Қарағандыда
  • USD 379.86
  • EUR 422.97
  • RUB 5.85
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Бөлімнің төлқұжаты

Мекеменің негізгі міндеттері

  1. қаланың әлеуметтік-экономикалық  даму болжамын әзірлеу және қаладағы экономикалық жағдайды талдау, салалар бөлінісіндегі негізгі көрсеткіштер бойынша мониторинг жүргізу;
  2. қаланың даму бағдарламаларын әзірлеуді үйлестіру;
  3. қала аумағында мемлекеттік бюджеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;
  4. қаланың басымды инвестициялық жобаларының тізбесін құру, олардың тиімділігіне бағалау жүргізу;
  5. қалалық бюджеттің атқарылуын үйлестіру;
  6. Бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жүргізу .

 

Функционалдық міндеттердің бөлінуі

Қаржылық есептілік және ұйымдастыру-кадр жұмысы секторы
Бухгалтерлік есепті жүргізу, бухгалтерлік есептілікті дайындау. Бөлімдеті іс жүргізуді, кадрлық жұмысты, материалдық – техникалық қамтамасыз етуді бақылау. Бюджеттің атқарылуы бойынша есептерді, ақшаның түсуі және оны жұмсау жөніндегі есепті қабылдау. Төлемдер мен міндеттемелер бойынша жылдық, айлық және тоқсандық жоспарлар құру.

Экономикалық  жоспарлау, талдау және мониторинг секторы
Қаладағы экономикалық жағдайды талдау, қала экономикасының даму бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларын, сондай-ақ бес жылдық кезеңге қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу, болжам жобасын нақтылау, дайындау және оны қала бюджетінің құрамында әкімдіктің және мәслихаттың қарауына ұсыну.

Кірістерді болжау және орындау секторы
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер көлеміне өңірдің әлеуметтік- экономикалық даму болжамы негізінде болжау жасау. Түсімдердің жиынтық жоспарын дайындау, бюджетке алдағы кезеңде түсетін ақшадай түсімдердің күтілетін көлемін анықтау, салық түрлері бойынша түсімдердің бекітілген жиынтық жоспарларына енгізімен өзгерістерді есепке алу, салық  түрлері бойынша және ірі салық төлеушілер  бөлінісінде бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуын талдау.

Бюджеттік саясат, жоспарлау және бюджеттің атқарылуын үйлестіру секторы
Жоспарлы кезеңге жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу. Жетекшілік ететін бағдарламалар бойынша жоспарлы кезеңге бюджеттің шығыс бөлігін жоспарлау, жоспарлы кезеңге қала бюджетінің жобаларын әзірлеу, оны нақтылау. Қалалық бюджетті атқару жұмысын үйлестіру.

Экономика салаларының шығыстарын, бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және атқару секторы
Жоспарлы кезеңге жетекшілік ететін бағдарламалар бойынша бюджеттің шығыс бөлігін жоспарлау, жоспарлы кезеңге қала бюджетінің жобаларын әзірлеу, инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру, даму бюджетін құру, оған мониторинг жүргізу, тиісті қаржы жылына қала бюджетінің жобасын әзірлеу. Жетекшілік ететін бағыттары бойынша қалалық бюджеттің атқарылуына мониторинг жүргізу.

Әлеуметтік сала және басқару аппаратының шығыстарын жоспарлау және атқару секторы
Жетекшілік ететін бағыттары бойынша жергілікті бюджеттің жобаларын әзірлеу. Бюджеттік мониторингі жүргізу, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарларына өзгерістердің енгізілуіне бақылау жасау, жетекшілік ететін бағыттары бойынша бюджеттік қаражаттың игерілуіне бақылау жүргізу.


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина