Қарағандыда
  • USD 389.59
  • EUR 429.06
  • RUB 6.05
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру

Мемлекеттік қызмет паспорты



Мемлекеттік қызметтің атауы

Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметті көрсету орны

 «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 
Мемлекеттік корпорация(ХҚО)

Қызмет ақысы

Тегін

Қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 10 минут;
ХҚО-да және порталда – 15 минут; 
2) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут; ХҚО-ға жүгінген кезде – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут; ХҚО-ға жүгінген кезде – 15 минут.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар

көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігі), оралмандар үшін – оралман куәлігі (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет).
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттағы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. 
Көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. 
Портал арқылы сұрау берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

Қызметті көрсету нәтижесі

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама).

 


Дата редактирования: 27 Мая 2016 10:33

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина