Қарағандыда
  • USD 379.86
  • EUR 422.97
  • RUB 5.85
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

«Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі»
 мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

1. «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңының талаптарына сәйкес әзірленді және құндылықтар мен моральдық бағдарлар жүйесін құру жолымен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалына қол жеткізуге бағытталған.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ.
3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдардың (іс-әрекет) қағидалары.
3.1. Құқықтар мен заңды мүдделерді іске асыру кезінде:
- кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға не кез келген әрекеттерге жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактілерін тоқтату;
- сыбайлас жемқорлық көріністеріне негізсіз жария айып тағылған кезде осындай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оның теріске шығару жөнінде заңда көзделген барлық шараларды қолдану;
- өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде заңдылықты, адалдықты, тұрақтылықты және айқындылықты сақтау қағидаттарына негізделген, құқықтық мәдениетті қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дәйекті ақпарат бойынша өкілетті органдарға хабарлауға бағытталған барлық қажетті шараларды қолдану;
3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:
- өз іс-әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеу. Мұндай фактілер анықталған жағдайда оларды жою бойынша заңда көзделген барлық шараларды қолдану;
- жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбау;
- мүдделер қақтығысын болдырмауға шаралар қолдану.
3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде.
- алдыңғы себептер туғызатын сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға қабылданатын ішкі құжаттарға талдау мен сараптама жүргізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және бұрын қабылданған ішкі құжаттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу. Оларда сыбайлас жемқорлық факторларының бар болуы анықталған жағдайда оларды жоюға шаралар қолдану.
3.4. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:
Бағынышты қызметкерлермен қарым- қатынастағы басшыларға ұсынылады:
- өзінің мінез-құлқының турашылдығымен, әділдігімен, адал ниеттілігімен, адалдығымен, тұрақтылығымен үлгі көрсету;
- олардың қызметінің нәтижелерін бағалау сондай-ақ көтермелеу және жаза шараларын қолдану кезінде әділдік және объективтілік таныту;
- қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;
- құқыққа қарсы іс-әрекеттерді сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сыйыспайтын әрекеттер жасауға мәжбүрлемеу.
Басшыларымен қарым-қатынастағы бағыныштыларға ұсынылады:
- тапсырмаларды орындау кезінде тек объективті және дәйекті мәліметтерді ұсыну, басқа да қызметкерлер, контрагенттер немесе өзге де тұлғалар әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық туралы өздеріне мәлім болған жағдайда басшылықты дереу хабардар ету;
- басшылыққа қатысты жеке басына берілгендік, олардың лауазымдық мүмкіндіктер есебінен пайда мен артықшылық алуға ұмтылу көріністеріне жол бермеу.
4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар: Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген қызметтерді іске асыру;
- жақын туыстары мен жекжаттарының, ерлі-зайыптылардың бірлескен қызмет (жұмыс) жасауына жол бермеу;
- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми жариялауға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпараттарды пайдалану;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттігін орындалуына байланысты сыйлықтар қабылдау.


Дата cоздания: 03 Августа 2017 13:17
Дата редактирования: 03 Августа 2017 13:19

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина