• 4350 барлығы
  • 18 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Әкімнің іс сапарлары

  • Жас футболшылар арасында сайыс өтті 10 Октября

    Қалалық жалпы білім беру мектептері Спартакиадасы шеңберінде 2000-2002 жылдары туған балалары арасындағы соңғы жарыстар өтті

  • Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы ҚР-ның конституция күніне арналған квест өткізді 30 Августа Бүгін 30 тымыз күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында қала әкімдігінің қолдауымен Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы қала жастарының белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында конституция күніне орай «Елдіктің асыл тірегі – ата заң» атты квест ұйымдастырды. Іс-шара 7 станциядан тұрды. Квест алдыңда командалар өз жасақтарын ерекше атауларымен және ұрандарымен таныстырды.. Квест тапсырмалары ҚР конституциясымен байланысты болды. Квест барысында қатысышыларды әртүрлі кодтар мен құпия белгілері бар жеті станцияны өту қажет болды.  Барлық сындарды өтіп, керекті ақпаратты ала отырып, бірінші болып «Баурсақ» командасы жеңіске жетті. Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табысталды. 
  • Қарағанды қаласының хайуанаттар бағына саяхат 22 Июля 22 шілдеде Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен, жазғы уақытта балалардың бос уақытын өткізу мақсатында, облыстық мешітпен қаланың Хайуанаттар бағына 30-дан астам бала қатысқан саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында, балалар арыстан, жолбарыс, су сиыры және т.б. сияқты хайуанаттар бағы жануарларының қызықты және алуан түрлерімен танысып, қызықты әсер алды. Саяхатта жүру кезінде балалар жануарлар өміріндегі қызықты деректер туралы білді.
  • Қарағанды облысындағы "Көне Тараздан Асқақ Астанаға" атты этнографиялық керуен 15 Июля 20 мамыр «Көне Тараз» тарихи-археологиялық кешенінің құрамында артылған 25 түйе, 46 жылқы, керуен бастаушылары, 10 жүк көлігі, ұйымдастырушалар және шығармашылық кәсіптің өкілдерімен бірге 3 автобусы бар этномәдени керуен жолға шықты. Халықаралық мамандандырылған «EXPO-2017» көрмесіне келуші шетел қонақтарын Ұлы Жібек жолында орналасқан көненің көзі Тараз қаласының тарихымен таныстыру мақсатында «ҰлыЖібекжолы. КөнеТаразданасқақАстанағатарту» атты этномәдени керуені ұйымдастырылды. Астанаға жол тартқан мәдени керуеннің кезекті аялдамасы Қарағанды қаласы болды. Керуенді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Орталық саябақтың жағалауында өтті. Тұрғындарға тарихтың бөлшегі болуға мүмкіндік беретін қазақ халқының дәстүрі мен салты көрсетілді. Саябақ аумағында театрландырылған қойылымдар, ұлттық спорт түрлері және мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.