Қарағандыда
  • USD 377.11
  • EUR 424.21
  • RUB 5.91
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Бiрiншi жетекшiнiң өмiрбаяндық мәлiметтерi

 «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Апақашева Айнұр Қабдырашқызы
 

 Апақашева Айнұр Қабдырашқызы 1981 жылы Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы, Егіндібұлақ ауылында туған.Маркетинг және коммерция мамандығы бойынша Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

2004 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді: мемлекеттік аппаратты және құқық қорғау органдарын қаржыландыру бөлімінің бас маманы, «Қарағанды қаласы әкімінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бөлімінде бас маман.2005 жылдан бастап шығыстарды салалық жоспарлау секторының бас маманы, 2008 жылдан бастап «Қарағанды қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі шығыстарды салалық жоспарлау секторының меңгерушісі.        

2010 жылдан бастап «Қарағанды қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары.

2013 жылдың 3 сәуірінен бастап «Қарағанды қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы болып тағайындалған.

2013 жылдың 1 тамызынан бастап «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалған.

«Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Бөлім) Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі бағыттарын әзірлеуді жүзеге асыратын экономика, бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын орындауға, қала аумағында мемлекеттік бюджеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға, қалалық бюджеттің атқарылуын үйлестіруге, бухгалтерлік есепті, қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізуге уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

Бөлім өз қызметін Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Бөлім туралы осы ережеге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

Бөлім жұмысын ұйымдастыруға қатысты өзе де мәселелерді шешуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлім құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес бекітіледі.

Бөлімнің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жұмысқа шартты негізде мамандар тартылады.

Осы Регламенттің сақталуын Бөлім басшысы қамтамасыз етеді.2017 жылы қала бюджетіне 3 түзету, 4 нақтылау жүргізілген.

        


Дата редактирования: 18 Июля 2018 10:43

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина