Қарағандыда
  • USD 377.95
  • EUR 431.20
  • RUB 5.66
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Жаз-2018

«Салют» орталығындағы жазғы сауықтыру маусымы жалғасуда

Жыл сайын балалар мен жеткіншектерді сауықтыру, өскелең ұрпақтың арасында салауатты өмір салтын және белсенді бос уақытты насихаттау мақсатында Бұқар-Жырау ауданының Асыл кентінде орналасқан №2 өнер мектебінің «Салют» балалар сауықтыру орталығында оқушылардың демалысын ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс атқарылады.

Ағымдағы жылдың маусым айында орталықта 384 балалар демалып үлгерсе, қазіргі таңда 2 маусымда демалыпен және сауықтыруымен тағы 474 бала қамтылуда.

Тәжірибелі педагогтар мен тәрбиешілердің әзірлеген оқыту-сауықтыру бағдарламасы байқаулар, дискотекалар, спорттық эстафеталар, викториналар, ойындар, мәдени-танымдық ісшаралар, балалардың қызығушылықтары бойынша сабақтардан тұрады.

Сонымен қатар, орталықта өткізілетін іс-шаралар ағымдағы маусымда Астана қаласының 20 жылдығына арналып өткізіледі.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина