Қарағандыда
  • USD 386.71
  • EUR 429.17
  • RUB 6.02
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

Мемлекеттік қызмет паспорты



Мемлекеттік қызметтің атауы

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметті көрсету орны

 «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, тел.: 35912;

«электрондық үкіметтің» веб-порталы

Қызмет ақысы

Тегін

Қызметті көрсету мерзімі

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округтің әкіміне тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні;
      әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген не олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің қажетті құжаттарды беру мүмкіндігі болмаған жағдайда – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты кезектегі адамдардың санына байланысты – бір көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсету үшін 30 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Мемлекеттік қызметі алу үшін қажетті құжаттар

       көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне:
      1) әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді көрсете отырып, еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отбасының құрамы туралы мәліметтер;
      5) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
      6) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.
      порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) электрондық өтініште көрсетілген мәліметтердің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес толтырылған нысандары.

Қызметті көрсету нәтижесі

Әлеуметтiк көмек тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап болып табылады

 


Дата редактирования: 27 Мая 2016 10:14

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина