Қарағандыда
  • USD 379.19
  • EUR 426.63
  • RUB 5.92
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына,Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы «Қарағанды қаласы атқарушы органдарының құрылымы және штат санының лимиттері туралы» №12/02, 2016 жылғы 30 наурыздағы «Мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» № 13/44 және 2016 жылғы                             16 мамырдағы «Мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы №13/44 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» №20/36қаулыларына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қоса берілген құрылымы және ережесі бекітілсін.
  2. «Қарағанды қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №15/73 қаулысының күші жойылсын.
  3. Өткізу актісі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімініңорынбасары А.Қ. Жұмекеновқа жүктелсін.

 

 

Қала әкімі                                                                                                                                    Н. Әубәкіров

 

 

 

«Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»мемлекеттік мекемесі – Қарағанды қаласының тұрғын үй қорын басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 

2. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясынажәне заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідей бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Егер «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»мемлекеттік мекемесінезаңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан  азаматтық-құқықтық қатынастардыңтарапы болуға құқығы бар.

6. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен«Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысыныңбұйрықтарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетіншешімдер қабылдайды.

7. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8.  Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100012, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39.

9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілінде – «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде– государственное учреждение «Отдел жилищных отношений города Караганды».

10. Осы Ереже «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі»мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

12. Егер «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметтіжүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер Республикалық бюждеттіңкірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік мекеменіңмиссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

                                                                       

13. Миссиясы:

1) қаланың тұрғын үй қорын басқару, жеңілдік санатындағы азаматтарды тұрғын  үймен қамтамасыз ету;

2) көп пәтерлі үйлердегі және үйдің маңындағы аумақта үй-жай иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына, көп пәтерлі үйлерді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға; тұрғын үйлерде энергияны және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

14. Міндеттері:

1) азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

2) жекешелендіру шарттарын жасау;

3) тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асыру.

15.Функциялары:

1)  қаланың мемлекеттік тұрғын үй қорын жедел басқару;

2) қаланың мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау;

3) қаланың мемлекеттік тұрғын үй қорына түгендеу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу;

4) белгіленген тәртіпте тұрғын үй жайды алу үшін жалдау шартын жасау және беру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін ордерлер, жалдау, жекешелендіру шартының төлқұжаттарын беру; 

5) тұрғын үй жағдайын жақсартуды талап ететін азаматтардың есебі жағдайын талдау және сәйкес ұсыныстарды қала әкіміне қарауға ұсыну;

6) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтарды кезекке қою;

7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтардың бөлек тізімдерін жүргізу;

8) иесіз тастанды пәтерлерді сот тәртібімен Қарағанды қаласының коммуналдық меншігіне беру;

9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге құқығынан айырылған тұлғаларды сот тәртібімен растау;

10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңсыз тұрып жатқан азаматтарды шығару;

11) өз құзыреті аясында ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы электрондық қызметтерді пайдалану заңнамасына сәйкес қолдану.

12) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

13) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезенділіктерін және кезежтілігін айқындау;

14) кондоминиум объектісінің басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;

15) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу бойынша өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16) авариялық және ескірген тұрғын үйлерді бұзып алу

17) кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау

18) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;

19) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау;

20) кондоминиум объектісінің үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөнінде есептің бар-жоғын тексеру жатады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) облыс, қала, аудандар әкімдерінің аппараттарында және мекемелерде өткізілген отырыстар, мәжілістер, шараларға қатысу;

2) кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелерден өзіне жүктелген  міндеттерді орындауға қажетті ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдарды сұрату және алу;

3) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызметтік хат алмасу;

4) қала аумағында орналасқан ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындардың басшыларын проблемалық мәселелерді шешуге қатыстыру;

5) «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастарыбөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжілістерді шақыру;

6) «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанында комиссиялар, кеңес беру және қоғамдық кеңестер, сараптамалық топтарды белгіленген тәртіпте құру;

7) қолданыстағы заңнама аясында азаматтарды кезекке қою және тұрғын үй ауданын ұсынуға қажетті мәліметтер мен құжаттарды талап ету;

8) «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыреті аясында заңнамаға сәйкес қабылдауға болжамданған нормативтік – құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіруді жоспарлау;

9) қаланың тұрғын үй қорын сақтау және қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу;

10) бюджетті қалыптастыру және іске асыру қызметін орындау, мемлекеттік мекеменің жүргізуіне қатысты саладағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау;

11) мемлекеттік сатып алу және қызмет көрсету шарттарын орындау, соның ішінде бөлінген бюджеттік қаражатты игеру үшін тұрақты бақылау және мониторингті қамтамасыз ету;

12) шарттық жұмыстарды тұрақты іске асыру;

13) өзінің құзыреті аясында қадағалау органдарының нормативтік-құқықтық актілерін қарастыру, бұзушылықты болдырмау және құқықтық актілер ұсыныстарына сәйкес жауаптарды дайындау;

14) Қарағанды қаласы әкімінің, әкімдігінің тапсырмаларын тиісті орындамау үшін жауапкершілік және орындау;

15) өз құзыреті аясында мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

16) талап етуші және жауап беруші ретінде сотқа талап өтініштер беру;

17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзу жөніндегі жағдайларды анықтаған кезде ордерлерді, шарттарды, құқық бекітетін құжаттарды ресімдеуді және беруді тоқтату;

18) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтардан құжат қабылдау;

19) қаланың тұрғын үй қорын күтіп ұстау жән қорғау бойынша шаралар жүрзігу;

20) азаматтармен тұрғын жайларды жекешелендіруге шарттар жасау;

21) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдалануды және қолдануды бақылау;

22) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді беру үшін азаматтардың тұрғын үй жайларын тексеру;

23) бос тұрған, иесіз пәтерлерді тексеріс өткізу бойынша анықтау;

24) мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру, қала ішіндегі жекешелендірілген тұрғын үйдің есебін жүргізу, жекешелендіру шартының және ордерлердің төлқұжаттарын беру; 

25) Қарағанды қаласы әкімдігінің тұрғын үй беру туралы, қызметтік тұрғын үй беру, пәтерді жатақхана, қызметтік есебінен шығару туралы, қызметтік пәтерге теңестірілген тұрғын үй беру туралы қаулы жобаларын әкімдік отырысына енгізу және дайындау;

26) «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіҚазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

27) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;

28) тексеру жүргізу кезінде кез-келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысананы жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;

29) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 43-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы қызметіне кандидатура ұсынуға;

30)заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы тұрғын үй заңнамасының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қоюға;

31) тексеруді «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасынның 2011 жылғы 6 қантардағы Заңына сәйкес жүргізуге;

32)тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

33) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;

34) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;

35) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерінің бұзылуың жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамаларды шығаруға міндетті;

36)тұрғын үйлерді, үй маңындағы аумақты күтіп-ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормавтивтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады,  сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындағы, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді, үй маңындағы аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді;

37)субъектілер тарапынан құрылымдардың нормативтік беріктілігіне және инженерлік желілердің тұрақты қызмет етуіне қауіп төндіретін немесе адамдардың қауіпсіз мекендеуіне қауіп төндіретін тұрғын ғимараттардың басқа да бүлінуіне әкеп соғатын болжалады бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шараларды жүзеге асырады;

38) «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекемені құру мақсатына және мәніне жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

39) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:

1) кондоминиум объектісінде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;

2) тұрғын үйлерде үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспатардың болуына;

3) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп-ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;

4)тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

5) қабылданған шешімдерді және аңықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;

6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстын сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.

 

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

 

18.«Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және ашық функцияларын жүзеге асыруғадербес жауапты болатын, «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарағанды қаласының әкімі тағайындайды және жұмыстан шығарады.

20. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз жұмыс істейді;

2) Барлық ұйымдарда «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

3) заңнамамен бекітілген шекте мүлікке билік жүргізеді:

4) шарттар жасайды;

5) сенімхаттар береді;

6) барлық қызметкерлерге міндетті бұйрықтар шығарады және  тапсырмалар береді;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  қызметкерлері тағайындайды және қызметтен босатады;

8) «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  қызметкерлеріне тәртіптік жазалау және ынталандыру шараларын қолданады;

9) «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің және өз орынбасарының (орынбасарларының) өкілеттік шеңбері мен міндетін анықтайды;

10) «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелерін бекітеді;

11) заңнамамен осы Ереже және өкілетті органдармен жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

«Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысыжұмыс орнында болмаған кезде басшылықты оның орынбасары жүргізеді.

22. Бірінші басшы өзорынбасарының өкілеттіктерінқолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

 

 23. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамамен қарастырылған жағдайлардағы мүлікке шұғыл басқару құқығы бар.

24. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесіберген мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансына көрсетілген өз қызметінің салдарынан алынған мүліктер (ақшалай қаражатты қосқанда) өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік Республикалық коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атына бекітілген мүліктен өз еркімен немесе басқа әдіспен, қаржыландыру жоспары бойынша берілген, қаражатқа сатып алынған мүлікті өз бетімен беруге құқы жоқ.

 

 

5. Мемлекеттік мекеменің қайта ұйымдастыру және тарату

 

27. «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

                     


Дата редактирования: 07 Апреля 2017 11:20

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина