Қарағандыда
  • USD 377.33
  • EUR 424.68
  • RUB 5.92
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою

Мемлекеттік қызмет паспорты



Мемлекеттік қызметтің атауы

Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметті көрсету орны

 «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қызмет ақысы

Тегін

Қызметті көрсету мерзімі

      1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге, порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызмет берушіде құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсыру үшін жүгінген кезде күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут, Мемлекеттік корпорацияға және порталға жүгінген кезде – 15 минут.
      3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут, Мемлекеттік корпорацияда және порталда – 20 минут.

Мемлекеттік қызметі алу үшін қажетті құжаттар

көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға:
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі), оралмандар үшін – оралман куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі көрсетілетін қызмет алушы жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қоюға өтінішті (бұдан әрі – өтініш) толтырады.
      порталда:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші толтырылады.
      Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті алушының дербес деректері автоматтандырылған ақпараттық жүйеге жауапты адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында толтырылады;
      2) Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі;
      3) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, қызметкер осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Қызметті көрсету нәтижесі

қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама.

 


Дата редактирования: 27 Мая 2016 10:07

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина