Қарағандыда
  • USD 378.83
  • EUR 430.99
  • RUB 6.04
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Бөлімнің паспорты

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

1. Келешекте Мекеме деп аталатын «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы аумағында жергілікті мемлекеттік басқару тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету саласында жергілікті мемлекеттік басқару қызметін орындауға өкілетті, мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, басқа да нормативтік – құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес атқарады.
3. Мекеме заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөр табаны арнайы үлгідегі бланкілері және заңға сәйкес банктерде және Қазынашылықтың аумақтық органдарында есеп шоттары болады.
4. Мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.
5. Мекеме азаматтық – құқықтық қатынасқа мемлекет атынан түсуге құқылы, егер ол ҚР заңына сәйкес өкілетті болса.
6. Мекеме Құрылтайшысы Қарағанды қаласының Әкімияты Мекеменің құрылтайшы құжаты болып Қарағанды қаласы әкімиятының ________ 2005ж._______ қаулысы және осы Ереже болып табылады.
7. Мекеменің ережесі, құрылымы және штат лимиті Қарағанды қаласының әкімиятымен анықталады.
8. Мекеме қызметін қаржыландыру жергілікті (қалалық) бюджет есебімен іске асады.
9. Мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» - Мемлекеттік Мекемесі.
10. Мекеменің орыс тіліндегі толық атауы: Государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ города Караганды».
11. Мекеменің заңды мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Поспелов көшесі, 16 үй.

9. Мекеменің негізгі міндеттері мен құқықтары, қызметі

12. Мекеменің негізгі қызметі:

1) Жұмыспен қамту мәселелері бойынша нормативті құқықтық актілер жобасын әзірлеу және жекелеген азаматтар санатына әлеуметтік көмектер;
2) Тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеу;
3) Жұмыс күшіне деген сұраныстар мен ұсыныстарды бағдарлау;
4) Мүдделі органдармен бірге еңбек нарығындағы сұранысқа байланысты кадрларды дайындаудағы қажеттілікті анықтау;
5) Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) Еңбек нарығының бір ақпараттық онегізін құру мақсатында еңбек күшіне сұраныстар мен ұсыныстардың мониторингі, тұрғындарды еңбек нарығының жағдайы туралы ақпараттандыру;
7) Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық байланыстар жобасын қарастыру;
8) Азаматтардың еңбек бостандығы құқын іске асыруға, ерікті мамандық таңдауға жағдай туғызу;
9) Жұмыссыз азаматтарды тіркеу, оларға өз құзырлығына сай әлеуметтік демеу беру;
10) Жұмыс күшін кәсіби даярлауды, қайта даярлауды ұйымдастыру және жүргізу;
11) Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы заңдылықты сақтауға мемлекеттік бақылау қою;
12) Аз қамтылған азаматтар негізінен көп балалы аналарға, оралмандарға, туберкулезбен ауыратындарға, наркотәуелділерге, барлық категориядағы мүгедектерге, ардагарлерге, жағдайы төмен отбасыларына мемлекеттік және мемлекеттік емес қорлардан адрестік әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
13) Аз қамтылған тұрғындарға коммуналдық тұрғын үй қызметін төлеуге мемлекеттік көмек көрсету;
14) Халықтың жоқ –жітін тобын бекіту бойынша өндіріс және коммерциялық құрылымдармен жұмыс істеу;
15) Уәкілетті орган есебінде іс-әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты ҚР заңына сәйкес қорғау және қамқорлық органдары қызметін іске асыру;
16) Арнайы тұрағы жоқ, қартайған азаматарға және мүгедектерге, жалғыз бастыларға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға, үйде әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасының әкімгері болып табылады ;
17) Әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу бойынша ұсыныстар дайындау;
18) Әлеуметтік және еңбек қатынастары облысындағы әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу бойынша ұсыныстар дайындау және сонымен қатар өз құзыры шегінде әлеуметтік әріптестік бойынша қалалық үшжақты комиссиясын жұмыспен қамтамассыз ету;
19) Мүгедектерге, жалғыз бастыларға және мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру;
20) Мемлекеттік және ведомствалық есептілікті құру, оларды бағыныштылыққа қарай беру, бекітілген тәртіпте бухгалтерлік есеп және есептілік жүргізу;
21) Жергілікті уәкілетті органдардың шешімімен жеке категориялы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету.
22) Мүгедектерді оңалтудың аумақтық бағдарламасын өңдеу,”
23) Қарағанды қаласының аймағындағы мүгедектерді оңалтудың аумақтық бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету,”
24) Мүгедектерге әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетілуін ұйымдастыру.”

13. Мекеменің негізгі міндеттері:

1) Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) Жұмыссыздықты жою және оны әлеуметтік құптауға лайықты деңгейде ұстауға, жұмыспен қамтамасыз ету, халықтың жұмысқа жарамды бөлігін қайта оқыту және кәсіптік бағдар беруге жәрдемдесу;
3) Азаматтардың жеке іс ашуына материалдық көмек көрсету;
4) Еңбекке жарамды халықтың қажеттілігін қанағаттандыру;
5) Республикалық және облыстық бюджеттен төленетін жәрдемақыларды мерзімінде және дұрыс тағайындауды қамтамассыз ету;
6) Ұлы Отан Соғысына қатысқандар мен Ұлы Отан Соғысы мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер, бір рет төленетін ақшалай өтем ақы беруде әлеуметтік көмек көрсету;
7) Халықтың қорғауға алынбаған тобына тиісті қызмет және материалдық көмек көрсету;
8) Ауру адамдарға Астана, Алматы қаларына бару жолына адрестік әлеуметтік көмек көрсету;
9) Жағдайы төмен азаматтарға, жалғыз басты зейнеткерлермен мүгедектерге адресті әлеуметтік көмек көрсету;
10) Ардагарлер, мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалармен халықтың жоқ-жітін тобына арналған әлеуметтік-тұрмыстық орталықтың жұмысын үйлестіру;
11) Кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына әлеуметтік демеу көрсету;
12) Мүгедектерді жылжымалы құралдармен қамтамасыз ету, протездік-ортопедтік көмекті ұйымдастыру және оларды есту аппараттарымен қамтамасыз ету;
13) Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне бірыңғай ақпараттық технологияларды енгізу, ақпараттарды өңдеудің автоматты жүйесін құру.
14)
15) Азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда көмек көрсету, жұмысқа орналасу мен оқытуға жолдама беру;
16) Жұмыссыздарға өз келісімдерімен қоғамдық жұмыстарға жолдама беруді жүзеге асыру;
17) тұлғаларды келген күннен бастап он күннен кешіктірмей тіркеу, есепке қою;
18) жұмыссыз адамға жұмыссыз ретінде тіркелгендігі жөнінде анықтама беру;
19) бюджетті қалыптастыру мен іске асыру қызметін жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау.”
“20) қызметтер мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуы, оның ішінде бөлінген бюджеттік шаралардың игерілуі мен шарт жұмыстарының тұрақты жүзеге асу мониторингінің орындалуы және тұрақты бақылануын қамтамасыз ету;”
“21) Қарағанды қаласы әкімдігі мен әкімнің тапсырмаларының тиесілі орындалуына жауапкершілік және орындау.”

14. Өз міндеттері мен қызметін іске асыру үшін Мекеменің мынандай
құқықтары бар:

1) Мемлекеттік органға жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауға қажетті материалдар мен қүжаттарды мемлекеттік ұйымдардан азаматтардан алуға және сұрау салуға;
2) Жұмыс берушінің талабын ескере отырып жұмыс іздеп келуші жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлығына сәйкес бағыттап отыру;
3) Әлеуметтік қорғауды қажет ететін және жұмысқа орналасу барысында қиындықтарға кез болған тұлғалардың жұмыспен қамтылуына жәрдем көрсету;
4) Жұмыссыз азаматтарды қоғамдық ақылы жұмыстарға, оқуға және қайта даярлауға жолдау;
5) Азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік төлем және жәрдемақы тағайындауға ұсынылған құжаттарының анықтылығын тексеру;
6) Заңда белгіленген тәртіп бойынша халықтың жұмыспен қамтылуы туралы заңының орындалуын бақылау;
7) Қарағанды қаласы әкімшілігінің қаулыларын орындау.

3. Мекеме мүлкі

15. Мекеменің жедел басқару құқығындағы жеке мүлкі бар ол коммуналды жеке меншік болып саналады.
16. Мекеме мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен негізгі қорлар мен айналым қаражатынан және бағасы орган-балансынан көрініс табатын басқа да мүліктерден құралады.
17. Мекеменің өзіне бекітілген мүлікті жеке меншік иесінің келісімінсіз өз еркімен иесіздендіруге немесе басқа жолмен қолдануға қақысы жоқ.

4. Мекеме қызметін ұйымдастыру

18. ҚР заңына сәйкес мекемені сол лауазымға қалалық әкіммен тағайындылатын және босатылатын бастық басқарады.
19. Мекеме бастығы Мекеменің жұмысын ұйымдастырып оған жетекшілік етеді, сонымен қатар мекемеге жүктелген міндеттер мен қызметтердің орындалуына жеке жауапкершілік атқарады.
20. Қарағанды қаласы әкімімен келісілген, мекеме бастығының орынбасары болады, оны заңда бекітілген тәртіп бойынша тағайындап, орнынын босатады.
21. Мекеме басшысы:

1) Мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) Заңмен бекітілген тәртіп бойынша қызметкерлерді тағайындайды және орындарынан босатады;
3) Мекеме актілеріне қол қояды;
4) Мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
5) Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережелерді бекітеді;
6) Мемлекеттік органдармен басқа ұйымдарға мекемені көрсетеді;
7) ҚР заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді атқарады.

4. Мекемені қайта құру және тарату

22. Мекемені тарату және қайта құру ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі.


Дата редактирования: 29 Июня 2018 17:13

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина