Қарағандыда
  • USD 378.38
  • EUR 431.05
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Бөлімнің паспорты

 «Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы №2/1 Қаулысының негізінде құрылған.

 

«Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ құрылымы Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы №5/22 Қаулысымен құрамы 4 бірлік – бөлім бастығы – 1бірлік, бас маман – 3 бірлік болып бекітілген.
«Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) туралы Ереже Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №4/1 Қаулысымен бекітілген.
Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген ретке сай шектеусіз қызмет мерзіміне құрылған және дене тәрбиесі мен спорт саласында қызмет атқару үшін ұйымдастыру-құқықтық мекеме түрінде құрылып, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мекеменің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене тәрбиесі және спорт туралы» Заңмен анықталады. Мекеменің өкілетті органы Қарағанды қаласының әкімдігі болып табылады.
Мекеменің мекен-жайы: индекс – 100000, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазақстан көшесі, 1. тел.: 412-215, факс – 426-731.
Мекеме қызметінің негізгі мақсаты - дене тәрбиесі және спорт (бұдан әрі - ДТжС) саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Мекеменің қызметі:
- өз құзырының көлемінде мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің және спорттық ұйымдардың ДТжС саласындағы қызметіне бағыт береді, өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады және әдістемелік көмек көрсетеді;
- қала аумағында бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерінің дамуына қолдау көрсетеді;
- ДТжС дамуының аймақтық бағдарламасын дайындауға және жүзеге асыруға қатысады, мақсатты бағдарламалар мен жобаларға бөлінетін қалалық бюджет қаржыларын бөлуге ұсыныстар жасап, олардың мақсатқа сай орындалуын қамтамасыз етеді;
- қала тұрғындарының барлық салалары арасында спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырып, өткізеді;
- балалар мен жеткіншектердің спорт мектептерінің, тұрғылықты жері бойынша спорттық және балалар-жасөспірімдер клубтарының санының өсуіне жағдайлар жасайды;
- ведомстволық статистикалық есепті жүзеге асырады, мемлекеттік және басқа да ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті мәліметтерді сұрастырады және алады;
- ДТжС қызметкерлерінің аттестациясын ұйымдастырады және өткізеді, Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңнамасына сәйкес біліктілік санаттарын тағайындайды, сонымен бірге біртұтас спорттық жіктеменің негізінде қаланың спорттық ұйымдарының сұранымдары бойынша спортшыларға спорттық разрядтар тағайындайды;
- қаланың құрама командаларының облыстық деңгейдегі жарыстарға дайындығын және қатысуын қамтамасыз етеді;
- қаланың мамандандырылған оқу-спорттық мекемелерінің қызметіне бағыт береді; 
- қалалық спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарын дайындайды, бекітеді және жүзеге асырады;
- талдау жүргізеді және қала Әкімін мәліметтермен қамтамасыз етеді, Қарағанды қаласы әкімдігінің тапсырмалары мен шешімдерін орындайды;
- коллегияларды, біліктілік комиссияларын, бағыт беруші және жаттықтырушылар кеңестерін құрады.
Спортты дамыту саласындағы негізгі мақсат – бұқаралық ДТжС одан әрі дамыту және қала спортшыларының облыстық, республикалық және халықаралық жарыс алаңдарында жоғары спорттық жетістіктерге жетуі болып табылады: 
- қала тұрғындарының барлық салаларын ДТжС жүйелі түрде шұғылдануға тарту;
- қаладағы спорттың материалды-техникалық қорын нығайту және одан әрі дамыту;
- ірі жарыстарда қаланың, облыстың және Қазақстан Республикасының атын лайықты деңгейде танытуға қабілетті спорттық резервті және әлемдік деңгейдегі спортшыларды дайындау.
Дене тәрбиесі саласындағы қызметтердің негізгі бағыттары:
- қалада денешынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлері мен ұлттық ойындарды дамыту;
- қала тұрғындарына ДТжС шұғылдану үшін жағдай жасау.

         Қарағанды қаласындағы ДТжС қазіргі кезеңдегі дамуына жасалған талдау төмендегіні көрсетеді:
I. Спорт ғимараттары:
2009 жылдың 1 қаңтарына алғанда қалада түрлі иеліктегі 701 спорт ғимараты жұмыс істейді:
18000 көрерменге арналған 1 стадион («Шахтер» орталық стадионы);
2 спорт сарайы – Н.Әбдіров атындағы спорт сарайы және «Ақжолтай» мұзды спорт сарайы;
25 спорт кешені («Дзюдо-Азия», «Еңбек», «Тұлпар», «Васс Көмір» және т.б.);
6 жүзу бассейні;
184 стандартқа сай көлемдегі спорт залы, олардың 45-і спорт кешендері мен спорт Сарайларында орналасқан, 99-ы жалпы білім беретін мекемелерде, 14-і арнайы орта оқу орындарында, 7-і жоғарғы оқу орындарында, 13-і қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінде, 7-і балалар-жасөспірімдердің спорт мектептері мен спорт клубтарында орналасқан;
4 жеңілатлетикалық манеж;
51 шаңғы базасы;
47 ату тирі;
1 ату орыны (стрельбище);
18 теннис корты, оның 4-і жабық;
көлемі 18х9х5м. аз 93 стандартқа сай емес спорт залдары;
12 хоккей корты;
255 жазық спорт ғимараттары (спорт алаңдары, спорт ядролары, спорттық трассалар, алаңдар);
3 боулинг;
10 бильярд орталығы.
2002 жылмен салыстырғанда қаладағы спорт ғимараттарының саны 8%-ға өсті: 7 спорт кешені, орта мектептерде 4 спорт залы, жасанды жабулы 2 стандартқа сай футбол алаңы, «Менің аулам» бағдарламасы бойынша жасанды жабулы 9 стандартқа сай емес футбол алаңы және қаланың шағын аудандарында 20 спорт алаңдары салынды.
II. ДТжС шұғылданушылар саны:
Қаланың орта мектептерінде – 54735 адам, кәсіби мектептерде – 4550 адам, арнайы орта оқу орындарында – 12226 адам, жоғарғы оқу орындарында – 20684 адам, кәсіпорындар мен ұйымдарда – 26250 адам, тұрғылықты жері бойынша аула клубтарында – 3049 адам, қызығушылық бойынша денешынықтыру-сауықтыру клубтарында – 4600 адам, кәсіби клубтарда – 68 адам, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде – 9139 адам, спортқа дарында балалардың мектеп-интернатында – 285 адам. Қарағанды қаласында дене тәрбиесі және спортпен белсенді және тұрақты шұғылданатын адамдардың жалпы саны – 135586 адам.
2005 жылмен салыстырғанда ДТжС шұғылданушылар саны 2006 жылы 2,2% -ға, 2004 жылмен салыстырғанда – 8,0%-ға, 2003 жылмен салыстырғанда – 12,3%-ға, 2002 жылмен салыстырғанда – 13,5%-ға өсті.
III. Қарағанды қаласының ДТжС бөлімі өткізетін шаралар:
2008 жылы ««Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ спорттың алуан түрінен 220 шара өткізді, оларға қала тұрғындарының түрлі салаларынан 24,5 мыңға тарта адам қатысты. Спорттық шаралардың басым көпшілігі балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілді. Қаланың аула клубтары арасындағы спорттың 13 түрін қамтыған Спартакиада, жалпы білім беретін мектептердің Спартакиадасы, кәсіби мектептер мен колледждердің Спартакиадалары дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Қаланың өндірістік кәсіпорындары мен ұйымдарының командалары арасындағы спорттық ойын түрлерінен өткізілетін турнирлер үлкен қызығушылық туғызуда. Спорт түрлері федерацияларымен және қаланың балалар-жасөспірімдер спорт мектептерімен бірлесе ұлттық, олимпиадалық, техникалық спорт түрлерін дамытуға байланысты жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Спорттың 51 түрі бойынша жарыстар өткізіліп, оларға қала тұрғындарының барлық салалары қатысты. Мүгедектерге оңалту мақсатында бөлім күшімен  мүгедектер арасында қалалық жарыстар өткізіліп тұрады. 2008 жыл бойы бөлім күшімен мүгедектер арасында 13 спорттық жарыс өткізілді: көз зақымына байланысты мүгедек-спортшылар арасында шахматтан, дойбыдан және тоғызқұмалақтан наурыз және қазан айларында қалалық жарыстар, наурызда және желтоқсанда – тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедектер арасында волейболдан жарыстар, наурызда және желтоқсанда – суда жүзуден жарыстар, мамырда – «Спешиал Олимпикс Қазақстан» бағдарламасы бойынша ұлдар мен қыздар арасында шағын футболдан ашық қалалық жарыстар, қыркүйек айында – жеіл атлетика бойынша қалалық жарыстар, қарашада – мүмкіншіліктері шектелген балалар мен жастардың IV Фестивалі бағдарламасындағы армрестлинг және үстел теннисі  бойынша жарыстар өткізілді.
Бөлім күшімен өткізілетін шаралар саны жылдан-жылға өсуде: 2002 жылы – 108, 2003 жылы – 115, 2004 жылы – 118, 2005 жылы – 130, 2006 жылы – 147, 2007 жылы – 203. Осы шараларға қатысушылардың саны: 2002 жылы – 10200 адам, 2003 жылы – 11800 адам, 2004 жылы – 13500 адам, 2005 жылы – 15000 адам, 2006 жылы – 20 мыңға жуық адам, 2007 жылы – 22500 адам.
IV. Спорттың материалды-техникалық қорын нығайту:
«Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансында бірде-бір спорт ғимаратының, бірде-бір спорт мектебінің болмауына байланысты, біз тек жеке иеліктегі немесе ДТжС Басқармасының қарамағындағы спорт ғимараттарының құрылысы бойынша ғана мысалдар келтіре аламыз. 2002-2008 жылдар аралығында қалада жекеменшік ұйымдардың күшімен сауықтыру жаттығуларын өткізуге арналған қажетті құралдармен жабдықталған спорт кешендері салынды, атап айтсақ – «Еңбек» спорт кешені, «Миттал Стил» көмір департаментінің теннис орталығы, «Бушидо», «Гигант» спорт кешендері, олимпиадалық резервтің дайындық орталығының тренажер залы мен жүзу бассейні (ДТжС басқармасы), орталық саябақтағы қысқы спорт түрлері мектебінің шаңғы базасы, 2006-2008 жылдары «Менің аулам» бағдарламасы бойынша салынған шағын аудандардағы 25 спорт алаңы, ҚарМТУ мен №64 мектептегі спорттық ядролары салынды; облыстық жүзу мектебінің жүзу бассейні күрделі жөндеуден өткізілді.
Облыстық ДТжС Басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 2009 жылы ескі әуежай төңіреңіндегі техникалық спорт түрлері мектебінің кешенінің құрылысы, облыстық спорт мектептерінің әкімшілігінің орналасуы үшін Пичугин көшесіндегі 235/2 ғимараттың жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс; 2010-2011 жылдарыы – дәрігерлік-денешынықтыру диспансерінің және облыстық ДТжС Басқармасының спорт кешенінің салынуы күтілуде. 

 


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина