Қарағандыда
  • USD 386.71
  • EUR 429.17
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

2019 жылдың 1 тоқсыны бойынша Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспа

р/с

Ісшаралар атауы

Аяқтау нысаны

Орындау үшін  жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

Ұйымдастыру ісшаралары

1

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған ведомстволық және өңірлік жоспарлар әзірлеу және бекіту.

Жоспар

МжСБҮБ (жинақ),
аудан әкімдері,
ММ басшылары

2018 жылғы
қараша

2

Тоқсан сайын жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысын қаланың жергілікті атқарушы органдары, квазимемлекеттік сектор басшыларының есептерін тыңдау арқылы өткізу.

Комиссия отырысының кестесі

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты

Тоқсан сайын

3

Қызметкерлер үшін дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыру.

Дөңгелек үстел, семинарлар, кеңестер, Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

МжСБҮБ (жинақ),
Заң бөлімі,
аудан әкімдері,
ММ басшылары

Тоқсан сайын

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

4

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысы туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа тартылғандар (2019 жылғы қаңтардан), мемлекеттік қызметтен босатылғандар туралы ақпарат (толық анкеталық мәліметтер, фотосурет) орналастыруды қамтамасыз ету.

Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

МжСБҮБ (жинақ),
баспасөз-хатшы,
аудан әкімдері,
ММ басшылары

2019-2020 жылдардың
1 тоқсаны

5

Қала әкімдігінің, аудан әкімі аппараттарының интернет-ресурстарында тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті іс-шаралар бойынша тиісті ұсыныстар енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етілуін (блог форматында, бұл ұсыныстарды ашық қолжетімділікте сайтта тұрақты орналастырумен) ұйымдастыру.

Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

Баспасөз-хатшы,
МКҚБжАҚБ,
аудан әкімдері

2019 жылдың 2 тоқсаны

6

Халыққа көрсетілетін қызметтердің тізбесіне талдау жасау және оларды мемлекеттік қызметтер тізіліміне қосу жөнінде ұсыныстар енгізу.

АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөліміне ақпарат

МКҚБжАҚБ,
аудан әкімдері,
ММ басшылары

Жыл сайын

7

Қызмет аясы сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым жақын болып табылатын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия  отырыстарында тыңдау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамалары

Қарағанды қаласы
әкімінің аппараты

Тоқсан сайын

8

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта жеке мақсатта пайдалануының алдын алу үшін автомобиль шанағына мемлекеттік мүлік статусын бекітетін айырым белгісінің болуын қамтамасыз ету.

Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

МжСБҮБ (жинақ),
аудан әкімдері,
ММ басшылары

Тұрақты
2018-2020 жылдары

9

Қызметтік автомашиналарды ұтымды және тиімді пайдалану қажеттігі туралы қала әкімдігінің қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, қызметтік автомашиналардың жұмыстан тыс уақытта рұқсат құжаттарынсыз жүру фактілерін жою.

АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөліміне ақпарат

Әдеп жөніндегі уәкіл

Тұрақты

10

Тұрғын үйлер, жер учаскелерін бөлу кезінде мүдделер қайшылығы мәселелері бойынша мониторинг жүргізу. Мүдделер қайшылығын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау жөнінде шаралар қолдануды қамтамасыз ету.

АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөліміне ақпарат

Әдеп жөніндегі уәкіл,
Персоналды басқару қызметі

Тұрақты

11

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін мемлекеттік қызметте сақтау бойынша тұрақты мониторинг жүргізу.

АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөліміне ақпарат

Әдеп жөніндегі уәкіл,
Персоналды басқару қызметі

Тұрақты

Қоғамдық бақылау институтын енгізу және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға
азаматтарды, азаматтық қоғам институттарын тарту

12

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымы алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу.

АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөліміне ақпарат

Білім бөлімі

Жыл сайын
15 мамырдан кешіктірмей

13

Үкіметтік емес ұйымдар арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру.

АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөліміне ақпарат

ІСБ

Жыл сайын
15 мамырдан кешіктірмей

14

Әдістемелік ұсынымдар әзірлей отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу.

АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөліміне ақпарат

ІСБ

2019 жылдың
1 тоқсаны

15

«Сенім телефонымен» және бірінші басшылардың жеке қабылдау кестелерімен ақпараттық стенділер орналастыру.  «сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуін жалғастыру.

АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөліміне ақпарат

БжҚҚБ,
аудан әкімдері,
ММ басшылары

2018-2020 жылдардың
1 тоқсаны

16

Мемлекеттік сатып алу рәсімдеулерін өткізудің ашықтығын арттыру.

АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөліміне ақпарат

МАжСАБ

Тұрақты

17

Жер кодексі нормалары талаптарының бұзылу деректерінің алдын алу, жер учаскелерін бөлу кезінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау.

АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөліміне ақпарат

ЖҚСжҚҚБ

Тұрақты

18

Коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алуға мұқтаж азаматтарды есепке алу, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Интерет-ресурстарына ақпарат орналастыру, Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

ТҮҚБ

2018 жылғы желтоқсан

19

Тұрғындардың әртүрлі санаттары арасында сыбайлас жемқорлық ұғымын, онымен кездескен жағдайда азаматтардың іс-әрекет ету тәртібін, сол сияқты мұндай деректерге жәрдемдескені үшін жауапкершілікті түсіндіретін жаднама әзірлеу және тарату.

Жаднама,
Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

МжСБҮБ,
аудан әкімдері,
ММ басшылары

2019-2020 жылдардың 10 желтоқсаннан кешіктірмей

20

Әрбір мемлекеттік мекемеде жұмыста жақсы нәтиже көрсеткен қызметкерлер туралы ақпарат берілетін «Құрмет тақтасын» орналастыруды, сол сияқты «Тоқсанның үздік мемлекеттік қызметшісі» атағына ұсыну мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жұмысына міндетті түрде тоқсан сайын ішкі бағалау жүргізу.

Тақталар орнату, Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

Персоналды басқару қызметі (жинақ),
аудан әкімдері,
ММ басшылары

Жыл сайын

21

Мемлекеттік органдардағы моральді-психологиялық ахуалды зерделеуге сондай-ақ  Әдеп кодексін сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында жасырын сауалнама жүргізу. Жасырын сауалнаманы талдау негізінде мемлекеттік органдар үшін нұсқаулықтар жасап шығару.

АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөліміне ақпарат

Әдеп жөніндегі уәкіл

Жарты жылдықта 1 рет

22

Мектеп әкімшілігінің әртүрлі шығыстарға ақша жинауы туралы ата-аналар арасында сауалнама жүргізу.

Сауалнама нәтижелері
ББ-на және АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөліміне ақпарат

Білім бөлімі

Тоқсан сайын

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру

23

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша ісшаралар жүргізуді қарастыру.

АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөліміне ақпарат

ІСБ (жинақ),
аудан әкімдері,
ММ басшылары

Жыл сайын

24

Жастар ұйымдарын тартумен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мәселесін оқу-тәрбие үдерісіне енгізумен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша жұмыс жоспарын бекіту.

Жұмыс жоспары,  Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

ІСБ (жинақ),
Білім бөлімі

2019-2020 жылдардың
1 тоқсаны

25

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттеріне қатысу.

Өңірлік слеттер, Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

Білім бөлімі

2019-2020 жылдардың
3 тоқсаны

26

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбы бойынша үздік журналистік жарияланымға БАҚ өкілдері үшін конкурстар өткізу.

Конкурстар,
Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

ІСБ (жинақ),
ЖРО

 

Жыл сайын

27

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу мәселелері бойынша көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдерінің, саяси партиялардың, жұртшылықтың сөз сөйлеуін қарастырып, сондай-ақ олардың брифингтерге, интернет-конференцияларға, телебағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз етіп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысын, БАҚ-та мақалалар, сұхбаттар жариялау, теле-, радиохабарлар шығаруды ұйымдастыру бойынша жоспарлар,
Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

ІСБ (жинақ),
ЖРО

2019-2020 жылдардың
2 тоқсаны

28

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-, бейнероликтер жасауды қарастыру және трансляциялауды қамтамасыз ету.

Аудиоджинглер мен бейнероликтер жасау және трансляциялау, Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

ІСБ (жинақ),
ҮЕҰ,
мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын

29

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің мәселелері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы» бағыты бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуметтік жарнаманы өндіруге мен орналастыруға бюджеттік қаражат бөлу.

Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

ІСБ (жинақ),
ЭжҚБ,
ҮЕҰ

Жыл сайын

30

Мемлекеттік органдар орналасқан ғимараттар мен үй-жайларда азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша әлеуметтік жарнама шағын-плакаттарын орналастыру.

Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

МжСБҮБ (жинақ),
аудан әкімдері,
ММ басшылары

Жыл сайын

Стратегияны іске асыруды бағалау  және мониторинг

31

Тұрғындар тарапынан сыртқы бағалауды алу мен қоғамдық пікірді ескеру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралар туралы есепті, ақпаратты БАҚ-да, сондай-ақ қала әкімдігінің сайтында жариялау.

Жарияланымдар, Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

МжСБҮБ (жинақ),
баспасөз-хатшы,
ІСБ,
аудан әкімдері,
ММ басшылары

Жыл сайын жыл қорытындысы бойынша
10 сәуірден кешіктірмей

32

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру туралы жыл сайынғы есепті БАҚ-да жариялау.

Есеп,
Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

МжСБҮБ (жинақ),
баспасөз-хатшы,
ІСБ,
аудан әкімдері,
ММ басшылары

Жыл сайын жыл қорытындысы бойынша
15 наурыздан кешіктірмей

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл

33

Әлеуметтік әріптестік бойынша үш жақты комиссия шеңберінде еңбек шартын жасай отырып, жалданушы қызметкерлерді пайдалану жөнінде жұмыс берушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Қарағанды қаласы әкімінің аппаратына ақпарат

ЖҚжӘББ

Тоқсан сайын

 

Ескерту: аббревиатураларды ашып жазу:
БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары
ББ – Қарағанды облысының білім басқармасы
БжҚҚБ – Қала әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
ЖҚжӘББ – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
ЖҚСжҚҚБ – Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі
ЖРО – Жастар ресурстық орталығы
МАжСАБ – Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі
МжСБҮБ – Қала әкімі аппаратының АҚ және ТЖ мәселелерін, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіру бөлімі
МКҚБжАҚБ – Қала әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
ММ – Мемлекеттік мекеме
ҮЕҰ – Үкіметтік емес ұйымдар
ІСБ – Ішкі саясат бөлімі
ЭжҚБ – Экономика және қаржы бөлімі


Дата редактирования: 07 Мая 2019 13:33

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина