Қарағандыда
  • USD 387.48
  • EUR 428.98
  • RUB 6.05
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

Мемлекеттік қызмет паспорты



Мемлекеттік қызметтің атауы

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметті көрсету орны

 «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қызмет ақысы

Тегін

Қызметті көрсету мерзімі

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
      порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут;
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.

Мемлекеттік қызметі алу үшін қажетті құжаттар

      көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
      3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
      4) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;
      5) банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы (бұдан әрі – анықтама);
      Құжаттарды тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрлерінде беріледі, одан кейін түпнұсқасы қызмет алушыға қайтарылады.
      порталға:
      жәрдемақы тағайындау үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш сұрау салу;
      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі;
      анықтаманың электрондық көшірмесі;
      жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, банктік шоттың нөмірі туралы, мүгедектік туралы құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
      көрсетілетін қызметті берушіде – мемлекеттік қызметтің тіркелген күні, берілген күні және құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;
      Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
      Жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны беру көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіде – өтініштің үзбелі талонының негізінде;
      Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Қызметті көрсету нәтижесі

      Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды (бұдан әрі – материалдық қамсыздандыру) тағайындау туралы хабарлама.

 


Дата редактирования: 27 Мая 2016 10:00

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина