• 4521 барлығы
  • 42 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Әкімнің іс сапарлары

  • Жасампаз Қарағанды қаласы бүгін өзінің туған күнін тойлауда 10 Февраля Қарағандылықтардың туған қаласын және шағын Отанын шын жүректен мақтан тұтатын адал адамдар екені ешкімге құпия емес.
  • «Замандас» 09 Февраля 2018 жылдың 9 ақпанында М.О.Әуезов атындағы кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында зейнеткерлерге арналған «Замандас» клубы ашылды. іс-шара мақсаты: кітапхананың қарт оқырмандарына қоғамға пайдасын тигізуде үлес қосу, өздерінің көп жылдық тәжірибелерімен бөлісу. Іс-шараға кітапхананың зейнеткер оықрмандары шақырылды. Шара барысында өлкетану бөлімінің меңгерушісі Жылтыбаева Г.Р. және №52 ОМ кітапханашысы Л.А.Болошенко қатысушыларды клубтың мақсаты мен міндетімен таныстырды. Сонымен қатар, кеш барысында клубтың шығармашылық жоспарлары жасалды: зейнеткерлердің әлеуметтік тұрмыстық мәселелерін шешумен қатар қаланың мәдени өміріне араласу, шығармашылық орта құру, қарт адамдардың бос уақытын ұйымдастыру. Жыл бойы клубта Қарағанды қаласының қызықты және ұлы тұлғалардың мерейтойлы даталарына арналған кездесулер өткізу жоспарлануда. Клуб мәжілісі айына бір рет өткізілетін болады. Клуб жетекшісі болып Л.Е.Зазуля және Х.А.Карикбаев тағайындалды. Шара соңында Қарағанды қаласының күніне арналған «Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында талқылау өткізілді. Клуб қонақтары үшін «Көз көргендер», «Поющие сердца» вокал топтары және клубтың жас мүшелері «Қарымды қаламгер» өнер көрсетті. Сонымен қатар, қатысушылар назарына «Қарағанды: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
  • Қала күніне орай интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды 09 Февраля Қарағанды қаласында «Где, где? В Караганде!» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті
  • Бір мақсат, бір болашақ, бір мүдде 19 Января 19 қаңтар күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша «Бір мақсат, бір болашақ, бір мүдде» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға «6505» әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Іс шараның мақсаты: ҚР Президенті Жолдауының маңыздылығы мен халыққа жүктелген он міндеттің мәнін түсіндіру, Отанды сүюге, өз Отанының тағдырына, оның өткені, бүгіні және болашағына бей-жай қарамау сияқты адамгершілік құндылықты түсінуге тәрбиелеу. Елбасының 2018 жылға жариялаған Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстанның жүйелі даму шараларының нақты бағдарламасы ретінде белгіленіп берілген он міндетімен және Қазақстанның саяси сарапшыларының ойларымен таныстырылды. Әңгіме барысында «Жолдау және жастар» тақырыбына баса назар аударылды. Жастарға «Бұл Жолдаудан қандай жаңашылдық пен маңызды міндеттерді талдап айта аласыздар? Елбасымыздың Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруда жастардың рөлі қандай?» деген сұрақтарды талдау ұсынылып, пікірталас жүргізілді. Жолдаудың басымдықтарымен слайд-презентация арқылы таныстырылды және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
  • Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. 19 Января

    2018 жылғы 19 қаңтарда Қарағанды қаласының әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыста Қазыбек би атындағы ауданының және Октябрь ауданының Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2017 жыл бойынша есебі және 2018 жылғы арналған жұмыс мақсаттары туралы мәселелер қарастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша осы бағыттардағы жұмыстарды жақсарту мақсатында ұсыныстар жасалды.