Қарағандыда
  • USD 376.26
  • EUR 425.63
  • RUB 5.68
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Денсаулық

2016 жылдың I- жартыжылдығының қорытындылары бойынша Қарағанды қаласында денсаулық сақтаудың көрсеткіштері

 

          

Сәбилер өлімінің көрсеткіштері:

Есепті кезеңде қала бойынша 55 сәби өлімі тіркелген (2015 жылдың I- жартыжылдығында –41).

2016 жылдың I- жартыжылдығының қорытындылары бойынша Қарағанды қаласында 1000 тірідей туылғандарға шаққандағы сәбилер өлімінің көрсеткіші 11,9 (2015 жылдың I- жартыжылдығында – 8,9). Сәбилер өлімінің көрсеткіші қала бойынша 1,3 есе, яғни 25% өскен.

           Қарағанды қаласы бойынша сәби өлімі көрсеткішінің өсуіне ықпал еткен себептер:

           Қазақстан Республикасында жүкті әйелдерге перинаталдық көмекті аймақтауға байланысты Қарағанды қаласында орналасқан перзентханаларда жүкті әйелдердің басқа аймақтардан келіп босануларына құқықтары бар.

           2016 жылдың I- жартыжылдығында Қарағанды қаласында қайтыс болған 55 сәбидің 12-і басқа аймақтардан келіп босанған әйелдердің сәбилері: Теміртау қаласынан - 4, Саран қаласынан - 2, Нұра ауданынан - 1, Шет ауданынан - 1, Ақтоғай ауданынан - 1, басқа шет елдерден – 3.

           Сондай ақ Қарағанды қаласы бойынша сәби өлімі көрсеткішінің өсуіне ықпал еткен басқа да себептермен түсіндіріледі:

- бала көтеруге жарамды жастағы әйелдердің жалпы денсаулық деңгейінің төмендігімен;

- перинатальдық себептермен;

- туа біткен ауытқушылықтармен;

- жүкті әйелдерге сапалы медициналық бақылауды ұйымдастырудың жеткіліксіздігі мен төмен деңгейі және басқа да себептермен түсіндіріледі.

Қала бойынша ана мен сәби өлімдері жағдайы туралы айлық мониторинг жүргізіледі. 

2016 жылы ана мен сәби өлімдері жағдайы туралы сұрақ тұрғындардың денсаулығын сақтау бойынша қалалық Үйлестіру Кеңесінің отырыстарында Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен сәбиді қорғау бөлімі басшысының  қатысуымен қаралды. Отырыс шешімдерімен әлеуметтік әл – ауқаты төмен отбасылармен жүргізілетін жұмыс шараларын күшейту ұсынылды.   

Қазіргі кезеңде Қарағанды қаласында ана мен сәби денсаулықтарын қорғау бойынша  Ведомствоаралық кешенді жоспарға сәйкес ведомствоаралық және секторальдық өзара іс – әрекеттерді үйлестіруді қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Ана өлімінің көрсеткіштері:

2016 жылдың I- жартыжылдығында Қарағанды қаласында 2 ана өлімі жағдайы тіркелген (2015 жылдың I- жартыжылдығында 3 жағдай), 100 мың тірідей туылғандарға шаққандағы көрсеткіш 43,3 (2015 жылдың I- жартыжылдығында 64,8). Қарағанды қаласы бойынша ана өлімінің көрсеткіші өткен жылдың I- жартыжылдығымен салыстырғанда 21,5% төмендеген.  

           Туберкулезбен ауыру көрсеткіштері:

2016 жылдың I- жартыжылдығында Қарағанды қаласында туберкулезбен алғашқы рет ауырған 112 адам анықталған (2015 жылдың I- жартыжылдығында – 180 адам), туберкулезбен алғашқы рет ауырған адамдар саны 48 адамға төмендеген.

Туберкулезбен ауырудың 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 22,5 (2015 жылдың I- жартыжылдығында  – 36,5).

           Туберкүлезбен ауыру 2016 жылдың I- жартыжылдығында  Қарағанды қаласында 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,0%  төмендеген,.  

2016 жылдың I- жартыжылдығында Қарағанды қаласында туберкулез ауруынан 13 адам қайтыс болған (2015 жылдың I- жартыжылдығында – 18 адам).

Туберкулезден өлім көрсеткіші жалпы қала бойынша 28,0 % төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда - 2,6 болды (2015 жылдың I- жартыжылдығында – 3,6).

            

 

Дата cоздания: 22 Июля 2016 13:33
Дата редактирования: 22 Июля 2016 13:35