Қарағандыда
  • USD 383.43
  • EUR 432.47
  • RUB 6.12
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Бөлімнің төлқұжаты

 1. Жалпы ережелер

1.1. «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі - Мекеме) қаладағы атқарушы органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді.  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына және бөлу балансына сәйкес құрылыс саласында «Қарағанды қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқық қабылдаушы болып табылады. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 09 қаңтардағы №2/1 қаулысы және осы ереже мекеменің құрылтайлық құжаттамасы болып табылады.
1.2. Мекеме өз құзіретінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметінің актілерін, осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Мекеменің мемлекеттік тілде толық атауы: «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел строительства города Караганды». 
1.4. Мекеме өз қызметін Қарағанды қаласы әкімдігі басшылығымен іске асырады, оған есеп береді және қала әкімдігі тысқары жүргізуіне жататын шешімдерді қабылдауға құқықсыз.
Қандайда өзгертулермен толықтырулар аталған ережеге мекеме қурылтайшылардың шешімімен еңгізіледі. 
1.5. Мекеме заңды тұлға болып табылады, жеке балансы, заңдылықтарға сәйкес банктерде есеп шоттары, мемлекеттік тілінде өз атауларымен мөрлері, штамптары және бланкілері болады.
1.6. Мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.
1.7. Мекеме өз құзіреті мәселесі бойынша нақтыланған заң тәртібінде мекеме қызметшілері үшін міндетті күші бар бұйрық түріндегі актілерді шығарады.
1.8. Мекеменің құрылымы және шекті штаттық саны Қарағанды қаласы әкімдігімен бекітіледі.
1.9. Мекеме жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
1.10. Мекеменің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, пошталық индексі №100000, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34.

2. Мекеменің қызметі және міндеттері

2.1.  Мекеменің негізгі қызметтері мыналар болып табылады:
2.1.1. жергілікті бюджеттен, облыстық бюджеттен бөлінетін ресми трансферттерден, облыстық бюджеттен бөлінетін несиелерден қаржыландырылатын тұрғын үй құрылысы, білім беру, мәдениет, спорт, жылуэнергетикалық жүйелердің нысандары, көркейту, жобалау-іздестіру, конструкторлық және технологиялық жұмыстары бойынша Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;
2.1.2. қалалық деңгейде тұрғын үй құрылысы, білім беру, мәдениет, спорт, жылуэнергетикалық жүйелері нысандары, көркейту, жобалау-іздестіру, конструкторлық және технологиялық жұмыстары бойынша құрылыс жұмыстардың бірыңғай ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші болып табылады; 
2.1.3. қалалық деңгейде жергілікті бюджеттік-инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесінің сараптамасын және жетілдіруін ұйымдастыру;
2.1.4. қажетті шығындарға бөлінетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қоры және жергілікті атқарушы органның қоры есебінен іс-шараларды өткізуді, табиғи және техногендік түрдегі төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше қоры, жергілікті атқарушы органның төтенше қоры есебінен іс-шараларды өткізуді, жергілікті атқарушы орган есебінен іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету;
2.1.7. мамандандырылған мердігерлік құрылыс ұйымдардың, құрылыс бойынша атқарылған жұмыстың сапасына техникалық қадағалаудың, осы мақсатқа бөлінген бюджеттік қаржылардың үнемді, мақсатпен жұмсалуының қызметін бағыттаумен байланысты жұмыстар кешенін жүзеге асыру;
2.1.6. Сот және даулы мәселелерде қарауды қоса, ведомстволық аумағында құрылыс қызметі жөніндегі барлық мәселелерде қала әкімдігі мүддесін қорғайды;
2.2.  Мекеменің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
2.2.1. колданыстағы Заңнамаға және шарттарға сәйкес мердігер ұйымдардың құрылыс-монтаждық жұмыстарын өткізу бағытында құрылыс бойынша бақылауды іске асыру;
2.2.2. мемлекеттік қаржыларды жоспарлау мен реттеуге қатысады, жобалау-ісдестіру жұмыстарына, мәдени-әлеуметтік, коммуналдық белгілеу нысандардың құрылысына және ипотекалық несиелендіру қаржылары есебінен бөлінетін тұрғын үй құрылысына қала бюджеттің құрылуы кезіндегі ұсыныстар енгізеді;
2.2.3. жобалау, құрылыс, құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүргізуге арналған конкурстарды жүргізу жөніндегі құжаттаманы дайындау;
2.2.4. жергілікті бюджет, облыстық бюджеттен бөлінетін ресми трансферттер, облыстық бюджет есебінен бөлінетін несиелер есебінен салынған нысаналарға, құрылыстарға қайта құру жұмыстарын жүргізіп, техникалық бақылауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру;
2.2.5. құрылысты дамытуының жоспарларын жетілдіру;
2.2.6. төтенше жағдайлардан сақатандыру  және коммуналды меншік нысандарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ТЖ органдарымен келісіліп жетілдірілген іс-шаралар өткізу бағытына бақылау жүргізу;
2.2.7. Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызмет бабындағы хат жазысуларды жүргізу.

3. Мекеменің құқығы
3.1. Мекеменің заңнамаға сәйкес құқығы бар:
3.1.1. белгілі бір тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, меншік   нысанына тәуелсіз лауазымды тұлғалардан Мекемеге жүктелген қызметтерді және міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды сұрап-қабылдауға;

      1. Мекемеге жүктелген қызметке және міндеттерге сәйкес өткізілетін шараларды іске асыру үшін басқа мекемелердің және ұйымдардың қызметкерлерін, олардың басшыларының келісімімен іске жұмылдыру туралы ұсыныс білдіреді;
      2. белгілі тәртіпте Мекеме жанынан мамандар арасынан сарапшы топтар,   жалпылық кеңестер құруға;
      3. өз құзіретіне жататын мәселелерді шешу бойынша қалалық Мәслихатқа және қала әкімдігінің қарауына енгізуге;
      4. құрылыс нормасымен ережесінен, жобадан және техникалық талаптардан және құрылыс саласындағы басқа нормативтерден тыс орындалған мердігер ұйымдарының жұмыс өндірісін тоқтатуға, жіберілген   ақауларды қалпына келтіруді талап етуге.
      5. Мемлекеттік тапсырыс конкурстарының жеңімпазы атанған ұйымдармен азаматтық-құқықтық қатынасқа кіру.

4. Мекеме мүлігі

4.1. Мекеме мүлігі мемлекеттік меншігі болып табылады және оған жедел басқару құқығына тиесілі.
Мекеме мүлігі негізгі қорлар, айналымдағы қаржылардан және басқа мүміктен құрылады, оның құны Мекеменің балансында көрсетіледі.
4.2. Мекемеге бекітіліп берілген мүліктер коммуналды меншікке жатады.
4.3. Мекеме өзіне бекітілген мүлікке өз бетімен таратуға және басқа амалмен басқаруға құқығы жоқ.
Мекемеге Қазақстан Республикасы заңында нақтыланған жағдайда ғана мүлікті басқаруға құқық беріледі.

5. Мекеме қызметін ұйымдастыру

5.1. Мекемені Қарағанды қаласының әкімі өкімімен қызметке тағайындалып және қызметтен босатылатын бастық басқарады. Мекеме бастығының бұйрығымен қызметке тағайындалып, қызметтен босатылатын бастықтың орынбасары болады.
5.2. Мемлекеттік мекеменің бастығы мемлекеттік мекеме қызметін ұйымдастырып, жүргізеді, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалысы және өз міндетін атқаруда жауапкершілікте болады.
Бұл мақсатта Мекеме бастығы:

      1. Мекеме қызметкерлердің міндеттері мен лауазымдарын анықтайды;

5.2.2.Мекеменің барлық қызметкерлерімен орындалатын өз құзіретінде міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      1. бекітілген құрылым, сандық және шығын сметасы шеңберінде Мекеменің штаттық кестесін бекітеді;
      2. Мекеменің құрылымдық бөлімшелер туралы ережені бекітеді;
      3. заңнамаға сәйкес бос лауазымға мекеме қызметкерлерін штаттық  кестеге сәйкес тағайындайды және босатады;
      4. бекітілген заң тәртібінде Мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
      5. құжаттардың орындалуын іске асырады және ұйымдастырады, олардың сақталуына жауапты болады;

5.2.8. белгіленген заң тәртібінде қызметкерлерді материалдық көмекті іске асырады;
5.2.9. қолданыстағы заңға сәйкес Мекемені өз құзіретінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға таныстырады; 
5.2.10. өз құзіретіне жататын басқа мәселер бойынша шешімдерді қабылдайды.
5.3. Мекемемен қабылданған бұйрықтарға бастық қол қояды.
5.4. Мекеменің бұйрықтары, оның құзіретіне жататын мәселелер бойынша барлық қызметкерлермен орындау үшін міндетті болып табылады.
5.5. Бастық болмаған жағдайда оның міндетін, өзіне Мекеме бастығымен жүктелген Мекеме қызметін үйлестіретін және басқа міндеттерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің бастығы атқарады.

6. Мекемені қайта құру және тарату

6.1. Мекемені тарату және қайта құру Қазақстан Республикасы   заңдылықтарына сәйкес жүргізіледі.

 


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35