Қарағандыда
  • USD 383.01
  • EUR 430.12
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Спорт

Стадиондар:

Қарағанды қаласынна 2 стадион жұмыс істейді: 20000 орындық «Шахтер» мен 1500 орындық «Локомотив» стадиондары.

«Шахтер» стадионы 1958 жылы салынып, ашылды.

Мекенжайы: Қазақстан көшесі, 1.

«Шахтер» стадионы барлық тұрғындар санаты үшін дене шынықтыру және спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған, қаланың мәдени-спорттық орталығы болып табылады. Жоғары дәрежелі спортшылар мен бұқаралық спорт үшін оқу-жатығу базасы бар.  Онда қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар, сонымен қатар көрмелер мен концерттер өткізіліп тұрады.

«Шахтер» стадионының құрамында:

 

 

· Орталық арена: футбол алаңы, жеңіл атлетика секторлары мен жүгіру жолдары, 20000 орындық трибуна.

· Жасанды жөбі мен 3000 орындық трибунасы бар қосалқы алаң

· Ашық волейбол алаңдары

· Табиғи жабыны бар қосалқы алаң

· Теннис алаңдары

· Үстел теннисі залы

· Қонақ және киім ауыстыру бөлмелері

· Допинг-бақылау кабинеті

· Төрешілер шешінетін бөлмелер

· Ауыр атлетика, пауэрлифтинг пен бодибилдинг залы

· Бокс залы

· Жеңіл атлетикалық жабулы манеж

· Шайбалы және допты хоккей залы

· Велоспорт залы

· Конькимен жүгіру спорт залы

· Футбол залы

· Қалалық мұз айдыны

· Городки ойынына арналған алаң

· Медициналық кабинет

· Сауықтыру орталығы

«Локомотив» стадионы – Достық көшесі, 112б. (Сұрыптау)

1985 жылы іске қосылған.

Стадион құрамында:

· Жасанды жабыны бар футбол алаңы, жеңіл атлетикалық жолдар, секторлар, 1500 орындық трибуна

· Спорт залы, волейбол, баскетбол          

· 25-метрлік жүзу бассейні

· 15-метрлік жүзу бассейні

· Ауыр атлетика мен пауэрлифтинг залы

· Үстел теннисі залы

· 40 орындық қонақ үйі

· Жасөспірімдер клуб

· Тренажер залы

· Шешінетін бөлмелер

· Төрешілер бөлмелері

· Медициналық кабинет

· Кафе

Басқа спорттық ұйымдар

Қарағанды қаласында 23 мемлекеттік спорт мекемесі жұмыс істейді, соның ішінде 20 БЖСМ, Ә.Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, «Олимпиадалық резервті даярлау орталығы» КМҚК, жоғары спорт шеберлік мектебі. Сонымен қатар, қалада 17 спорт клубы, тұру орны бойынша 39 аула клубы, қызығушылыққа қарай 63 дене шынықтыру-сауықтыру клубы, спорт түрлері бойынша 20 астам федерация мен 4 кәсіби клуб жұмыс істейді.

Қарағанды қаласында келесі спорттық инфрақұрылым бар:

3 спорт Сарайы – Н. Әбдіров атындағы СС, «Ақжолтай» МСС, «Қарағанды Арена» МСС;

32 спорт кешені  («Дзюдо-Азия», «Жастар», «Баскетхолл», «Еңбек», «Тұлпар», Пришахтинсктегі  БЖСМ СК, «ВАСС Көмір», Костенко атындағы шахта және т.б.);

8 жүзу бассейні (ОСЖМ, Костенко атындағы шахта, ҚЗИ,  №77 ОМ, «Локомотив» стадионы, ОРДО,  Н.Әбдіров атындағы СС, «World class» фитнес клубы);

—  1 құрама командалардың оқу-жаттығу кешені (ОРДО);

—  198 спорт залы, олардың ішінде: 54 спорт Сарайлары мен кешендерінде, 102 орта мектептер мен интернаттарда, 14  в орта кәсіби оқу орындарында, 7 ЖОО, 8 спорт клубтарында, қызығушылыққа қарай клубтар мен БЖСМ, 13 қаланың мекемелері мен кәсіпорындарында;

—  3 жеңіл атлетика манежі;

—  51 шаңғы базасы;

—  15 ату тирі;

—  1 атыс алаңы;

—  26 теннис корты, олардың 7 жабулы;

—  133 бейстандарт спорт зал, көлемдері 18х9х5м кем;

—  44 хоккей корты;

271 жазықты спорт нысандары, қаланың шағын аудандары мен оқу мекемелерінде (спорт алаңдары, спорт ядролары, спорттық трасалар, алаңдар).


Дата cоздания: 25 Июля 2016 10:43
Дата редактирования: 08 Сентября 2016 10:28