Қарағандыда
  • USD 379.86
  • EUR 422.97
  • RUB 5.85
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

«Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

1. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес әзірленді және құндылықтар мен моральдық бағдарлар жүйесін құру жолымен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалына қол жеткізуге бағытталған.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ.
3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдардың(іс-әрекет) қағидалары.
3.1. Құқықтар мен заңды мүдделердііске асыру кезінде:
- кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға не кез келген әрекеттергежол бермеу,сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактілерін тоқтату;
- сыбайлас жемқорлық көріністеріне негізсіз жария айып тағылған кезде осындай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оның теріске шығару жөнінде заңда көзделген барлық шараларды қолдану;
- өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде заңдылықты, адалдықты, тұрақтылықты және айқындылықты сақтау қағидаттарына негізделген, құқықтық мәдениетті қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дәйекті ақпарат бойынша осындай құқық бұзушылықты жою және тоқтату жөніндегі барлық қажетті шараларды қолдану;
3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:
- өз іс-әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеу. Мұндай фактілер анықталған жағдайда оларды жою бойынша заңда көзделген барлық шаралардықолдану;
- жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбау;
- мүдделер қақтығысын болдырмауға шаралар қолдану.
3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде.
- алдыңғы себептер туғызатынсыбайлас жемқорлық факторларынанықтауға қабылданатын ішкі құжаттарға талдау мен сараптама жүргізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және бұрын қабылданған ішкі құжаттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдаужүргізу. Оларда сыбайлас жемқорлық факторларының бар болуы анықталған жағдайда оларды жоюға шаралар қолдану.
3.4. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:
Бағынышты қызметкерлермен қарым- қатынастағыбасшыларға ұсынылады:
- өзінің мінез-құлқыныңтурашылдығымен, әділдігімен, адал ниеттілігімен, адалдығымен, тұрақтылығыменүлгі көрсету;
- кадр мәселелерін шешу кезінде, меритократия қағидаттарыныңсақталуынқамтамасыз ету, туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендікбелгілері бойынша артықшылық көрсетпеу;
- олардың қызметінің нәтижелерін бағалау сондай-ақ көтермелеу және жаза шараларын қолдану кезінде әділдік және объективтілік таныту;
- қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;
- құқыққа қарсы іс-әрекеттерді сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сыйыспайтын әрекеттер жасауға мәжбүрлемеу.
Басшыларымен қарым-қатынастағыбағыныштыларға ұсынылады:
- тапсырмаларды орындау кезінде тек объективті және дәйекті мәліметтерді ұсыну, басқа да қызметкерлер, контрагенттер немесе өзге де тұлғалар әрекеттеріндесыбайлас жемқорлық туралы өздеріне мәлім болған жағдайда басшылықтыдереу хабардар ету;
- басшылыққа қатысты жеке басына берілгендік, олардың лауазымдық мүмкіндіктер есебінен пайда мен артықшылықалуғаұмтылу көріністерінежол бермеу.
4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар: Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген қызметтерді іске асыру;
- жақын туыстары мен жекжаттарының, ерлі-зайыптылардың бірлескен қызмет (жұмыс) жасауына жол бермеу;
- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табумақсатында, ресми жариялауға жатпайтынқызметтік және өзге де ақпараттарды пайдалану;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттігін орындалуына байланысты сыйлықтар қабылдау.

 


Дата cоздания: 03 Августа 2017 10:22
Дата редактирования: 03 Августа 2017 10:22

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина