Қарағандыда
  • USD 387.16
  • EUR 428.47
  • RUB 6.08
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Қарағанды қаласындаҚазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

р/с

Ісшаралар атауы

Орындалуы

1

2

3

4

5

Ұйымдастыру ісшаралары

1

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған ведомстволық және өңірлік жоспарлар әзірлеу және бекіту.

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қарашадағы №51/01 қаулысымен Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған ісшаралар жоспары бекітілді.

2

Тоқсан сайын жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысын қаланың жергілікті атқарушы органдары, квазимемлекеттік сектор басшыларының есептерін тыңдау арқылы өткізу.

2019 жылдың 1 тоқсанында (28 наурыз) Қарағанды қаласының әкімі Н.Әубәкіровтың төрағалық етуімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  мәселелері бойынша Ведомстволық комиссиясының отырысы өткізілді. Комсиссия отырыстары 2018 жылғы 11 желтоқсанда бекітілген 2019 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Ведомстволық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

3

Қызметкерлер үшін дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыру.

2019 жылғы 1 ақпанда Қарағанды қаласының мемлекеттік мекемелерінің өкілдерімен сыбайлас жемқорыққа қарсы заңнама туралы құқықтық оқыту ісшарасы өткізілді.
Сонымен қатар, Қарағанды қаласы әкімдігінің ведомствалық бағынысты барлық мемлекеттік мекемелерінде ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер заңнамасын түсіндірумен құқықтық оқытулар жүргізіліп отырады.

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

4

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысы туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа тартылғандар (2019 жылғы қаңтардан), мемлекеттік қызметтен босатылғандар туралы ақпарат (толық анкеталық мәліметтер, фотосурет) орналастыруды қамтамасыз ету.

Қарағанды қаласы әкімдігінің Сайтында (http://karaganda-akimat.gov.kz) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері»  бөлімі әзірленді және жұмыс істейді. Осы бөлімде келесі ақпарат орналастырылған:

  • Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспары
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
  • Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы
  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар  doverie_akimat@mail.ru мекенжайы бойынша қабылданады.

7

Қызмет аясы сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым жақын болып табылатын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия  отырыстарында тыңдау.

2018 жылғы 11 желтоқсанда 2019 жылға бекітілген Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомстволық комиссия жұмысы жоспарына сәйкес 2019 жылғы 28 наурызда аталған Комиссия отырысында «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ және «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ басшылары тыңдалды.

8

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта жеке мақсатта пайдалануының алдын алу үшін автомобиль шанағына мемлекеттік мүлік статусын бекітетін айырым белгісінің болуын қамтамасыз ету.

Қарағанды облысы әкімінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы «Мемлекеттік мүлік мәртебесін дәлелдейтін ерекшелеу белгілерін автомобиль шанағына орналастыру туралы» №170-ө өкіміне сәйкес Қарағанды қаласының мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік мүлік мәртебесін бекітетін айырым белгілері орналастырылды.

9

Қызметтік автомашиналарды ұтымды және тиімді пайдалану қажеттігі туралы қала әкімдігінің қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, қызметтік автомашиналардың жұмыстан тыс уақытта рұқсат құжаттарынсыз жүру фактілерін жою.

Қызметтік автомашиналарды ұтымсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында 2018 жылғы 7 маусымда әкімдікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің басшыларына сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті (қызметтік автомобильдер) және қызметкерлердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, оның ішінде Қазақстан Республикасының жол жүру Ережелерін мүлтіксіз сақтауын бақылауды күшейту жөнінде хат жолданды.

10

Тұрғын үйлер, жер учаскелерін бөлу кезінде мүдделер қайшылығы мәселелері бойынша мониторинг жүргізу. Мүдделер қайшылығын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау жөнінде шаралар қолдануды қамтамасыз ету.

     Қарағанды қаласы әкімі аппаратында әдеп жөніндегі уәкілетті өкілмен мүдделер қайшылығына мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі.
Мониторинг әкім және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін, жер учаскелеріне, тұрғын үйге құқық беру туралы қала әкімдігінің қаулыларына қатысты тексеріс барысында жүргізіледі.
Өткен кезеңде бір мүдделер қайшылығы жойылды: 03.10.2018ж Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарская «Азаматша А.О. Любарскаяға уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы» (А.О. Любарская – И.Ю. Любарскаяның туған қызы) қала әкімдігінің қаулы жобасын қарастыру кезінде дауыс беруден шеттетілді.

11

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін мемлекеттік қызметте сақтау бойынша тұрақты мониторинг жүргізу.

       Қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін заңсыз сыйақы алуларына жол бермеу мақсатында 2018 жылғы 24 желтоқсанда мемлекеттік мекемелердің басшыларына белгіленген шектеулерді сақтау жөніндегі шаралар қабылдау туралы, шектеулерді сақтамағаны үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат жеткізілді сондай-ақ сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға тапсыру тәртібі түсіндірілді.

Қоғамдық бақылау институтын енгізу және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға
азаматтарды, азаматтық қоғам институттарын тарту

13

Үкіметтік емес ұйымдар арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру.

«Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Азаматтық қоғамды дамытуды зерттеу институты» ММ (Лопуцкая О. В.) «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» жобасын іске асыруда.
Жобаның мақсаты: Қарағанды қаласының халқы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қызмет көрсету.

14

Әдістемелік ұсынымдар әзірлей отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу.

«Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысна тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

15

«Сенім телефонымен» және бірінші басшылардың жеке қабылдау кестелерімен ақпараттық стенділер орналастыру.  «сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуін жалғастыру.

Қарағанды қаласы әкімдігінің ғимаратында орнатылған ақпараттық стендте барлық әкімдікке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің «сенім телефондары» туралы ақпарат орналастырылған.
Қарағанды қаласының әкімі және облыс әкімі орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі әкімдік ғимарат холының кіреберісінде орналасқан, сондай-ақ, әкімдікке ведомстволық бағыныстағы барлық мемлекеттік мекемелерінің бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестелері орналасқан.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттары үшін әкімдік ғимаратының холында, сондай-ақ ақпараттық стендте  пошталық жәшік орналастырылған.

16

Мемлекеттік сатып алу рәсімдеулерін өткізудің ашықтығын арттыру.

Мемлекеттік сатып алулар «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес және электрондық тәсілмен  веб-порталында  мүлтіксіз жүзеге асырылады, мемлекеттік сатып алу үдерісінің ашықтығы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және әлеуетті өнім берушілерге қатысу үшін тең мүмкіндіктер беруін қамтамасыз етеді.

17

Жер кодексі нормалары талаптарының бұзылу деректерінің алдын алу, жер учаскелерін бөлу кезінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау.

Қарағанды қаласынның аумағында жер учаскелерінде объектілер құрылысы үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында, сауда-саттықты (аукциондарды) жүргізу арқылы өткізіледі.
Жер учаскелерін аукцион арқылы сату, неғұрлым айқын рәсім болып табылады. Бұл аукциондар барлығына тең мүмкіндіктер береді, соның ішінде инвесторлар үшін жер телімдерін барабар бағасына алуға және мемлекеттік бюджетті толықтыру үшін.

18

Коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алуға мұқтаж азаматтарды есепке алу, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Қарағанды қаласы әкімдігінің сайтында (http://karaganda-akimat.gov.kz) «Тұрғын үй кезегі» бөлімі әзірленді және жұмыс істейді. Осы бөлімде азаматтардың тұрғын үй алу кезегіне енгізу туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қорынан тұрғын үй алу кезегінің  жай-күйін және жылжуын қадағалау үшін электрондық қызметтерінің порталына (http://www.e-krg.gov.kz) сілтеме орналастырылған.

20

Әрбір мемлекеттік мекемеде жұмыста жақсы нәтиже көрсеткен қызметкерлер туралы ақпарат берілетін «Құрмет тақтасын» орналастыруды, сол сияқты «Тоқсанның үздік мемлекеттік қызметшісі» атағына ұсыну мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жұмысына міндетті түрде тоқсан сайын ішкі бағалау жүргізу.

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты, сондай-ақ әкімдіктің мемлекеттік мекемелерінің тоқсан сайын ішкі мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелеріне сәйкес жақсы көрсеткіштері бойынша «Құрмет тақтасы» ақпараттық стенд орналастырылды.

21

Мемлекеттік органдардағы моральді-психологиялық ахуалды зерделеуге сондай-ақ  Әдеп кодексін сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында жасырын сауалнама жүргізу. Жасырын сауалнаманы талдау негізінде мемлекеттік органдар үшін нұсқаулықтар жасап шығару.

     2018 жылы әдеп жөніндегі уәкілетті өкілмен қызметтік әдеп нормаларының сақталуына және ұжымдағы моральді-психологиялық ахуал жағдайына мониторинг бойынша екі анонимдік сауалнама (қамтылуы 376 қызметкерді құрады) жүргізілді. Ағымдағы жылы анонимдік сауалнаманы жүргізу мамыр айына жоспарланған.

22

Мектеп әкімшілігінің әртүрлі шығыстарға ақша жинауы туралы ата-аналар арасында сауалнама жүргізу.

Білім беру ұйымдары тоқсан сайын ата-аналар арасында мектеп әкімшілігімен олардан әр түрлі шығыстарға ақша қаражаттарын жинау бойынша сауалнама жүргізілуде. Сауалнама бойынша 2019 жылғы 1 тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналардан заңсыз алымдар фактілері тіркелген жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру

24

Жастар ұйымдарын тартумен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мәселесін оқу-тәрбие үдерісіне енгізумен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша жұмыс жоспарын бекіту.

Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығымен Қарағанды қаласының бастамашыл жастары белсенділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, жасөспірімдердің және жастардың әлеуметтік желілерде құқықтық мәдениетті арттыруға  бағытталған конкурстар өткізіледі.
Қарағанды қаласының шығармашылық және интеллектуалды даму мәселелері жөніндегі Жастар мәслихаты комиссияның төрағасы Асылан Смағұловпен «№62 ЖББОМ» КММ жоғары сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы сағаттары үнемі жүргізілуде.
Іс-шара барысында оқушылар Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет және мемлекеттік қызмет бойынша Қазақстанда және әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын, сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістерін, өзектілігі көрсететін әлеуметтік роликтер көрсетіледі, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қызметімен танысады.
Сондай-ақ, Орталықтың аккаунтарда Халықаралық жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама конкурстары туралы хабарландырулар орналастырылады.

26

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбы бойынша үздік журналистік жарияланымға БАҚ өкілдері үшін конкурстар өткізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта Қарағанды қаласының журналистер арасында қалалық конкурс ұйымдастыру және өткізу 2019 жылғы шілдеде жоспарланған.

27

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу мәселелері бойынша көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдерінің, саяси партиялардың, жұртшылықтың сөз сөйлеуін қарастырып, сондай-ақ олардың брифингтерге, интернет-конференцияларға, телебағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз етіп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру.

«Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Азаматтық қоғамды дамытуды зерттеу институты» ММ (Лопуцкая О. В.) «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» жобасын іске асыруда.
Жобаның мақсаты: Қарағанды қаласының халқы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қызмет көрсету.
Жоба шеңберінде келесі ісшараларды өткізілуде:

  • 2019 жылға Тұжырымдама жобасын және ісшаралар жоспарын әзірлеу және бекіту. Мерзімі – 2019 жылғы ақпан;
  • БАҚ шақырылуымен Қоғам мүшелерінің қатысуымен қалалық мәдени-демалыс мекемелерінің негіздерінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» қалалық форумын ұйымдастыру және өткізу. Мерзімі –2019 жылғы сәуір;
  • халықтың әртүрлі топтары арасында сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіретін, сыбайлас жемқорлық көріністері фактілерімен кездескен жағдайда іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілеріне жәрдемдесу үшін жауапкершілік туралы, азаматтардың сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты хабарлауы үшін сыйақы төлеу туралы жадынамалар (фото дәлелдеумен) дайындау және тарату (формат А5, таралымы: 1500 дана, мемлекеттік және орыс тілдерінде). Мерзімі – 2019 жылғы мамыр;
  • БАҚ шақырылуымен мәдени-сауық мекемелері негізінде  жеңімпаздарды марапаттаумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта Қарағанды қаласының журналистері арасында қалалық конкурс ұйымдастыру және өткізу. Мерзімі –2019 жылғы шілде;
  • ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен бірлесіп, Қарағанды қаласының мекемелерінде, кәсіпорындарда және ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру және жүргізу. Мерзімі – тоқсан сайын.

28

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-, бейнероликтер жасауды қарастыру және трансляциялауды қамтамасыз ету.

Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына бейнероликтер жасалып және  В Контакте, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде, Орталықтың ресми аккаунттарында сондай-ақ студенттік және жастардың қоғамдық байланыстарында таратылады.

29

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің мәселелері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы» бағыты бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуметтік жарнаманы өндіруге мен орналастыруға бюджеттік қаражат бөлу.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Нет дороги к коррпции» жобаны іске асыру бойынша ҮЕҰ әлеуметтік жарнаманы дайындауға және орналастыруға 140.000 теңге қаражат қарастырылған.

30

Мемлекеттік органдар орналасқан ғимараттар мен үй-жайларда азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша әлеуметтік жарнама шағын-плакаттарын орналастыру.

Қазіргі уақытта азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуына бағытталған әлеуметтік жарнама шағын-плакаттары Қарағанды қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері арасында әзірленіп, орналастырылды.

Стратегияны іске асыруды бағалау  және мониторинг

32

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру туралы жыл сайынғы есепті БАҚ-да жариялау.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде Қарағанды қаласы әкімдігінің http://www.karaganda-akimat.gov.kz ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу туралы есебі жарияланды.

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл

33

Әлеуметтік әріптестік бойынша үш жақты комиссия шеңберінде еңбек шартын жасай отырып, жалданушы қызметкерлерді пайдалану жөнінде жұмыс берушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Еңбек құқықтық қатынастарының бір проблемалық мәселесі көлеңкелі жұмыспен қамту, бейресми еңбек қатынастары, жұмыскерлердің еңбегін еңбек шартынсыз пайдалану болып табылады.
Жалдамалы қызметкерлерді «көлеңкеден» шығару үшін «Еңбек шартын жасаңыз» республикалық акциясы аясында жұмысы жүргізілуде.
Акциясы аясында азаматтарды еңбек саласындағы құқықтық ақпараттандыру мақсатында үнемі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, халық үшін еңбек қатынастарын формализациялау, бұдан әрі азаматтардың зейнеткерлік және медициналық сақтандыру жүйелерінің жоспарында қажеттілігі мен маңыздылығы туралы.
Мерзімді баспасөз басылымдарында тиісті материалдар жергілікті атқарушы органдардың сайттарында, әлеуметтік желілер арқылы ресми және жеке аккаунттарда орналастырылады еңбек қатынастарын заңдастыру негізгі бағыттары мен артықшылықтары түсіндіретін ақпарат жарияланады.
Әлеуметтік әріптестік, қаланың кәсіподақтары акцияға белсене қатысуда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын әлеуметтік желілерде, блог-платформалар танымал қауымдастықтардағы тиісті материалдар мен ақпараттың қажеттілігі және маңыздылығы туралы халықты жұмыспен қамтуды заңдастыруды, тараптар орналастыру  тұрақты негізде жүргізілуде.
«Еңбек шартын жасаңыз»  акциясы аясында қаланың кәсіподақтарымен жүйелі түрде еңбек ұжымдарымен кездесу өткізіледі.
Кәсіпкерлер Палатасында «Ыстық желі» құрылды, ол арқылы азаматтар еңбек заңнамасы бойынша консультация, еңбек саласындағы заңнаманы бұзылуы туралы хабарлау, жұмыс берушілер еңбек шартын жасамағаны туралы мүмкіндігі. «Еңбек шартын жасаңыз» акциясы туралы мәліметтер Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасының сайтында орналастырылған.
2019 жылғы 27 наурызда әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік  және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты қалалық комиссияның отырысын өткізу барысында «Еңбек шартын жасаңыз» акциясы аясында жеке кәсіпкерлік субъектілері (жалға алушылар) кәсіпкерлік қызметті базарларда, супермаркеттерде, сауда үйлерінде жүзеге асыратын жұмысшылармен еңбек шарттарын жасауларына меншік иелері, коммерциялық объектілер мен еңбек инспекторларын тарта отырып, жұмыс жүргізу шешімән қабылдады.


Дата редактирования: 07 Мая 2019 13:29

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина