Қарағандыда
  • USD 378.83
  • EUR 430.99
  • RUB 6.04
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Бөлімінің төлқұжаты

 «Қарағанды қаласының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеменің қызметтері мен міндеттері

    • Қарағанды қаласы аумағында мемлекеттік сәулет және қалақұрылысы саясатын жүргізу;
    • Заңмен белгіленген тәртіппен бекітілген қаланың бас жоспарын, қарағанды қаласы аумағын қалақұрылыстық ж жоспарлаудың кешенді сұлбасын (жоспарлау жобасын) жүзеге асыру қызметін үйлестіру;
    • Нысандар мен кешендерді орналастыру жөнінде жергілікті атқару органдарына ұсыныстарды, сонымен қатар сәулет және қала құрылысы мен жеңілдетілген түрдегі (сауда шатырлдары, дүңгіршектер, жарнамалық қондырғылар және қызмет көрсетудің басқа нысандары)  құрылыстарын орналастыру, көгалдандыру, құрылыс салуды жоспарлау саласында қала әкімдігі қабылдайтын құқықтық актілердің ұсыныстары мен негіздемелерінің құжаттарын әзірлеу;
    • Қолданыстағы заңнамаларға, Қарағанды қаласының бас жоспраына және басқа да қала құрылыстық құжаттарға және басқа қала құрылысы құжаттарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жер телімін  беру туралы өтініштеріне тұжырым беру, қызметтік міндеттердің тиісті орындалуына жауапты болдады;
    • Қала құрылысы құжаттарының уақытында өңделуі мен дайындалуын ұйымдастыру;
    • Қала аумағының инженерлік қамтамасыз ету және құрылысының ережелерін әзірлеу үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асыру;
    • Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасының құрамында қала құрылысы құжаттарының әзірленуін ұйымдастыру;
    • Пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тіртіппен қабылдау және тіркеу жөнңндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
    • Қолданыстағы заңнамалармен белгіленген тәртіппен өз қызметініңсаласы бойынша бөлім атына немесе  қала әкімінің, оның орынбасарларының және қала әкімі аппараты басшысының тікелей тапсырмасын түсетіе жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытында қарастырып, жауаптарын әзірлеу;
    • Қала аумағында сәулет-құрылысын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган қызметіне көмек көрсету;
    • Қаланың коммуналдық меншігін қалыптастыруға, сонымен қатароны қорғап, ұстап тұру шараларын өткізуге қатысу;
    • Бюджетті қалыптастыру және оны игерілуі жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру, мемлекеттік мекеме атқаратын жұмыс саласына жататын әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау;
    • Жоспарланған құрылыс туралы немесе басқа қала құрылысындағы өзгерістер туралы қала халқын ақпараттандырып тұру;
    • Инженерлік желілердің жобаларын Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келістіру;
    • Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамаларына және нормативтік құқықтық  актілеріне сәйкес жер телімдеріне, ғимараттарға (құрылымдарға) реттік номерін беру талаптарын жүзеге асыру;
    • Сыбайлас жемқорлыққа жол  ашатын іс-әрекеттерге қарсы бағытталаған іс-шараларды өз құзырлығы шегінде жүзеге асыру, тиісті іс-шараларды әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік және қалалық іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету;
    • Қарағанды қаласы әкімі аппаратында,ы іс жүргізу нұсқаулығына сәйкес құжат айналымының жүргізілуін қамтамасыз ету;
    • Іс бойынша тарап ретінде қатысқан азаматтық сот істеріне мониторинг жүргізу, сонымен қатар сотқа талап-арыз беру себептерін анықтау мақсатында берілген іс мәліметтеріне талдау ждасауды жүзеге асырып, ақпарат пен тиісті ұсынымды қала әкіміне ұсыну;
    • Бюжеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде бюджеттік бағдарламалардың  жүзеге асырылу мен нәтиже қорытындысын негіздеу, жоспарлау жұмыстарына жауапкершілік атқарады;
    • Қолданыстағы белгіленген заңнамалар тәртібімен әзірленетін Қарағанды қаласы әкімі және әкімдігінің құқықтық және нлормативтік-құқықтық актілерінің заңнамаларға және әкімшілік рәсімдеріне сәйкес болуына жауапкершілік атқарады;
    • Құрылыс салу және аумақтағы  басқа да қала құрылысын игеру үшін жер телімдерін таңдауға, беруге, ал заңнамалармен қарастырылған жағдайда мемлекет қажеттілігіне қайтаруға қала әкімдігі шешімін қабылдау үшін ұсыныстар дайындайды;
    • Инженерлік жүйе мен көлік жолдары торабын, ғимараттар құрылысын салу, техникалық қайта салу, жаңғырту, қайта құрылысын құру, кеңейту, жаңарту, сонымен қатар аумақтың инженерлік дайындғын, көгалдандырылуы мен аббатандырылуы туралы әкімдік шешімдерін қабылдауға ұсыныстар дайындайды;
    • Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын дайындау;
    • Қала айналасының түр-түсіне, шағын сәулеттік нысандарына, сәулеттік композтциясына, қаланы безендіру элементтеріне, жарнамалық стационарлық орналастыру нысандарына сараптама жасау және Қарағанды қаласы әкіміне тиісті ұсыным беру;
    • Өз бетімен немесе бекітілген қала құрылысы құжаттарын, құрылыс жобаларын, рұқсатнамалық құжаттарды, техникалық шарттарды бұзып, кешендер мен нысандар құрылысын салу деректері анықталғанда, кінәлі тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік, ал Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс заңнамаларын, құрылыс нормалары мен ережелерін, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларын бұзуда, заңда қарастырылған қылмыстық жауапкершілік қолдануды қарастыру үшін өкілетті органдарға матеиралдар дайындап, жолдайды;
    • Барлық сәулеттік-құрылыс және басқада сәулет, қала құрылысы және құрылысы қызметі субъектілерімен жасалған құжаттамаларды Қарағанды қаласы аумағында жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келістіру;
    • Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі барлық мәселелер бойынша қала аумағында, оның ішінде сот ісінде және даулы мәмелелерде қоса, қарастырғанда қала әкімі мен әкімдігінің мүддесін қорғау;
    • Қарағанды қаласы әкімі мен әкімдігінің тапсырмаларын, шешімдерін, тапсырыстарын мүлтіксіз орындау үшін шаралар қарастыру;
    • Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
    • Заңнамаларға сәйкес мемлекеттік мекеме құзырлығындағы қабылдануға ұсынылған құқықтық, нормативті-құқықтық актілерді әзірлеу және дайындау жұмыстарын жоспралау;
    • Ағымдағы кезеңде әкімдік және мемлекеттік мекемелермен қабылданған құқытық актілердің заңды екенін және қолданыста болуы оның маңызды екенін тексеру;
    • Қызмет көрсету мен жұмысты мемлекеттік сатып алу келісім – шарттарының орындалуына, бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуіне мониторинг және бақылау жасауды қамтамасыз ету;
    • Прокурорлық шағылысу актілерін (қадағалау органдарының актілерін) қарастыру, оған жауап дайындап, сонымен қатар мониторинг пен талдау жүргізу, олардың қорытындысы бойынша анықталған құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін қала әкіміне тоқсан сайын ұсыным енгізу;
    • Келісім-шарт арқылы жұмыс жасауды әрдайым жетілдіру;
    • «Қарағанды қаласының қала құрылысы кадастрлық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарда базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуін ұйымдастыру;
    • Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Коммуналдық мемлекеттік құрылымдық кәсіпорындардың жұмысын ұйымдастыруды және бақылау жүргізуді жүзеге асыру;
    • Сәулеттік-жобалау тапсырмасын бұзушылықпен орындаған, бекітілген қалақұрылыстық құжаттама, Қарағанды қаласы аумағында құрылыс салу ережелерін, сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы Құрылыстық нормалар мен ережелер және басқа да нормативті-құқықтық актілерін, лицензиялау міндеттерін, сондай-ақ инженерлік ізденістер материалдарын қолдауынсыз әзірлеген жобаларды, жобалық құжаттаманы келісуден дәлелді түрде бас тарту;
    • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кейіннен кәдеге жарату нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлік объектілерінің жоғы (көшіру) туралы құжат (анықтама) береді.

 


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина