен сатып алу-сату шарты ұсынылғаннан кейін жүргізіледі.
Меншік иелері болып табылмайтын тұлғаларға машиналарды мемлекеттік тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-қимылдарын жүзеге асыру үшін тіркеу іс-қимылдарының бастамашылары жеке және заңды тұлғаларға белгіленген құжаттармен бірге тіркеу пунктіне шарттардың (жалға беру, қосалқы жалға беру, лизинг, қосалқы лизинг, кепiл) және машинаны қабылдау-тапсыру актiсiнің түпнұсқасы мен көшірмесін немесе машинаны иелену құқығын растайтын өзге де құжатты ұсынады. Сондай-ақ, тіркеу іс-қимылдарының бастамашылары тиісті тіркеу іс-қимылдарын жасауға меншiк иесi (жеке тұлғалар үшін) немесе мөрмен расталған, заңды тұлғаның бірінші орынбасары (заңды тұлғалар үшін) қол қойған машина иесінің жазбаша келісімін ұсынады;
8) көлік құралдарына салық төленгенін растайтын құжат не көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат – жеке тұлғалар үшін.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі мемлекеттік қызметтің көрсетілуі үшін мынадай жағдайларды қоспағанда, машинаны ұсынады:
оның кәдеге жаратылуы (жарамсыз деп тану, есептен шығару);
машинаны тіркеу пунктіне қарап-тексеру үшін әкелуге кедергі келтіретін объективті мән-жайлар (сынуы, габариттері және (немесе) техникалық сипаттамалары мүмкіндік бермейді) болған кезде, машина тұрған жерде инженер-инспектор жасаған машинаны техникалық қарап-тексеру актісін ұсынуға жол беріледі, бұл ретте осы актінің қолданылу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.
2) портал арқылы жүгінген кезде:
осы стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтініш; 
машинаны тіркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. 
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы қойылған белгі болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Қызметті көрсету нәтижесі

тіркеу құжаттарын (телнұсқаларын) және мемлекеттік нөмірлік белгілерді беру.

 


Дата редактирования: 26 Мая 2016 12:16

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина