Қарағандыда
  • USD 376.26
  • EUR 425.63
  • RUB 5.68
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Жұмысқа алу

ГлавнаяЖұмысқа алу

Атаулы әлеуметтік көмек

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) Заңның 2-бабының 1-2-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Қарағанды қалалық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ–не (бұдан әрі - Орталық) жүгінген кезде нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
       1) жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорт), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматының тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқынның куәлігі), ал оралмандарға – сәйкестендіру үшін оралман куәлігі;
      2) нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы мәліметтер;
       3) атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот нөмірі туралы мәліметтер;
      4)  баланың (балалардың) туу (қайтыс болғаны) туралы куәлігі;
      5) баланың туу туралы куәлігіндегі деректерге өтініш берушінің деректері сәйкес келмеген жағдайда некенің қиылуын (бұзылуын) тіркеу туралы куәлік;
      6) он сегізден жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағы адамдар орта, техникалық және кәсіби, ортаңғыдан кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғарғы оқу мекемелерінде күндізгі оқу нысанында оқитын болса нысан бойынша оқу орнынан жылына бір рет сұратылатын анықтама.
      Жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері мынадай құжаттарды қоса береді:
      1) нысан бойынша жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтініш;
      2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
      3) білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжат (бар болса).
      Орталықта ақпараттық жүйелерге қатынау болмаған немесе ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкессіз (жоқ) болған жағдайда өтініш беруші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен қоса:
      1) отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);
      2)  баланың (балалардың) туу (қайтыс болғаны) туралы куәлігі;
      3)  өтініш берушінің деректері бала туу туралы куәлігіндегі деректерге сәйкес келмеген жағдайда некені тіркеу (некені бұзу) туралы куәлігі;
     4) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе бала асырап алған жағдайда – қорғаншылық (қамқоршылық) немесе бала асырап алғанын растайтын құжат;
      5) мүгедектік белгіленген жағдайда – мүгедектік белгілеу туралы анықтама;
      6) жеке кәсіпкер статусын растайтын құжат.


Дата редактирования: 11 Қаңтар 2019