Қарағандыда
  • USD 379.19
  • EUR 426.63
  • RUB 5.92
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

«Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ

Басшысы

Айнұр Қабдырашқызы Апақашева «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ Басшысы

«Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Апақашева Айнұр Қабдырашқызы Апақашева Айнұр Қабдырашқызы 1981 жылы Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы, Егіндібұлақ ауылында туған. Маркетинг және коммерция мамандығы бойынша Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
2004 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді: мемлекеттік аппаратты және құқық қорғау органдарын қаржыландыру бөлімінің бас маманы, «Қарағанды қаласы әкімінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бөлімінде бас маман.


2005 жылдан бастап шығыстарды салалық жоспарлау секторының бас маманы, 2008 жылдан бастап «Қарағанды қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі шығыстарды салалық жоспарлау секторының меңгерушісі.        
2010 жылдан бастап «Қарағанды қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары.
2013 жылдың 3 сәуірінен бастап «Қарағанды қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы болып тағайындалған.
2013 жылдың 1 тамызынан бастап «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалған.


«Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Бөлім) Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі бағыттарын әзірлеуді жүзеге асыратын экономика, бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын орындауға, қала аумағында мемлекеттік бюджеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға, қалалық бюджеттің атқарылуын үйлестіруге, бухгалтерлік есепті, қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізуге уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Бөлім өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Бөлім туралы осы ережеге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.


Бөлім жұмысын ұйымдастыруға қатысты өзе де мәселелерді шешуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес бекітіледі.
Бөлімнің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жұмысқа шартты негізде мамандар тартылады.
Осы Регламенттің сақталуын Бөлім басшысы қамтамасыз етеді.
2017 жылы қала бюджетіне 3 түзету, 4 нақтылау жүргізілген.

 
 
 
 

Бізбен байланысыңыз

Телефон Бастығы: +7 (7212) 42-36-93
Факс Басшысының орынбасары: +7 (7212) 42-46-98
Адрес Мекен жайы: г. Караганда, Бульвар Мира, д. 39
Адрес Азаматтарды қабылдау: бейсенбі, жұма с 17.00 ч. – до 18.30 ч.

Бөлімнің паспорты

  1. қаланың әлеуметтік-экономикалық  даму болжамын әзірлеу және қаладағы экономикалық жағдайды талдау, салалар бөлінісіндегі негізгі көрсеткіштер бойынша мониторинг жүргізу;
  2. қаланың даму бағдарламаларын әзірлеуді үйлестіру;
  3. қала аумағында мемлекеттік бюджеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;
  4. қаланың басымды инвестициялық жобаларының тізбесін құру, олардың тиімділігіне бағалау жүргізу;
  5. қалалық бюджеттің атқарылуын үйлестіру;
  6. Бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жүргізу .
ары қарай оқу

105 млрд. 639,6 млн. тенге
вложено инвестиций в основной капитал по итогам 2017 года

Дата редактирования: 16 Июля 2018 16:27

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина