Қарағандыда
  • USD 378.38
  • EUR 431.05
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

«Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

«Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

 

Осы «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Бөлім) қызметкерлерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленген және құндылық пен моральдық бағдарлау жүйесін құру жолымен Бөлім қызметкерлерінің арасында кезкелген сыбайлас жемқорлық құбылыстарына төзбеушілік атмосферасына қол жеткізуге бағытталған.

1.  Қоғамдық қатынастар саласының атауы: экономика және қаржы саласындағы қызметті жүзеге асыру.

2.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

3.  Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдардың іс-әрекет қағидалары

3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

Бөлім қызметкерлері:

1) заңдылық, ашықтылық, әдептілік принциптерін, Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алуға;

2) жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға;

3) лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін орындау нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;

5) тікелей басшысына Бөлім басшысына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға;

6) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша тиісті шаралар қабылдауға;

7) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;

8) Қызмет бабын теріс пайдалануға, қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде негізсіз бюрократизм мен әуре-сарсаң көріністеріне, сондай-ақ дөрекілік пен біржақтылық көріністеріне жол бермеуге;

9) жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға;

10) қызметтік міндеттерін кәсіби және құзыретті орындау үшін барлық күш-жігерін салуға;

11) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.

 

3.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністеріне төзбеушілік танытуға;

2) кәсіби және қызметтік әдептілікті сақтауға;

3) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;

4) бағынысты қызметкерлерге қатысты олардың қызметіне ықпал етуге өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланбауға және оларды құқыққа қарсы қылықтар жасауға мәжбүрлемеуге;

5) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

6) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

7) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;

8) қызметтік міндеттерін орындау кезінде құпиялылығын сақтауға, қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамасыз етуге;

9) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;

10) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

11) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;

12) берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге;

13) өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқаруға;

14) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және анық мәліметтер беруге міндетті.

 

3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы бейім құқық нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында әзірлеушісі Бөлім болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіпте нормативтік-құқықтық актілер мен құқықтық актілерді әзірлеуге;

4) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қоғамдық кеңеске жіберуге, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті.

 

3.4. тіршілік әрекеті саласы ерекшелігі байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:

1) меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;

2) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;

3) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;

4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде табысы мен мүлігі туралы декларацияны нысан бойынша ұсынуға;

5) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

6) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

7) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге міндетті.

 

4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыруға;

2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдауға;

5) өкiлдi органның депутаты болуға;

6) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға;

7) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

8) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;

9) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;

10) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

11) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға тыйым салынады.


Дата cоздания: 21 Июня 2017 17:00
Дата редактирования: 26 Июля 2017 09:38

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина