Қарағандыда
  • USD 384.87
  • EUR 432.52
  • RUB 6.11
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Хабарландыруы

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» конкурсы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған жобаларды дамыту мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында 2018 жылғы «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» Республикалық көрмесін өткізіду жоспарлайды.

Іс-шаралар қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың осал топтарының, оның ішінде, өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында әзірленеді.

Барлық бағыттар бойынша әлуметтік  жобаларды іске асырушы ұйымдар «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» облыстық іріктеу турына қатыса алады.

Әлеуметтік жобалар іріктеу 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау өлшем шарттарымен  айқындалады:

  • жобаны жүзеге асыру мерзімі 1 жылдан кем болмауы тиіс;
  • жобаның конкурс мақсаты мен шарттарына сәкес келуі: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;
  • жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;
  • жобаның қолжеткізген нәтижелері;
  • осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);
  • қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырымдылық гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);
  • аумақтық қамтуы (жобаны масшабтау);
  • өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі;
  • жобаны іске асыруға еріктілерді тарту.

Ұйымдастару жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған барлық сұрақтар бойынша Қарағанды қаласының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр бөлімінің  көрсетілген телефондарына: 8(7212)300081,300169 және n.takisheva@karaganda-region.gov.kz электрондық мекен жайына хабарласу қажет.

Атаулы әлеуметтік көмек

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) Заңның 2-бабының 1-2-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Қарағанды қалалық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ–не (бұдан әрі - Орталық) жүгінген кезде нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

       1) жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорт), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматының тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқынның куәлігі), ал оралмандарға – сәйкестендіру үшін оралман куәлігі;

      2) нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы мәліметтер;

       3) атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот нөмірі туралы мәліметтер;

      4)  баланың (балалардың) туу (қайтыс болғаны) туралы куәлігі;

      5) баланың туу туралы куәлігіндегі деректерге өтініш берушінің деректері сәйкес келмеген жағдайда некенің қиылуын (бұзылуын) тіркеу туралы куәлік;

      6) он сегізден жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағы адамдар орта, техникалық және кәсіби, ортаңғыдан кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғарғы оқу мекемелерінде күндізгі оқу нысанында оқитын болса нысан бойынша оқу орнынан жылына бір рет сұратылатын анықтама.

      Жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) нысан бойынша жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтініш;

      2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);

      3) білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжат (бар болса).

      Орталықта ақпараттық жүйелерге қатынау болмаған немесе ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкессіз (жоқ) болған жағдайда өтініш беруші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен қоса:

      1) отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

      2)  баланың (балалардың) туу (қайтыс болғаны) туралы куәлігі;

      3)  өтініш берушінің деректері бала туу туралы куәлігіндегі деректерге сәйкес келмеген жағдайда некені тіркеу (некені бұзу) туралы куәлігі;

     4) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе бала асырап алған жағдайда – қорғаншылық (қамқоршылық) немесе бала асырап алғанын растайтын құжат;

      5) мүгедектік белгіленген жағдайда – мүгедектік белгілеу туралы анықтама;

      6) жеке кәсіпкер статусын растайтын құжат.

Әлеуметтік жұмыс орындары

Әлеуметтік жұмыс орындары уақытша жұмыс орындарын ұсыну немесе құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар:

  1. жұмыссыз азаматтар үшін арнайы арналған;
  2. жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

Өтініш беру кезінде мынадай құжаттар ұсынылады және қоса тапсырылады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) білімі туралы құжаттардың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқудан өткенін растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері (бар болса).

3) еңбек кітапшасының (қажет болған жағдайда) немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжаттардың көшірмесі (жұмыс орнынан үміткер адамдар үшін).

Мекен-жай:Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 51/4, (Бизнес орталық ғимаратында), 4 қабат, жұмыс кестесі: күн сайын (сенбі, жексенбіден басқа күндері), сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағ 13.00-ден 14.30-ға дейін), байланыс деректері: тел. 996393, 996397, 996404, WhatsApp: + 7 775 644 35 80.

Жастар тәжірибесі

Жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі

«Жастар практикасы» - бұл ЖОО мен колледж түлектерін мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары.

Бағдарламаның мақсаты:

      -  кәсібі бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу;

      -  кәсіби білімнің, біліктіліктің, дағдылардың практикалық тәжірибесін алу және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

ӨТУ ҮШІН ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

- Аяқталған жоғарғы білім немесе техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ)

      - Жасы 29 жастан жоғары емес.

 Мекен-жай:Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 51/4, (Бизнес орталық ғимаратында), 4 қабат, жұмыс кестесі: күн сайын (сенбі, жексенбіден басқа күндері), сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағ 13.00-ден 14.30-ға дейін), байланыс деректері: тел. 996393, 996397, 996404, WhatsApp: + 7 775 644 35 80.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек

 Қарағанды қаласында өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек қарастырылған: табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы, жан басына шаққандағы орташа табыс ең төмен күнкөріс деңгейінің 0,6 еседен аспауы негіздеме болып табылады.

       Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісетіні көрсетілген еркін нысандағы өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басты куәландыратын құжат;

      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

     3) нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ШАРАЛАР

 «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мынадай қызметтер көрсетеді.

Азаматтар үшін:

- келген адамдарды жұмыс іздеушілер және жұмыссыздар ретінде тіркеу;

Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс іздеушіні жұмыс іздеуші адам ретінде «Еңбек нарығы» ААЖ-не мынадай құжаттардың негізінде тіркейді:

- жеке басын куәландыратын құжат;

- еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);

- білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса).

Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы жұмыс іздеушіге жұмысқа тұруға жәрдемдеседі, сондай-ақ тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау қызметінкөрсетеді.

Жұмыс іздеп жүрген адам Жұмыспен қамту орталығына үш жұмыс күнінің ішінде кем дегенде бір рет келіп жұмыс іздеуге қызығушылық танытуы тиіс.

Жұмыспен қамту орталығы келген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде лайықты жұмыс таба алмаған  жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.

Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы оның деректерін тексергеннен кейін іске асырылады.

Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар он жұмыс күнінің ішінде кем дегенде бір рет халықты жұмыспен қамту орталығында белгіленуі тиіс.

- лайықты жұмыс іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу:

Бағдарлама қатысушыларына:

1) деректер базасында бар бос жұмыс орындарына;

2) жұмыс берушілердің өздері мәлімдеген жұмыс орындарына;

3) жүзеге асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалардың аясында құрылатын жұмыс орындарына;

4) жұмыспен қамту жөніндегі жеке агенттіктер арқылы жұмыс орындарына; 5) жалақыны ішінара субсидиялау арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарына, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі

- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу:

Мекен-жай:Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 51/4, (Бизнес орталық ғимаратында), 4 қабат, жұмыс кестесі: күн сайын (сенбі, жексенбіден басқа күндері), сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағ 13.00-ден 14.30-ға дейін), байланыс деректері: тел. 996393, 996397, 996404, WhatsApp: + 7 775 644 35 80.

«Қоғамдық жұмыстар» - Халықты жұмыспен қамту орталығымен ұйымдастырылатын, қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейтін, оларды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрі.

Бағдарлама қатысушылары үшін:

  • Кәсіби тәжірибе жинауға;
  • Одан әрі жұмысқа орналасуға мүмкіндік алу және өзін көрсету;
  • Мемлекеттен қаржылай қолдау алу.

Жұмыс берушілер үшін:

  • Қосымша жұмыс күшін алу;
  • Қоғамдық жұмыс өту барысында болашақ жұмыскердің қабілеттерін анықтау;
  • Ұйымның талабына сай бейімдеу.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) мекен-жай анықтамасы;

3) білімі туралы құжаттың (диплом), сондай-ақ оқудан өткенін растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының көшірмесі (қажет болған жағдайда).

Мекен-жай:Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 51/4, (Бизнес орталық ғимаратында), 4 қабат, жұмыс кестесі: күн сайын (сенбі, жексенбіден басқа күндері), сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағ 13.00-ден 14.30-ға дейін), байланыс деректері: тел. 996393, 996397, 996404, WhatsApp: + 7 775 644 35 80.

Халық назарына!

01.01.2018 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін келесі мемлекеттік қызметтер бойынша құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорпациясы (Халыққа қызмет көрсету орталықтары) арқылы тапсыруға мүмкіндік бар:

  1.    «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;
  2. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін

оларға құжаттарды ресімдеу»;

  1. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;
  2.    «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;
  3. «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету».

Тегін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

Кәсіптік оқыту –жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу мақсатында білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілер ұйымдарының жанындағы оқу орталықтарында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды қамтитын оқыту;

Кәсіптік оқыту мынадай міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:

1.еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау;

2.жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

 Қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ұзақтығы кәсіптің ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.

Бағдарлама қатысушылары оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

Қажетті құжаттар тізбесі:

- жеке басын куәландыратын құжат;

- еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

- білімі туралы құжаттардың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері (бар болса).

-   086У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі;

- екінші деңгейдегі банкте 20 таңбалы шот ашқандығы туралы анықтама.

- кәсіптік бағдарлау өткізу:

Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс іздеуші үшін кәсіптік диагностика тестісін жүргізеді, жұмыс іздеушіге тестілеу нәтижесі бойынша консультация береді, жұмыс іздеушіні жергілікті еңбек нарығындағы үрдістер, сұраныстар және ұсыныстар жайлы ақпараттандырады.

Мекен-жай:Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 51/4, (Бизнес орталық ғимаратында), 4 қабат, жұмыс кестесі: күн сайын (сенбі, жексенбіден басқа күндері), сағ. 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағ 13.00-ден 14.30-ға дейін), байланыс деректері: тел. 996393, 996397, 996404, WhatsApp: + 7 775 644 35 80.

2012 жылғы 19 желтоқсандағы Қарағанды қалалық маслихатының №115 «Қарағанды ​​қаласындағы мұқтаж адамдардың кейбір санаттарына тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін қосымша материалдық көмек көрсету туралы» шешіміне сай
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері 1 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек алады, сонымен бірге жеке секторда тұратын қатты жанармай сатып алуға қатысатын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 15 АЕК мөлшерінде қатты отынды сатып алуға бір реттік материалдық көмек алады.

«Қарағанды ​​қаласының әкімдігі мен Қарағанды ​​Жылу Сбит» ЖШС арасындағы «Қарағанды ​​қаласында коммуналдық төлемдерден Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектерін азат ету мәселелері бойынша» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес 06.02.2014 ж. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері коммуналдық төлемдерді (ыстық су, суық су, электр энергиясы, жылу энергиясы) төлеуден босатылады.

Жыл сайын Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс күніне орай, Қарағанды ​​қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының мөлшерін белгілеу және анықталатын әлеуметтік көмек көрсету ережесіне сәйкес, Қарағанды ​​қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 шешімімен бекітілген Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері материалдық көмек көрсетіледі.

Хабарландыру

         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» № 26 бұйрығымен бекітілген  мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету Қағидаларына сәйкес көз көру бойынша мүгедектер тифлотехникалық құралдармен, есту бойынша мүгедектер сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

         Тифлотехникалық құралдар – мүгедектердiң көру кемiстiгi нәтижесiнде жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар.

         Сурдотехникалық құралдар – есiту кемiстіктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның iшiнде байланыс пен ақпарат берудi күшейтетін құралдар.

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 Қаулысымен Мүгедектерге берiлетiн техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесi (бұдан әрі-Тізбе), оның ішінде сурдо, тифлотехникалық құралдардың, бекітілген болатын.

         Кейін, жоғарыда аталған Тізбеге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы N 1036 Қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) өзгерістер енгізілді.

Қаулыға сәйкес оңалтудың техникалық құралдарының (бұдан әрі-ОТҚ) бірқатарын заманауи көп функциялы электрондық гаджеттерге ауыстыру көзделген, атап айтқанда:

сурдотехникалық құралдардың арасында:

бейнекомпьютерлерді веб-камерасы бар ноутбукке;

тифлотехникалық құралдардың арасында:

компьютерлік тифлокешендерді сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбукке;

диктофондарды дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондарға ауыстыру көзделген.

Аталған өзгерістер 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Бұл ретте, мүгедектерді жаңа ОТҚ-мен мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі-ОЖБ) тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін ғана қамтамасыз етуге болады.

Мерзімсіз ОЖБ болған жағдайда, Тізбемен өзгерістер қарастырылған іс-шараларға медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі-МӘС) бөлімінің мамандарымен ОЖБ қажетті түзетулер енгізіледі.

Сондықтан, осындай ОЖБ бар азаматтар тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымының ДКК қорытындысын алып, аталмыш құжатпен ОЖБ өзгерістер енгізу үшін МӘС бөліміне жүгіну қажет.

Тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін, өзгерістері бар ОЖБ көшірмесін «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі- Бөлім) тапсыру керек.

Сурдо, тифлотехникалық құралдарға алғашқы рет ОЖБ әзірленген азаматтар "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттік қызметтін алу үшін төменде көрсетілген құжаттармен Бөлімге жүгіну қажет:

- белгіленген үлгідегі өтініш,

- оңалтудың жеке бағдарламасы.

 Толық ақпаратты МӘС бөлімшелерінде, сондай-ақ, «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Поспелов көшесі, 16 үй, дүйсенбі-жұма күндері сағ. 9.00. ден 18.30 дейін, сағ.13.00 ден 14.30 дейін түскі үзіліспен, немесе 30-01-69, 300233, 300136 т. арқылы ) алуға болады.

Халық назарына!

Халықты  ақпараттандыру қолжетімділігін арттыру үшін Қарағанды   облысының  Прокуратурасы invalidi.do.am  сайтын  әзірлегенін хабарлаймыз.

Сайтта пайдаланушылар мүгедектікті тағайындау критериялары, рәсімдеу тәртібі жөнінде, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және тағы да басқа жеңілдіктер туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

2011 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазыбек би атындағы және Октябрь аудандық үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде 18 жастан асқан психоневрологиялық  аурулары бар мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін бөлімшелер ашылды.
Бұл қызмет түрін алу сұрақтары бойынша мына мекен-жайларға баруға болады:

  • Октябрь ауданы – Архитектурная көш, 34 тел. 458334,240293;
  • Қазыбек би атындағы ауданы – Карбышев көш, 14/2 тел. 338009.

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық түрде қамтамасыз ету

Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақы

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

Үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелердің жұмысы туралы

Тұрғын үй көмегі

Балалы отбасылардың назарына!

Қарағанды қаласының тұрғындарының назарына!

Жұмыспен қамтылмаған халықтың назарына

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар-ламалар бөлімі» ММ жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге күтім жасайтын үйден әлеуметтік күтім көрсететін 2 бөлім бар

Дата редактирования: 29 Июня 2018 17:42

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина