Қарағандыда
  • USD 379.86
  • EUR 422.97
  • RUB 5.85
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

СТАНДАРТ

«Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ-нің
(ұйымның атауы)
жемқорлыққа қарсы стандарты

Осы жемқорлыққа қарсы стандарт «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ-нің қызметінде жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу және оның қызметкерлерінің арасында жемқорлық жағдайларына мүлдем төзбеушілікті   жоғарылату мақсатында әзірленген.
1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқару.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ
3. Ерекше қоғамдық қатынас саласында жұмыс істейтін тұлғалардың тәртіп (іс-әрекет) қағидалары:

3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде міндетті:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес  заңнама қағидаларын басшылыққа алу;
2. Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу;
3. азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен оларды қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте, мерзімде қарау және қажетті шаралар қолдану;
4. мемлекеттік қызметтер және өзге де рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру барысында көзделмеген құжаттардың сұралуына, яғни әртүрлі төрешілдікке (бюрократияға) жол бермеу;
5. лауазымдық өкілеттіліктерін орындау барысында саяси партиялар мен қоғамдық және діни қауымдастықтардың қызметтерінен тәуелсіздік және бейтараптық таныта білу;
6. нормативтік-құқықтық актілерде сәйкес келмеу және әртүрлі түсініктемелер анықталған жағдайда,  нормативтік құқықтық актіні дайындаған құзіретті органға дереу хабарлау;
7. халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тұтынушысы ретінде сұраныстарына толығымен бағдарлана отырып, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қолдану;
8. лауазымдық өкілеттіліктерін орындау барысында, ҚР Заңдарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жеке өмірі және ар-намысын қозғайтын мәліметтерді жария етпеу және олардан мұндай ақпарат беруді мұқтаждамау;
9. мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу бойынша шаралар қолдану;

3.2. өз құзіреті аясында басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде міндетті:
1. мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу, ал туындаған жағдайда  заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қолдану.
2. бақылау және өзге де шараларды жүргізу барысында шешім шығаруды талап еткен жағдайда, сұрақтарды объективті, заңға сәйкес шешім қабылдау.
3. мемлекеттік қызметкердің құзырына кіретін шешім шығару кезінде, өзімен заңда көрсетілген міндеттерін орындауына қатысты ешқандай материалдық игіліктер, қызмет атқарулар және өзге де артықшылықтар қабылдамау;
4. өз өкілдіктерін берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес атқару;
5. көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша жасырындық сақтау және қызметтік, коммерциялық сырды қамтамасыз ету;
6. қызметтік міндеттерді атқару барысында жеке және заңды тұлғалардың қалауына бас имеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;
7. еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген міндеттерін тиімді пайдалану;
8.  қызметтік міндеттерін адал, алалықсыз және сапалы атқару;
9. жұмыс уақытын тиімді пайдалану.

3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға ұсыныс беру кезінде міндетті:
1. нормативтік құқықтық актілерге ұсыныс беру кезінде ҚР 2016 жылғы   6 сәуірдегі №480-V ҚРЗ «Құқықтық актілер туралы» заңын қатаң ұстану;
2. мемлекеттік қызметті «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуін қарастыратын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын келісу мерзімдерін реттейтін заңаманың бұзылуына жол бермеу; 
3. нормативтік құқықтық актілердің жобалары белгісіз орта тұлғалары және нақты жеке тұлғаларға назарына айналуы қажет.

3.4 тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым қатынастар кезінде міндетті:
1. мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмысына бөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төтеп беру.
2. заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қателіктер мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;
3. іскерлік әдеп пен ресми тәртіп ережелерін сақтау;
4. басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылығын болдырмау немесе бетін қайтару бойынша шаралар қолдану;
5. ұжымда, әріптестердің ар намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан ұстану;
6. басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және тексерілген ақпараттар ұсыну.

4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар
1) егер мемлекеттік қызметкер жемқорлық туралы ақпаратқа ие болған жағдайда, ол, осындай құқық бұзушылықтардың алдын-алу және тоқтату үшін шаралар қолдануы қажет, сонымен қатар жоғары тұрған басшылығын, сол жұмыс жасайтын мемлекеттік орган басшылығын, құзіретті мемлекеттік органдарды хат жүзінде ақпараттандыру. Мемлекеттік қызметкер аталған тұлғаларды және органдарды, оның басқа тұлғаларды жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға итермелегені жөнінде хат жүзінде дереу ақпараттандыруы қажет;
2) мемлекеттік функцияларын атқаруға үйлеспейтін қызметтер және кәсіпкерлік қызмет атқаруға;
3) жеке және заңды тұлғалардан лауазымдық қызметін атқарғаны үшін сыйақы алуға (сыйлық, ақшалай сыйлық, қызмет көрсетулер, ойын сауық, демалыс, көлік шығынын төлеу және өзге де сыйақылар);
4) лауазымдық құзіреттілігін және оған қатысты мүмкіншіліктерді өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін қолдануға құқығы жоқ.


 


Дата cоздания: 12 Февраля 2018 12:24
Дата редактирования: 12 Февраля 2018 12:25

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина