Қарағандыда
  • USD 384.87
  • EUR 432.52
  • RUB 6.11
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» MM-нің хабарландыруы

26.06.2019 ж. жарияланды

Қарағанды қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-3 Санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

     Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

     1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

     2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

     3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

 

-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы  13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

 

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

 

 

min

max

 

E-R-3

96607

129920

 

 

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» MM (100012, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 39, кабинет № 509, анықтама телефоны: 8(7212) 42-14-15, факс: 8(7212) 42-14-15, электрондық почта: za.sekerbaeva@karaganda-region.gov.kz)   мемлекеттік әкімшілік лауазымның бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

«Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ қаржылық есептілік және ұйымдық-кадрлық жұмыс секторының меңгерушісі (1 бірлік, № 2-1, E-R-3 санаты).

Функционалдық міндеттері: Сектор жұмысын басқаруды ұйымдастыру. Бухгалтерлік есепті, бухгалтерлік есептілікті жүргізуді іске асыру. Іс жүргізуді, құжат айналымын, кадрлық және заң жұмыстарын бақылау, бөлімді материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Есепті жүргізуге белгіленген қағидалардың жедел басқару және қатаң сақтау талаптарына жауап беретін бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Бухгалтерлік есепті және есептілікті одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және ісшараларды іске асыру. Бюджеттерді орындау жөніндегі есептерді, демеушіліктен және қайырымдылық көмектен түскен ақшаларды жұмсау және түсімдер туралы есепті, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің дебиторлық және кредиторлық берешектері бойынша есептерді қабылдау. 

Жинақталған бухгалтерлік есептілікті, қала бюджетін орындау туралы айлық есептерді, мемлекеттік мекемелердің қарауында қалған тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) жүзеге асырудан түскен ақшалардың түсу және жұмсау жоспарын орындау туралы есептерді, дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы есептерді жасау. Бөлімнің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламалары бойынша міндеттемелер мен төлемдер туралы қаржыландыру жоспарын жасау. Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алу жүргізуді үйлестіру. Бағыныштылардың жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және ынталандыру. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, статистика) және «Құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларымен белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде  конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Дата cоздания: 22 Июля 2016 16:16
Дата редактирования: 27 Июня 2019 17:29

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина