Қарағандыда
  • USD 389.81
  • EUR 430.27
  • RUB 6.06
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу

Мемлекеттік қызмет паспорты



Мемлекеттік қызметтің атауы

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметті көрсету орны

"Қарағанды қаласының Қазыбек би ат. аудан әкімі аппараты", "Қарағанды қаласының Октябрь  аудан әкімі аппараты" азаматтық хал актілерін тіркеу қызметтері , 

Мемлекеттік корпорация(ХҚО),
«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы , Кентінің әкімі

Қызмет ақысы

Неке қиюды мемлекеттік тіркеу үшін 1  (бір) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі  - АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. 
Некені қию туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзетумен қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін - 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес, белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді. 
Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлесе берген өтініші бойынша тиісті құжаттармен (дәрігерлік-біліктілік комиссияның жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталатын дәлелді себептердің  болуы кезінде (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір ай өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың берген жазбаша өтініші негізінде оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады;
ерекше мән-жайлар (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың ниеті бойынша, себебі мен растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі;
неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты тіркеу рәсімінің ұзақтығы 20 (жиырма) минуттан аспауы тиіс;
азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз)  күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
порталда –неке (ерлі-зайыптылықты)  тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама алу  – 1 (бір) жұмыс күн. 
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

Мемлекеттік қызметі алу үшін қажетті құжаттар

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) мемлекеттік қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжаты  (тұлғаны сәйкестендіру үшін); 
3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
шетелдіктер қосымша ұсынады:
4) некеге құқық қабілеттігі туралы анықтаманы;
6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік Қазақстан Республикасының iшкi iстер органы берген Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін құжатын ұсынады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында  тiркелген құжатын ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжатты көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады.
6) қажет болған жағдайда – өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсаты. 
Заңмен белгіленген неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде, қосымша мерзімді ұзартудың немесе қысқартудың негізін растайтын құжаттар: дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар ұсынылады.
Заңмен белгіленген неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендету қажет болған кезде, қосымша ұсынылады:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендету туралы өтініш;
2) белгіленген  неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендету қажеттігін растайтын құжаттар: дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы немесе ортақ баланың туу және әкелік анықтау туралы куәліктерінің көшірмелері (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін);
3) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) тұлғалардың заңды өкілдерінің келісімі;
4) заңды өкілдерінің құзыретін растайтын құжаттар.
Бұрынғы некелері (ерлі-зайыптылықтары) болған жағдайда, мәліметтерді тексеру үшін растайтын құжаттар ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың түпнұсқаларының түпнұсқалылығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Порталда (Қазақстан Республикасының азаматтарына некені бірінші рет тіркеу үшін):
1) көрсетілетін қызметті алушылардың, некеге тұрушы екі адамның да ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;
2) неке қиюды (ерлі-зайыптылық болуды) тіркеу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – неке қиюды (ерлі-зайыптылық болуды) тіркеу туралы анықтама;
3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;
4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат; 
5) өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжат.
Өз құзіреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен кейін қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін  қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы жыртылмалы талон беріледі.
10. Неке қиюды (ерлі-зайыптылық болуды) тіркеуге бас тартуға өтінішті берген жағдайда мыналар негіз болып табылады: 
1) бір жынысты адамдар;
2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыптылықта болатын) тұлғалар;
3) жақын туыстардың арасында;
4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың арасында;
5) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауру немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында;
6) өкіл арқылы;
7) көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған жағдайда;
8) егер тіркеуші органның, неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі болатын, жағдайлардың бар екенін растайтын дәлелдері болса.
Көрсетілетін  қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ, егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Порталда электрондық өтінішті қабылдау көрсетілетін  қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін  қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, құжаттардың  электронды көшірмелері ұсынылады.
Көрсетілетін  қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

  1. Астана және Алматы қалаларының, аудандардың   және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО,  кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, өтініштің қағаз түрінде қабылданғанын  растайтын құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі болып табылады;
  2. портал арқылы - көрсетілетін  қызметті алушының «жеке кабинетінде» сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі және некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күнін тағайындау туралы көрсетіледі.

Қызметті көрсету нәтижесі

жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен, қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.

 


Дата редактирования: 26 Мая 2016 11:59

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина