Қарағандыда
  • USD 389.98
  • EUR 434.01
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Туризм

Қарағанды қаласындағы туризм саласының

дамуы туралы ақпарат

 

Қарағанды қаласы индустриалды, мәдени және көпұлтты қала болып саналады, қала қонақтарына және туристтеріне келесі нысандарды ұсынады:

- өнеркәсіп нысандары:

(«Костенко»атындағы шахта, «Қарағанды конфеттері» АҚ, «Қарағанды-Нан Корпорациясы» ЖШС, «Евразиан Фудс» АҚ, «Эфес Казахстан» ЖК АҚ, «Борусан Макина Қазақстан» ЖК ЖШС және басты жылу-энерго көзі ТЭЦ-3 және т.б.).

- мұражай және көрме залдары:

(Қарағанды облыстық тарихи-өлкелік мұражайы, Бейнелеу өнерінің мұражайы, Қарағанды облысы экология мұражайы).

- тарихи және заманауи мәдениет ескерткіштері:

(ескерткіштер: А.Құнанбаевқа, С.Сейфуллинге, Б.Жырауға, Қәтпаевке, Н.Гогольға, В.И.Ленинге, Ю.А.Гагаринге, Мәңгілік алау мемориалы, Тәуелсіздік Стелласы, «Шахтерлер даңқы» монументі, «Где-где? В Караганде!» сөз тізбегінің ескерткіші және т.б.).

- ірі діни нысандар:

(Қарағанды облыстық мешіті, Әулие-Введен соборы, Аса қасиетті Дева Мария Фатимская Соборы, Православ шіркеуі (Қарағанды облысы Қарағанды және Шахтинск қалаларының епархиясы Приход Введен кафедралық соборы).

- ойын-сауық орталықтары:

(Кеншілер мәдениет сарайы, Сәкен Сейфуллин және С.Станиславский атындағы театрлар, «Шалқыма» концерт залы, «Ленин атындағы», «Сарырарқа», «Kinoplexx», «Ботагөз» және «Сарыжайлау» кинотеатрлары, Цирк және «Бегопарк» отбасылық демалыс орталығы, «Арман» және «Бумер» боулингтері және «City Mall» сауда-ойын-сауық орталығы).

- спорттық мекемелер, спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын жүргізуге арналған орталықтар:

(Н.Әбдіров атындағы спорт сарайы, теннис орталығы, С.Сапиев атындағы бокс сарайы, «Шахтер» стадионы, «Жастар» жеңілатлетика манежі, «Еңбек» спорт кешені, «World Class», «Aerofit Club», «Sportika KZ» фитнес-клубтары және т.б.).

Сонымен қатар, «Қарағанды қаласының аквопаркінде» жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылдың 1 мамырында ашылды.

Сондай-ақ, Қарағанды қаласы транзитті қала және облыстың маңызды көліктік түйіні болып табылады және туризм саласында қонақ үй қызметі мен демалыс және ойын-сауық қызметі дамыған.

Экономикалық көрсеткіштерге келсек, Қарағанды қаласында статистикалық мәліметтерге сәйкес 60 орналастыру орындары бар, соның ішінде 6 қонақ үй 4 жұлдызды.

2016 жылдың бірінші тоқсанында 2015 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда орналастыру орындары бойынша кейбір негізгі көрсеткіштердің өсуі байқалады:

- орналастыру орындары бойынша көрсетілген қызмет көлемі 1,5% өсті (2016 жылы 340 236,7 мың теңге, 2015 жылы 335 274,6 мың теңгені құрады).

- қызмет көрсетілген резидент еместер саны 9,2% өсті (2016ж. - 2146 адам, 2015 ж. – 1948 адам).

2016 жылдың 1 тоқсанында орналастыру орындары бойынша басқа көрсеткіштер 2015 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда біраз төмендеді:

- қызмет көрсетілген келушілер саны 19,5% азайды (22 612 адам – 2016г. және 28 091 адам – 2015ж.)

- ішкі туризмдегі қызмет көрсетілген келушілер (резиденттер) саны 21,7% азайды (2016 ж. – 20 466 адам, 2015 ж. – 26 143 адам);

- ұсынылған төсек-тәулік саны 42,9% төмендеді (2016ж. – 31 481 төсек-тәулік, 2015ж. - 55 140 төсек-тәулік).

Туризм саласындағы көрсеткіштер санының төмендеуінің негізгі себебі дүниежүзілік экономика дағдарысы салдарынан ұйымдар мен мекемелер іс сапарды оңтайландыруы болды.

Сонымен бірге, орналастыру орындары көрсеткіштерінің төмендеуінің тағы бір себебі қызмет тұтынушысының қонақ үйден жеке немесе жалға алған жылжымайтын мүлікті ұсынатын жеке кәсіпкерлерге ауысуы.

Тұтас алғанда, туризм саласының дамуы үшін қызмет көрсету орындары, орналастыру орындары және тамақтану орындарының ашылуы немесе жұмыс істеп тұрған нысандардың кеңейтілуі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Туризм саласындағы нысандарға мемлекеттік бизнесті қолдау бойынша құралдар ұсынылады.

Мысалы, «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында демалыс орындарының 13 жобасына қолдау көрсетілді және банктермен 2 млрд. 104 млн. теңгеден астам соммаға қаржыландырылыды, соның ішінде 1 жоба ағымдағы жылдың басынан («Турист» қонақ үйі).

Көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары жобаларға 354 жұмыс орынын сақтауға және 288 жаңа жұмыс орынын құруға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, қаламызда қызмет көрсету саласы жеке инвестициялардың көмегімен белсенді дамуда.

Мысалы, 2015 жылы «Империя», «Burger king», «KFC & Hardee’s» «Вок (Vogue)» мейрамханалары, «Miss Marie» қонақ үйі ашылды, сонымен қатар «Zuma» жаңа мейрамханасының ашылуымен «Космонавт» қонақ үй кешені кеңейтілді.

Нәтижесінде 2 млрд. теңге игерілді және 142 жаңа жұмыс орыны құрылды.

Бизнеске жан-жақты қолдау көрсету нәтижесінде ағымдағы жылдың аяғына дейін 3 қонақ үйдің ашылуы жоспарлауда:

- Гусева ЖК (жалпы сомма 80 млн. теңгені құрады, 7 жұмыс орынын, 19 бөлме, 19 төсек-тәулік құрылады),

- Шынкеев ЖК (жалпы сомма 300 млн. теңгені құрады, 50 жұмыс орынын, 30 бөлме, 30 төсек-тәулік құрылады),

- «Сенатор» ҚК (жалпы сомма 475 млн. теңгені құрады, 54 жұмыс орынын, 31 бөлме, 31 төсек-тәулік құрылады).

Айтылған нысандардың ашылуы орналастыру орындарының санын 70 дейін, бөлме санын 1643 дейін (төсек-тәулік саны 2442) өсуіне мүмкіндік береді және қосымша 111 жұмыс орны құрылады.

Қаланы дамытудың Бас жоспарына сәйкес, қала аудандарының нақтылы жоспарлау жобалары бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл қаладағы бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Өңделген нақтылы жоспарлау жобаларында қаланың одан әрі дамуы қарастырлған, соның ішінде жаңа ықшам аудандардың, бақтар, саябақтар, спорт ғимараттары, мәдени-көңіл көтеру нысандары, көлік жол айрақтары және туризм инфрақұрылымдары.

Қарағанды қаласының тұрғындары және қала қонақтары үшін маңызды мәдени-көңіл көтеру нысандарының бірі Орталық мәдениет және демалыс саябағы болып саналады.  

Бүгінгі таңда, Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағының құрылыс жобасы жасалды және бекітілді, ауданы 77,0 га.

Жоба аясында келесі атқарымдық аймақтар қарастырылыды:

- серуендеу аймағы;

- дене шынықтыру-сауықтандырыу;

- балаларға арналған ғылыми-білім беру;

- жағалау;

- аквапарк;

- балалар қаласы аймағы;

- ландшафты-серуендеу аумағы;

- аттракциондар аумағы.

Айтылған жоба жеке инвестициялар арқылы күрделі ғимараттардың құрылысын қарастырады, соның ішінде мейрамхана кешендері, спорттық-сауықтыру ғимараттар, аквапарк.

Тасымалдау ағынын және көлік коллапсын жеңілдету үшін 1А категориялы (6-жолақты, жылдам) солтүстік-шығыс айналма көлік жолының құрылысы жоспарлануда және құрылыс аясында транзитті көлік орындары және кемпингтік туризмнің дамуы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда, жобалық құжаттар өңделді,  44 км айналма жол құрылысы қарастырылды.

Құрылыстық үлгілер және ережелер жобаларына сәйкес әрбір 20 шақырым сайын демалыс орындарын орналастыру, сонымен қатар жол бойындағы кафе, АҚС.

Осы мақсатта, дүниежүзілік караванингтік туризм тәжірибесін есепке ала отырып, айналма жолдың құрылысы кезінде жол бойына демалыс орындарын және транзитті көлік орындарын орналастыру жоспарлануда. 


Дата cоздания: 25 Июля 2016 01:32
Дата редактирования: 25 Июля 2016 01:58