Қарағандыда
  • USD 386.44
  • EUR 428.37
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Ауыл шаруашылығы

2016 жылдың 1 жартыжылдығына Қарағанды қаласындағы ауыл шаруашылығының ағымдағы жағдайы

 

2016 жылдың 1 жартыжылдығында Қарағанды қаласы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 905,1 млн. теңгені құрады, ол 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 376,7 млн. теңгеге артық немесе 71,3%. Саланың нақты көлем индексі 111,1% құрады.

Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 251,0 млн. теңге немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 157,8,0%;

мал шаруашылығы – 653,6 млн. теңге немесе 182,0%.

Сонымен қатар, осы кезеңде ет, сүт және жұмыртқа өндірісінің оң динамикасы байқалды, яғни таза салмақта 547,5 тонна ет өндірілді, ол 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 119,3% құрады (жоспар – 463,4 тонна), 2153,7 тонна немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 110,3% сүт өндірілді (жоспар – 1971,1 тонна), 1199,2 мың дана жұмыртқа өндірілді, ол өткен жылдың көрсеткішінен 102,2% артық (жоспар – 1184,7 мың дана).

Осыған қоса, құс және мал басы 2015 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен жоғары:

- Ірі қара мал - 3891 бас (2015 жылға 100,7%).

- оның ішінде сиырлар -2205 бас (2015 жылға 101,4%).

- Қой және ешкі - 3870 бас (2015 жылға 115,2%),

- Шошқа - 388 бас (2015 жылға 121,3%).

- Жылқы - 348 бас (2015 жылдың көрсеткішінен 3,2 есе артық).

- Құстар- 22 127 бас (2015 жылға 100,9%).


Дата cоздания: 04 Августа 2016 10:44
Дата редактирования: 04 Августа 2016 10:48

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина