Қарағандыда
  • USD 377.95
  • EUR 431.20
  • RUB 5.66
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Жаз-2018

«Салют» балалар сауықтыру орталығындағы Астана күні

«Салют» балалар сауықтыру орталығында Астана күніне арналған «Астана-арман қала!» тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Таңнан бастап балалар сауықтыру орталығы шығармашылығымен белсенді болды! Балалар Астана қаласының және оның көрікті жерлерінің суретін салды, әртүрлі қызықты коллаждар жасады. «Мен және менің астанам» атты шығармашылық байқауы көрмемен аяқталды. Мерекелік күнді футболдан жасақтар арасында өткізілген жарыс жалғастырды. Соңында «Астана арман қала!» тақырыбында концерттік бағдарлама өтті Концерттік бағдарламада 5-ші жасақтың қазақ биі, Рахат Саматтың «Астана», Михайл Журавлевтің «На крылях мечты» әндері, 2-ші жасақтың хор, 9-шы, 3-ші, 4-ші жасақтардың билері орындалды. 5-ші топтың жетекшілері Капият Аяулым және Чаудари Алина қобыздың дыбыстары арқылы балаларды классикалық қазақ шығармашылығының ерекшелігін көрсетті. Балалардың мерекелік күннен алған әсерлері мен жақсы көңіл-күйлері көпке дейін тарқамады. Астана туған күніңмен!

 

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина