Қарағандыда
  • USD 383.43
  • EUR 432.47
  • RUB 6.12
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Жұмыс регламенті

1. Жалпы ережелер

1.1 «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі бағыттарын әзірлеуді, қала аумағында мемлекеттік бюджеттік саясатты әзірлеуді  және іске асыруды, қалалық бюджеттің атқарылуын үйлестіруді, бухгалтерлік есепке алуды, қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу және бюджеттік есептілікті жүргізуді жүзеге асыратын экономика, бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1.2 Мекеме өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Бөлім туралы ереже мен осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
1.3 Бөлім жұмысын ұйымдастырумен байланысты өзге де мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелген басқа да өкілеттіктерді шешеді.
1.4  Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес бекітіледі.
1.5 Бөлім қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін шарттық негізде мамандар тартылады.
1.6 Осы Регламенттің сақталуын Бөлім басшысы қамтамасыз етеді.

2. Жұмыс уақытын қалыптастыру

            2.1 Бөлім қызметкерлері үшін сенбі және жексенбі – екі демалыс күні берілетін бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бұл ретте, апталық норма 40 сағат болса, күн сайынғы жұмыс істеу уақыты 8 сағаттан аспайды.
Жұмыс күні сағат 9:00-да басталып, сағат 18:30-да аяқталады.
2.2 Күнделікті жұмыс кезінде Бөлім қызметкерлеріне демалып, тамақ ішу үшін сағат 13:00 мен 14:30 аралығында ұзақтығы 1,5 сағат үзіліс беріледі.
2.3 Бөлімнің жұмыс уақытының есебі тізімдікте жүргізіледі. Жұмыс уақыты есебінің тізімдігін кадрлар жөніндегі маман-заңгер толтырады.
2.4 Демалыс немесе мереке күндерінде жұмысқа, сондай-ақ мерзімінен тыс жұмысқа қызметкерді Бөлім басшысының бастамасы бойынша қызметкердің жазбаша келісімімен тартуға болады. Орындалуының қауырттығымен кейіннен Бөлімнің жалпы алғандағы қалыпты қызметі байланысты болатын шұғыл, алдын ала күтпеген жұмысты орындау қажет болса мұндай келісім талап етілмейді.
2.5 Қызметкердің бастамасы бойынша демалыс немесе мереке күндерінде жұмыс істеуге Бөлім басшысының рұқсаты негізінде жол беріледі.

3. Бөлім басшысының төрағалық етуімен аппараттық кеңестердің өткізілуі

3.1 Аппараттық кеңестерді бөлімнің басшысы өткізеді.
3.2 Аппараттық кеңесте сектор меңгерушілері, Бөлім қызметкерлері жүргізген жұмыс жөніндегі есептер қаралады.
3.3 Аппараттық кеңестерде хаттама жүргізіледі, онда қатысып отырған төраға, Бөлім қызметкерлері, күн тәртібі, баяндамашылардың және талқылау барысындағы сөз сөйлегендердің аты-жөні көрсетіледі. Әрбір мәселе бойынша қабылданған шешімнің, басшы тапсырмаларының қысқаша мазмұны жазылады.
3.4 Хаттаманы хатшы дайындайды. Хаттамалар екі тілде, бір дана етіп басылады, екі күн ішінде рәсімделіп, басшының қолы қойылады.
3.5 Кеңес хаттамалары, сондай-ақ оларға қоса берілген материалдар жинақтаушы папкада сақталады.

4. Қала бюджеті бойынша қалалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен кеңестер өткізу тәртібі

Өз құзыреті шегінде экономика және қаржы бөлімінің басшысы немесе басшының орынбасары қалалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен кеңестер өткізеді
4.1 Кеңестер Қарағанды қаласының бюджетін әзірлеу, бекіту, нақтылау/түзету және атқару бойынша және соларға қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында өткізіледі.
4.2 Кеңестерді қажеттілігіне қарай Бөлім басшысы немесе Бөлім басшысының орынбасары шақырады.
4.3 Кеңеске шығарылатын мәселелерді сектор меңгерушілері дайындайды.
4.4 Кеңеске қалалық басшымен, басшының орынбасарымен келісілген тізім бойынша шақырылған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, мүдделі тұлғалар қатыса алады.
4.5  Кеңесте хаттама жүргізіледі. Хаттамада қатысып отырған лауазымды тұлғалар, талқылау тақырыбы мен нысаны және қабылданған шешім көрсетіледі.
4.6 Кеңестерде қарастырылған мәселелер магнитофон таспасына (диктофонға) жазылуы мүмкін.
4.7 Кеңеске шығарылған мәселені талқылау кезінде қатысып отырғандар ерекше пікірілерін білдіруге құқылы.
4.8 Кеңес хаттамасына басшы немесе басшының орынбасары қол қояды.

5. Қарағанды қаласының бюджеттік комиссиясын өткізу тәртібі

Бюджет жобасының уақтылы және сапалы әзірленуін қамтамасыз ету  және бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар әзірлеу  мақсатында Қарағанды қалалық мәслихатының сессиясында Қарағанды қаласының әкімдігі тұрақты негізде қаланың Бюджеттік комиссиясын құрып, бекіткен Бюджеттік комиссияның жұмыс органы – Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі. Бюджеттік комиссия құрамына:

  • бюджеттік комиссия төрағасы;
  • бюджеттік комиссия төрағасының орынбасары;
  • бюджеттік комиссияның хатшысы;
  • бюджеттік комиссия мүшелері кіреді.

Бюджеттік комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды,
бюджеттік комиссия отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады, комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Бюджеттік комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.
Бюджеттік комиссиялар құзыретіне төмендегілер жатады:
1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша ұсыныстар
әзірлеу;
2) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде
ұсыныстар әзірлеу;
3) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) бюджеттерді нақтылау жґнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер кіреді.
Бюджеттік комиссияның отырыстарын қажеттілігіне қарай төраға немесе  төрағаның орынбасары шақырады. Бюджеттік комиссияның отырысына шығарылатын мәселелерді төраға, төрағаның орынбасары және бюджеттік комиссияның мүшелері дайындайды. Бюджеттік комиссияның отырысына төрағамен келісілген тізім бойынша шақырылған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Бюджеттік комиссияның отырысында хаттама жүргізіледі. Хаттамада қатысып отырған лауазымды тұлғалар, талқылау тақырыбы мен нысаны және комиссия мүшелері қабылдаған шешім көрсетіледі. Отырыстарда қаралған мәселелер магнитофон таспасына (диктофонға) жазылуы мүмкін. Бюджеттік комиссияның отырысына шығарылған мәселені талқылау кезінде комиссия мүшелері ерекше пікірілерін білдіруге құқылы, ол пікірлер жазбаша түрде рәсімделіп, отырыс хаттамасына қоса тіркеледі.
Бюджеттік комиссия өз құзыретінің мәселелері бойынша қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілігінің дауысымен қаулылар қабылдайды. Комиссия отырысында дауыс беру кезінде мүшелердің дауыстары теңге бөлінген жағдайда бюджеттік комиссия төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Бюджеттік комиссия шешіміне төраға немесе  төрағаның орынбасары қол қояды.

6. Әкімдік отырысына қаулы жобаларын
дайындау және рәсімдеу тәртібі

            Әкімдік отырысына қаулы жобаларын дайындау және рәсімдеу тәртібі Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» 2009 жылғы 18 наурыздағы №12/05 қаулысымен бекітілген, 2009  жылғы 23 қыркүйектегі №46/01 өзгерістерімен және толықтыруларымен Қарағанды қаласы әкімдігінің регламентімен, Қарағанды қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы №21/03 қаулысымен бекітілген «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен айқындалған.
6.1 Әкімдік отырысына мәселе шығарылғанда Бөлім қала әкімінің (қала әкімі орынбасарының) бекітуіне әкімдік отырысына мәселені дайындау жоспарының жобасын енгізеді.
6.2 Мүдделі органдармен келісілген, бірінші басшы немесе оны ауыстыратын адам қол қойған жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
6.3 Жобалардың уақтылы, сапалы әзірленіп, әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобалардың мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сәйкестігіне Бөлім басшысы дербес жауапты.
6.4 Шұғыл түрде әкімнің тапсырмасы бойынша әкімдік отырысын өткізу кезінде қаралатын мәселелер бойынша материалдар әкімдікке отырыс өткізілетін күні енгізілуі мүмкін.
6.5 Жобалар міндетті түрде:

  • құзыретті болғандықтан, мүдделі атқарушы органдармен келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі  мұндай мүдделілік қаралатын мәселелер нысанынына қарай  анықталады;
  • қаржылық орындылығы және жобаның қаржыландырумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша қаржы саласындағы тиісті атқарушы органмен келісіледі;
  • экономикалық орындылығы және ел мен өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестігі мәселелері бойынша экономика саласындағы тиісті атқарушы органмен келісіледі.

6.6 Жобаны қарастыру қорытындылары бойынша келісуші орган басшының не оны ауыстыратын адамның қолы қойылған жауаптардың төмендегі нұсқаларының біреуін ұсынуы тиіс:
1. жоба ескертулерсіз келісілді (жобаға бұрыштама қойылады);
2. жоба ескертулер жасалып келісілді (қоса берілуі тиіс есертулерімен жобаға бұрыштама қойылады);
3. жобаны келісуден бас тартылды (қабылдамаудың дәлелді себебі қоса беріледі).
6.7 Келісу мерзімдері аяқталған соң, Бөлім мүдделі органдардың барлық ұсыныстарын қаулы жобасының соңғы нұсқасы етіп жинақтайды (ескертулерді жояды). Бұл ретте, жоба келісілсе, міндетті түрде атқарушы органдардың ескертулері жойылады.
6.8 Әкімдік отырысы өткізіліп, оның жұмысы аяқталған соң атқарушы сол күні қаулы жобаларына әкімдік мүшелерінің қолдарын қойғызады.
6.9 Әзірлеуші әкімнің және әкімдік мүшелерінің қолдары қойылған қаулы жобасын тіркеу үшін бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне тапсырады.
6.10 Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі қаулылардың расталған көшірмелерін актіні әзірлеуші орган басшысы бекіткен  тарату тізіліміне сәйкес жан-жаққа жібереді.

7. Нормативтік құжаттардың, тапсырмалардың және өтініштердің орындалуына жүргізілетін бақылауды ұйымдастыру

7.1 Нормативтік құжаттардың, облыс, қала әкімдерінің тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізуді Бөлім басшысы жүзеге асырады.
7.2 Бақылау құжаттарының уақтылы және сапалы орындалуына жауапкершілік Бөлім басшысына жүктеледі.
7.3 Әр айдың 1-і және 15-і күндері бақылау құжаттарын орындау мерзімдері туралы ескертулер тапсырылады.
7.4 Апта сайын облыс, қала әкімдерінің тапсырмаларын, азаматтардың өтініштерін орындау барысы жөнінде мониторинг жүргізіледі.
7.5 Мемлекеттік тілдегі кіріс және шығыс құжаттамасын орындау туралы есеп – ай сайын.
7.6 Тоқсан сайын айдың 10-ына қарай жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша 1-ОЛ нысаны бойынша есеп дайындалады.
7.7 Қаржылық қызмет туралы І жартыжылдық есебі мен жылдық есеп есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін тапсырылады.
7.8 Қала әкімдігінің қаулылары, қала әкімінің өкімдері бойынша іс-шараларды орындау бойынша есеп белгіленген мерзімдерде уақтылы ұсынылады.

8. Кадрлар мен мемлекеттік қызмет мәселелері

8.1 Бөлімде мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен реттеледі. Бөлім қызметкерлері лауазымдарының тізбесін басшы бекітеді.
Құрылымды жетілдіру және лауазымдар тізбесін өзгерту жөніндегі ұсыныстарды секторлардың меңгерушілерімен келісіп, басшы енгізеді. Бөлім құрылымы Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
8.2 Бөлімде басшы бұйрығымен комиссия құрамы бекітіледі, оның функциясына Бөлім қызметкерлерін тағайындау бойынша ұсыныстар дайындауға қатысты мәселелер кіреді (конкурстық комиссия).
8.3 Бөлім қызметкерлеріне қайта даярлау курстарынан өтуге және біліктілікті арттыруға жағдай жасалады.
8.4  «Мемлекеттік мекеме» Бөлім басшысынан, басшының орынбасарынан, секторлардың меңгерушілерінен, бас мамандардан, сондай-ақ шарттық негізде жұмыс істейтін мамандардан тұрады.
8.5 Басшы орынбасарымен бірлесе отырып, секторлардың жұмысын үйлестіреді.
8.6 Бірінші басшы болмаған кезеңде өкілеттіктерін оны ауыстратын адам атқарады.
8.7 Басшының орынбасары функцияларын Бөлім басшысы белгілеген міндеттердің бөлінуіне сәйкес орындайды.
8.8 Қызметкерлердің функционалдық міндеттерінің көлемі лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.
Бөлім қызметкерлерін жедел тапсырмаларды орындау қажеттілігімен және ұйымдастыру шараларын орындаумен байланысты қосымша міндеттерді орындауға тарту Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басшының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
8.9 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің функцияларын орындайтын Бөлім қызметкерлері өзге еңбек қызметімен айналысудың шектеулі міндеттерін қабылдаған, сондай-ақ заңдармен көзделген басқа да талаптарды орындаған жағдайда ғана жұмысқа қабылданады.
8.10 Мемлекеттік қызметтегі Бөлім қызметкерлеріне белгіленген нысандағы қызметтік куәліктер беріледі. Қызметтік куәліктердің иелері олардың сақталуына дербес жауапты болады. Бұл құжаттарды өзге адамдарға беруге тыйым салынады.

9. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру 

9.1 Азаматтарды жеке қабылдауды әрбір бейсенбіде сағат 17:00-ден бастап 19:00-ге дейін Бөлім басшысы жүргізеді
9.2 Жеке қабылдау жазбаша, электронды сұраухат немесе ауызша жеке өтініш негізінде жүзеге асырылады. Ол өтініштер төмендегі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) азаматтың жеке қабылдау жөніндегі өтініші анонимді болмауы тиіс (өтініш берушімен байланысу деректері көрсетіледі);
2) азаматтың өтініші (ауызша да, жазбаша да) мәнін негіздейтін және түсіндіретін, сондай-ақ бұл мәселе төмен тұрған деңгейде шешілмегенін растайтын материалдармен және құжаттармен дәлелденуі тиіс;
3) азамат берген материалдарда өзге адамдардың ар-намысы мен беделін қорлайтын сөздер болмауы тиіс;
4) азаматтың өтініші мәселенің мәнін ашып тұруы тиіс, әрі «жеке мәселе» санатына жатпауы тиіс;
5) азамат қайтадан жүгіне келгенде жаңа дәлелдер мен жағдайлар келтіріледі.
9.3 Жеке қабылдау кезінде қабылданған азаматтардың жазбаша өтініштері белгіленген тәртіпте тіркеледі және олармен әрі қарай жұмыс істеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
9.4 Егер өтініш қабылдау кезінде шешілмесе, ол жазбаша нысанда мазмұндалып, жұмыс жазбаша өтінішпен жүргізіледі.

10. Бөлім жұмысы регламентінің сақталуына жауапкершілік

Осы Регламенттің сақталуына қатысты жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35