Қарағандыда
  • USD 383.01
  • EUR 430.12
  • RUB 6.10
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Бөлімнің паспорты

1. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» Мемлекеттік мекемесі аудандық коммуналдық меншікті басқару, аудандық коммуналдық меншіктің пайдаланылуын бақылау саласындағы функцияларды іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» Мемлекеттік мекемесі «Қарағанды қаласының қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің  мирасқоры болып табылады.
2. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» Мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» Мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» Мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» Мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат лимитінің саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы – Қазақстан Республикасы, 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бейбітшілік бульвары, 39.
9. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы:
«Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» Мемлекеттік  мекемесі.
орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел государственных активов и закупок города Караганды».
10. Осы Ереже «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер  және сатып алу бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Осы Ереже «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер  және сатып алу бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті (қалалық) бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
12. «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер  және сатып алу бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35