Қарағандыда
  • USD 383.01
  • EUR 430.12
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Жұмыс регламенті

 Бөлімнің жұмыс кестесі:
                                    
                                          
- дүйсенбі: сағат 9.00-ден 10.00-ге дейін – бөлім аппаратының жиналысы;
сағат 10.00-12.00 – спорт түрлері бойынша федерациялармен және БЖС мектептерімен жұмыс, өткен аптада өткізілген іс-шаралар бойынша есепті құжаттарды дайындау; сағат 12.00-13.00 – кіріс іс-қағаздарын қарастыру; сағат 14.00-16.00 – кіріс іс-қағаздарына жауаптар дайындау, бас төрешілердің есптері бойынша жұмыс; сағат 16.00-17.00 – өткен аптада атқарылған жұмыс қорытындысы; сағат 17.00-18.00 – қала әкімдігіндегі кеңейтілген аппараттық жиналысқа және тікелей басқарушы әкім орынбасарына мәліметтер дайындау.
- сейсенбі: сағат 9.00-12.00 – облыстық ДТжС басқармасындағы әр апта сайын өткізілетін жиналысқа қатысу; сағат 10.00-12.00 – қала әкімдігіндегі аппарат жиналысына қатысу; сағат 12.00-13.00 – бөлім аппаратының жиналысы – жоғарыда аталған жиналыстар туралы мәлімет және талқылау; сағат 14.00-17.00 – алдағы аптаға жоспарланған шаралардың бас төрешілерімен жұмыс; сағат 17.00-18.00 – жоғарыдағы мекемелерге есеп, ақпарат дайындау бойынша жұмыс.
- сәрсенбі: сағат 9.00-10.00 – кіріс іс-қағаздарды қарастыру; сағат 10.00-12.00 – қалада өткізілетін спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарының орындалуы жөнінде қаланың спорттық ұйымдарымен жұмыс; сағат 12.00-13.00 – шараларды өткізуге қажетті құжаттамалық қағаздарды дайындау; сағат 14.00-17.00 – спорт ғимараттары және қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі шаралар бойынша ақпараттар қорын жинақтау; сағат 17.00-18.00 – спорт шаралары бойынша төрешілер алқаларының отырыстарын өткізу; сағат 17.00-18.00 – бөлім бастығының азаматтарды қабылдауы.
- бейсенбі: сағат 9.00-11.00 – бөлімнің қаржы қызметіне байланысты құжаттарды дайындау; сағат 11.00-13.00 – спорт шаралары бойынша есеп құжаттарын рәсімдеу жөнінде бас төрешілермен жұмыс; сағат 14.00-16.00 – кіріс іс-қағаздарына жауаптар, мәліметтер дайындау; сағат 16.00-18.00 – қаланың спорт түрлері бойынша федерацияларымен, БЖС мектептерінің әдіскерлерімен оқу ісі бойынша орынбасарларымен жұмыс; сағат 17.00-18.00 – дене тәрбиесі және спорт қызметкерлеріне спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын тағайындау жөніндегі комиссияның жұмысы.
- жұма: сағат 9.00-10.00 – бөлімнің демалыс күндері спорт шараларын ұйымдастыруы бойынша жиналыс; сағат 10.00-12.00 – спорт шаралары бойынша құжаттарды дайындау; сағат 12.00-13.00 – спорт шараларының салтанатты ашылуын өткізу; сағат 14.00-18.00 – спорт шаралары бойынша төрешілер алқаларының отырыстарын өткізу.
- сенбі-жексенбі: сағат 10.00-16.00 – спорт түрлері бойынша шаралар өткізу, жарыстырдың жабылуы, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау.         


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35