Қарағандыда
  • USD 378.17
  • EUR 429.11
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Жаз-2018

Қауіпсіздік ережелеріне байланысты сабақтар

Жыл сайын жазғы мезгілде Қарағанды қаласының білім бөлімі Қарағанды қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі Басқармасымен бірлесіп мектепішілік және бейіндік лагерьлерге қатысып жүрген балалар үшін «Қауіпсіз жаз» атты акция аясында қауіпсіздік техникасы жөнінде алдын ала іс-шараларын ұйымдастыру бойынша жұмыстар атқарады.

Ағымдағы жылда 300-ден астам бала қамтылған алдын алу іс-шаралары №38 гимназия және №85 ОМ өткізілді.

Аталған іс-шаралар барысында төтенше жағдайлар Басқармасының қызметкерлері балаларға суда жүру ережелерін түсіндіріп, зардап шеккен жағдайда алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен таныстырды, көрнекі түрде құтқарудың негізгі жабдықтарын (құтқару шеңбері, құтқару құралы, қалқыма белгі) көрсетті. Сонымен қатар, іс-шаралар соңында балалармен ойын викториналары мен байқаулар өткізіліп, суда жүру ережелері туралы мультфильм көрсетілді.

Жоғарыда аталған акция аясында алдын алу іс-шаралары ағымдағы жылы жаздың барлық айларында өткізіледі.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина