Қарағандыда
  • USD 383.01
  • EUR 430.12
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Бірінші басшылардың өмірбаяндары

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімі

Кожухов Мейрам Муратович – Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімі.
1972 жылы 7 қарашада Қарағанды облысының Саран қаласында туған.  Білімі жоғары.
1991 жылы «Пластмасс және резинаны өңдеу зауытын жабдықтау» мамандығы бойынша Қарағанды химия – технологиялық техникумын бітіріп «техник-механик» біліктілігін алды.
2004 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірді, біліктілігі - заңгер.
2008 жылы «Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қалалық шаруашылық» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірді. Біліктілігі - инженер.
2015 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірді. Біліктілігі – экономика және бизнес бакалавры.
1992 жылғы қыркүйектен 1994 жылғы қаңтар аралығында «МК-ЛЮКС» ЖШС атқарушы директоры болып істеді.
1999 жылғы қаңтардан 2001 жылғы наурызға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
2001 жылғы наурыздан 2005 жылғы ақпанға дейін - Саран қаласының мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы.
2005 жылғы ақпаннан 2005 жылғы маусымға дейін «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ меңгерушісінің міндетін атқарды.
2005 жылғы маусымнан 2010 жылғы шілдеге дейін Ақтас поселкесінің әкімі.
2010 жылғы шілдеден 2018 жылғы шілдеге дейін Саран қаласы әкімінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көлік және байланыс, құрылыс және жер қатынастары жөніндегі орынбасары міндетін атқарды.
2012 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың қазан айы бойынша Саран қаласы әкімінің міндетін атқарды.
2018 жылдың 18 шілдеден Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің лауазымына тағайындалды.
Үйленген, екі ұл баласы бар.

 

Әкімнің орынбасарлары

Әбдақалықов Сәтпек Мәулітбекұлы – Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары. 1976 жылдың 19 наурызында Қарағанды қаласында дүниеге келді. Ұлты-қазақ. Екі жоғарғы білімі бар. 1998 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін ақпараттық жүйелер бойынша инженер мамандығын бітірді.2005 жылы Қарағанды «Болашақ»  актуальді білім институтын заңгер мамандығы бойынша бітірді.
            Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды қаласында ҚР МН НН физиология және гигиена институтының өнеркәсіптік гигиена лабороториясының инженер – программисті болып бастады. 1999 жылдың жылдың тамызында мемлекеттік қызметке түсті, Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімі аппаратының аймақтық  бөлімнің бас маманы болып қызмет атқарды. 2002 жылдан 2004 жыл бойынша Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімі аппараты тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2004 жылдын 2005 жыл бойынша Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2005-2010 жылдар аралығында Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімі аппаратының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап 2017 жыл аралығында «Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
2017 жылдың  23 тамызынан бастап Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Үйленген, ұл баласы бар.

 


Бұлқайыр Дарын Бейбітұлы – Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары. 1990 жылдың 14 сәуірде Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында туды. Ұлты – қазақ. Екі жоғары білімі бар.  2011 жылы Қазтұтынодағы Қарағанды экономикалық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді. 2015 жылы ЖМ Қарағанды «Болашақ» университетін экономика мамандығы бойынша бітірді.
            Еңбек жолын 2008 жылы Балқаш қаласында Ішкі істер бөлімінің полицейский болып бастады.  2010 жылдан 2011 жыл бойынша «Қарағанды қаласының қала сәулет кадастрлық орталығы» КММ жетекші маман болып жұмыс істеді.
2012 жылдың желтоқсанында мемлекеттік қызметке түсті Қарағанды қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды. 2013 - 2015 жылдар аралығында Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, одан кейін басшының орынбасары болып қызмет атқарды. 2015 - 2017 жылдар аралығында Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынының бас маман-заңгері, бюджетті орындау бөлімінің бас маманы, мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
2017 жылдың 19 маусымынан бастап Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.Үйленген, екі қыз баласы бар.

 

Октябрь ауданы әкімі аппаратының басшысы

Алмагүл Сәдуақасқызы Есімбаева – Октябрь ауданы әкімі аппаратының басшысы
1964 жылы 19 наурызда Қарағанды қаласында туды. Ұлты – қазақ.
Екі жоғары білімі бар.  1989 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін биолог мамандығы бойынша бітірді.  2013 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін юриспруденция бакалавры мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1981 жылы Қарағанды аяқ-киім фабрикасында бастады.  Қарағанды қаласының №1 балаларға арналған емханада медбике-тіркеуші болып жұмыс істеді.  1992 - 1998 жылдар аралығында № 16 СПТУ және №1 ПТШ биология, жаратылыстану пәндерінің оқытушысы болып қызмет атқарды. 1998 жылдан бастап Қарағанды қаласының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің Октябрь үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі. 2004 жылғы қыркүйектен бастап мемлекеттік қызметте - «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ. 2004 жылғы қыркүйектен 2015 жылғы қаңтар бойынша ұйымдық жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2015 жылғы 16 қаңтардан бастап Октябрь ауданы әкімі аппаратының басшысы  болып тағайындалды. Тұрмыста, қыз баласы бар.


Дата редактирования: 10 Января 2019 12:25