Қарағандыда
  • USD 383.01
  • EUR 430.12
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

2014 жылы атқарылған жұмыс бойынша есеп

«Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2014 жыл бойынша Қарағанды қаласының әлеуметтік—экономикалық дамуы бойынша төмендегі ақпарат ұсынады.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес есепті кезеңде бөлім күшімен 255 спорттық-бұқаралық шара өткізілді (2013 жылдың сәйкес мерзімінде 245 шара өткізілген болатын). 2014 жылдың ішінде бөлім өткізген жарыстарға қатысушылардың жалпы саны - әр түрлі жастағы 33510 адам. (2013 жылдың сәйкес мерзімінде – 32100 адам қатысты). Жалпы 2015 жыл бойы 265 спорттық-бұқаралық шара өткізу жоспарланған.    Қаңтар – 18 шара, 1347 адам. «Жастар» спорт кешенінде футболдан 2002ж. туған жасөспірімдер арасында «Новогодние каникулы» дәстүрлі қалалық турнирі өткізілді, Павлодар қаласынан «Иртыш» командасы женімпаз боп шықты, балалар мен жеткіншектер сарайында белсенді шахмат (рапид) бойынша Қарағанды қаласы Кубогының бірінші турнирі өткізілді. 21 қантарында «Шахтер» ОС мұз айдынында «Спешиал Олимпикс» бағдарлама бойынша, мүмкіндіктері шектелген балалар мен жастар арасында коньки спортынан ашық қалалық жарыстар,  24 қаңтар күні күрес түрлері бойынша «Дәулет» мектебінде Балуан Шолақтын 150 жылдығына арналған 1996-97 ж.т. жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ашық Біріншілігі өткізілді. 25-26 қаңтары күндері арасында 1997-98, 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақ күресінен ашық Біріншілігі өтті. «Жас-Сұнқар», «Дәулет» мектептері және Қарағанды облысының барлық аудандарының спортшылары қатысты. Жалпы 220 адам қатысты.
28 -30 қаңтары күндері Н.Әбдіров атындағы СК 1998-99,96-97, 95 ж.т. қыздар арасында бокстан ашық қалалық Біріншілігі өткізілген. 61 адам қатысты.
Қарағанды қаласы құрама командаларының облыс қалалары арасындағы дәстүрлі XІ қысқы «Ақ қыс-2014» Спартакиадасында сапалы және сәтті өнер көрсетулері үшін бөлім күшімен 7-8 қаңтар күндері Жаңа Өзен к. шанғы жолында шаңғымен жүгіруден, 17-18 қаңтар күндері «Шахтер» стадионында коньки спортынан, ал 4-5, 25-26 қаңтар күндері №137 ОМ спорт залында және «Железнодорожников» МҮ шаңғы жолында қысқы Президенттік көпсайыстан қалалық жарыстар өткізілді.
Ақпан: 30  шара өткізіліп, оларға 3179 адам қатысты. Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы баскетбол және волейболдан мектеп оқушыларының Спартакиада бағдарламасында ақтық жарыстары, Онтүстік-Шығыс тау-шаңғы базасында шаңғы туризм техникасы бойынша ашық қалалық жарыстары, коньки тебу спорты бойынша қала Біріншілігі, С.Сапиев атындағы бокс орталығында спорттық биден Ашық Чемпионаты, «Шаңғышылар аптасы» бағдарлама бойынша мектеп оқушыларының, ЖОО және колледж студенттерінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың арасында шаңғы эстафетасынан ашық Біріншілігі, әскери самбодан Қарағанды қаласының Біріншілігі, Қарағанды қаласының колледж студенттерінің  арасында үстел теннисінен және тоғызқұмалақтан жарыстары өткізілді. 22 ақпан күні жасөспірімдер мен қыздар арасында Дайдо Джуку Кудо бойынша ашық қалалық Чемпионаты өткізілді  және т.б.
Наурыз: 33 шара, 3525 адам. Мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері, кәсіпорындар мен мекемелер, және ардагерлер арасында шаңғы жүгіруден маусымның жабылуы, жылтыр қармаққа мұздан спорттық балық аулаудан қала Кубогі өтті. Жеңіл атлетикадан жалпы білім беру мектебінің оқушыларының командалары арасында жеңіл атлетикадан қала Кубогі өтіп, жарысқа 167 оқушы қатысты, олардың 80 қыз, 87 жасөспірім (15 ер және 14 қыздар командасы). Мектеп оқушылардың арасында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы еске алу пневматикалық мылтықтан ату бойынша 16 дәстүрлі жарыстар өтті, Н.Әбдіров атындағы СК бокс залында1996-97 ж.т. жасөспірімдер мен қыздар арасында кикбоксингтен қала Біріншілігі өтті. Ай ағымда №5 ОМ спорт залында «Мектеп лигасы» бағдарламасында 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары балалар жасөспірімдер мен қыздар арасында волейболдан ақтық жарыстар өтті.
Сәуір: 24шара, 3850 адам. 5-6, 7-8, 9-11 сынып мектеп оқушыларының «Мектептік лига» бағдарламасында жасөспірімдер мен қыздар арасында шағын футболдан ақтық жарыстар өткізіліп, оның ішінде 513 мектеп оқушылары қатысты. 4 сәуірінде «Жастар» спорт кешенінде жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасында қазақ күресінен қалалық турнирі өтті. Ай бойы келесі шаралар өткізілген: қол жекпе жегінен Қарағанды қ. Біріншілігі,  ерлер арасында бильярд спорты бойынша қалалық турнирі, мүгедектер арасында жүзуден қалалық Біріншілігі, аула клубтарының дәстүрлі XІІ Спартакиадасы бағдарламасында мылтық атудан жарыстар , колледж студенттер арасында волейболдан қалалық жарыстар, жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен турнірі. 24-25 сәуірі гимнастика бойынша БЖС мектебінің спорт залында спорттық гимнастикадан Қарағанды қаласының  қалалық Чемпионаты өткізілді. 26-27 сәуірі күндері орталық мәдениет және демалыс саябағында  мектеп оқушылары, кәсіптік лицейлер оқушылары, жоғары оқу орындарының және колледждер студенттері, кәсіпорындар мен мекемелер командалары, ардагерлер арасында қалалық дәстүрлі көктемгі жеңілатлетикалық кроссы өтті.
Мамыр: 20 шара өткізіліп, 3968 адам қатысты. Ұлдар мен қыздар арасында қол добынан турнир өткізіліп, 132 адам қатысты, «Жастар» СК әскери самбодан Біріншілігі өтті.  5-6 мамырында 2002-2003, 2004-2005 ж.т. қыздар мен ұлдар арасында жүзуден қала Біріншілігі өткізілді. «Локомотив» стадионында мектеп оқушылары арасындағы Президенттік көпсайыстың жазғы түрлері бойынша  мектеп оқушыларының Спартакиада бағдарламасында жарыстары, №61 ОМ спорт алаңында  10-11, 12-13 жастағы жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп» клубының жүлдесі үшін  жарыстар өткізілді. 14-15 мамырда мүмкіншіліктері шектеулі балалар мен жастар арасында VІ дәстүрлі  «Игры доброй воли» жарыстары өтті. Ұлы Жеңіс күніне арналған бильярд спорты, үстел теннис және дойбыдан жарыстары өткізілді.
Маусым: 21 шара, 4576 адам. Келесі шаралар өткізілді: 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан қала Біріншілігі, Назарбаев зияткерлік мектебінің футбол алаңында Қарағанды қаласының құрметті азаматы Шаймерден Оразалиновтың жүлдесі үшін  2000-2001 ж.т мектеп оқушылары арасында қалалық турнир,  аула клубтарының XІІ Спартакиадасы бағдарламасында жасөспірімдер мен қыздар командалары арасында стритболдан аймақтық пен ақтық жарыстары,  парашют спорты бойынша ашық қала Чемпионаты, нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес Халықаралық күніне арналған  роликті коньки бойынша қалалық жарыстар. «Баскетхолл» дене шынықтыру- сауықтыру кешенінде кәсіпорындар командалары арасында волейболдан қалалық турнир, «Менің Отаным – Қазақстан» қалалық экспидиция кезеңінің шегінде спорттық туризм  бойынша 1994-99 ж.т. командалары арасында жарыстары өткізілді.
Шілде: 15 шара, 1230 адам. 1-2 шілде шаңғыроллермен жүгіруден қалалық жарыстар, Қарқаралы қ. манындағы спорттық құзға өрмелеуден қала Біріншілігі өткізілді. Аула клубтарының ХІІ Спартакиадасы бағдарламасында туристік көпсайыс бойынша аймақтық пен ақтық жарыстар, велосипед спорты бойынша қала Біріншілігі,  1979 дж.т. және одан да үлкен кәсіпорындар мен мекемелер ерлер командалары арасында шағын футболдан қалалық турнирі. Астана күніне арналған стритбол, шағын футбол, дойбы және судағы туризм техникасы бойынша жарыстар өткізілді.
Тамыз:  2985 қала спортшысының қатысуымен 29 шара Қазақстан Республикасының Спорт, Конституция және Шахтер Күндеріне арналып, өтті.
Қазақстан Республикасының Спорт Күніне арналып, 22-23 тамызда ардагерлер арасында шағын футболдан ашық қалалық жарыстар; 18-19 тамызда 2001 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан қала Біріншілігі; 24 тамызда қоян-қолтық шайқастан қала Біріншілігі; «Аула футбол лигасы» атты Октябрь ауданының жасөспірімдер командалары арасында турнирлер, орталық саябақта дөңгелекті конькиден жарыс, 17 тамызда Ертіс-Қарағанды гидроканалында спорттық балық аулаудан жеке командалық Чемпионат өткізілді.
Шахтер Күніне арналған 30 тамыздағы бөлім шаралары «Арселор Миттал» АҚ КД «Шахтер» спорт клубымен біріге отырып, Костенко атындағы шахта, «ВАСС-Көмір», БЖС, Н.Әбдіров атындағы спорт сарайының алаңдарында ұйымдастырылды. Жарыстар волейбол, стритбол, үстел теннисі, дойбы және тоғызқұмалақтан өткізілді.
Қазақстан Республикасының Конституция Күніне арналып, гандболдан қала Біріншілігі, «Спешиал Олимпикс» бағдарламасы бойынша спортшы-мүгедектер арасында жеңіл атлетикадан қалалық турнир өтті.
Қарағанды қаласының 80-жылдығына арналған Қарағанды облысының қалалары арасындағы «Арай – 2014» ІХ жазғы Спартакиадасына сапалы дайындалып, сәтті өнер көрсету мақсатында Қарағанды қаласының ДТжС бөлімі тамыздың 7-13 аралығында 13 спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізді.
Үстіміздегі жылдың 15-16 тамызында ең ірі шаралардың бірі – Қарағанды облысының қалалары арасындағы «Арай - 2014» ІХ дәстүрле Спартакиадасы өтіп, оған 13 спорт түрлері бойынша қалалардың құрама командалары қатысты.
Спартакиада нәтижелері бойынша Қарағанды қаласының құрама командасы жеңімпаз атанды. Жақсы нәтиже көрсетіп, табан тірескен күресте Қарағанды қаласының құрама командасы І жалпы командалық орынды жеңіп алды. Қарағанды қаласы 13 спорт түрінің 8 жеңіп, екі түрінен ІІ, үш түрінен ІІІ орынға ие болды.
Қыркүйек: 24 шара өткізіліп, оларға 3160 адам қатысты. Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегіндегі Қарағанды қ. «Денсаулық фестивалі» «Белсенді ұзақ өмірмен жүз жылдықты тойлайық!» ұранымен өтті. Осы шара жыл сайын 1999 жылдан бастап өтіп жатыр.
«Денсаулық фестивалі-2014» акциясы аясында Қарағанды қ. спорт бөлімі үстел тенис, стритбол, роликті коньки және шаңғыроллермен жүгіруден спорттық шаралар өткізілді. Қыркүйектің 2-6 аралығында  «Шахтер» стадионы мен «Қарағанды Арена» МСС шағын футбол алаңдарында «Аула футбол Лигасы» атты қалалық турнирдің ақтық мәресі өткізілді. Бұл жарыс Қазыбек би мен Октябрь аудандары жеңімпаз және жүлдегер командаларының арасында 2000-2002 ж.т., 1997-99 ж.т., 1996 ж.т. және одан үлкен үш жастық санатта өтті. Жалпы қатысушылар саны – 347 адам.
13 қыркүйегінде «Шахтер» стадионында Отбасы күніне арналған отбасы командалар арасында «Менің спорттық отбасым» эстафеталар өткізілді. 14 отбасы командалар қатысты.
Ай бойы аула клубтарының Спартакиада бағдарламасында шағын-футболдан жарыстары өткізілді. Жарыстар қаланың мектептерінің спорт алаңдарында өтті. 400 жасөспірімдер қатысты.
27-28 қыркүйегі аралығында орталық саябағында мектеп оқушылары, ЖОО және колледж студенттері, кәсіпорындар мен мекемелер және ардагерлер арасында «Алтын Күз» жеңілатлетикалық кроссы өтті.
Қазан: 15 шара өткізіліп 2685 адам қатысты. Велосипед спорты бойынша «Спорттық маусымның жабылуы» ашық Біріншілігі,  «Студенттік Лига» бағдарламасында үстел теннис, волейбол, шағын-футбол және баскетболдан қала Чемпионаты, жүзу, грек-рим күресінен қала Біріншілігі өткізілді. Мұғалім күніне арналған «Ардагер-2012» ҚБҚ  мен білім бөлімінің командалары арасында шахмат бойынша матчтық кездесу ұйымдастырылды. 
23-26 қазаны аралығында КСРО спорт шебері Г.И. Чащевойды еске алуға арналған қол добынан ашық қалалық турнирі өтті.
Аула клубтарының ХІІ Спартакиада бағдарламасындап «Асық ату» және дартс бойынша жарыст өткізілді.
  Теміртау қаласында «Огни Магнитки» халықаралық турнирінің қарсанында қаланың құрама командасымен дзюдо күресінен оқу-жаттығу жиындары өткізілді.
Қараша. 13 шара өткізіліп, оларға 1675 адам қатысты. Оның ішінде: теміршарды лақтырудан Г.Р.Майерді еске алуға арналған Қарағанды қаласының Біріншілігі,  1998-1999 ж.т. жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен қала Біріншілігі,  кәсіпорындар мен мекемелердің ерлер командалары арасында волейболдан қалалық турнир, көркем гимнастикадан  Қарағанды қаласының  Чемпионаты,  классикалық шахматтан қала Чемпионаты, баскетболдан Еуразиялық Олимпиадалық аптасына арналған  «Спешиал Олимпикс» бағдарлама бойынша ашық қалалық жарыстар және т.б.
Желтоқсан:14 шара өткізіліп, оларға 1243 адам қатысты. 5-7, 12-14 желтоқсан күндері аралығында кәсіпорындар мен мекемелер арасында Тнғыш Президент күніне арналған шағын-футболдан қалалық турнир өткізіліп оған 70 адам қатысты, жасөспірімдер мен қыздар арасында бадминтоннан Біріншілігі өткізілді. Аула клубтарының ХІІ Спартакиада бағдарламасында тоғызқұмалақтан аймақтық пен ақтық жарыстары, 14 желтоқсан күні жасөспірімдер арасында қоян қолтық шайқастан  қала Біріншілігі, коньки спортынан қалалық жарыстары, Теміртау-Қарағанды жаңа жыл алдындағы жартылай марафоны,  28-29 желтоқсаны аралығында Жаңа Өзен кентінің шаңғы жолында щаңғы жүгіруден жарыстары, «Студенттік Лига» бағдарламасында шағын-футбол, волейбол, баскетбол және үстел теннистен жарыстары өткізілді. 
Есепті кезең бойы бөлім жанында спорттық дәрежелер мен дене тәрбиесі және спорт қызметкерлеріне біліктілік санаттарын тағайындау комиссиясы өз жұмысын жалғастырды. Құжаттар қаралып,  бірінші санат 4 жаттықтырушы-мұғалімге, бірінші санат 5 нұсқаушы-әдіскерге, бірінші санат 10 спорт бойынша төрешіге, қаланың 279 спортшысына І разряд және 197 спортшысына СШҮ (ҚР спорт шеберлігіне үміткер)   атақтарын тағайындау жөніндегі құжаттар қарастырылып, спорт разрядтарын тағайындау үшін облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасына жөнелтілді. Бөлімде құжаттар қаралып қаланың 52 жаттықтырушы-мұғалімге жоғары біліктілік деңгейдегі екінші санат, екінші санат 13 нұсқаушы-әдіскерге,  32 спорт бойынша төрешіге,  3191 спортшысына І-ІІІ  жасөспірімдік дәрежелері, 977 спортшыға II және III спорт дәрежелері тағайындалды.
Жыл нәтижесі бойынша, қаладағы 5480 спорт секциясында дене тәрбиесі және спортпен 144437 адам айналысады, тұрғындардың жалпы санынан – 29,5% (2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда – 139451 адам – 29,1%).
«Дене тәрбиесі және спортпен айналысатын тұрғындар үлесі» көрсеткіші бойынша өсу қарқыны - 101,4%.
Бөлім жұмысының 2015 жылға арналған Жоспарында:
1. Спорттық-бұқаралық шаралардың сапалы әрі уақытылы өткізілуін қамтамасыз ету;
2. Спорттық-бұқаралық шаралар мен оларға қатысушылардың саны бойынша жоспарды орындау;
3. Қарағанды қаласының тұрғындарын ДТжС белсенді айналысуына тарту бойынша жұмыстар жүргізу және 2015 жылдың нәтижесі бойынша ДТжС шұғылданатындар санын 30,0 % дейін жетуін қамтамасыз ету;
4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша МЕҰ арналған жобаларға уақытылы конкурстар өткізу;
5. 2015 жылдың нәтижесі бойынша 100% бюджеттік қаражатты игеру.

 


Дата редактирования: 02 Июля 2018 09:17