Қарағандыда
  • USD 379.36
  • EUR 424.47
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Жаз-2018

«Салют» орталығында сауықтыру маусымы жалғасуда

Бұқар-Жырау ауданының Асыл кентінде орналасқан «Салют» балалар сауықтыру орталығында оқушылардың демалысын ұйымдастыру бойынша жыл сайын қалада белсенді жұмыс жүзеге асырылады.

Қала сыртындағы «Салют» орталығында сауықтыру маусымы ағымдағы жылдың 18 маусымында басталды. Орталықта 3 ауысым бойынша 1500-ге жуық бала демалып алуға үлгерді.

Ағымдағы жылдың 4 тамызында №83 орта мектептен қала мектептерінде оқитын 300-ден астам балалар IV ауысымға «Салют» орталығына демалысқа жіберілді.

Орталықта балаларға қызықты ойындар, танымдық бағдарлама, оның ішінде байқаулар, балалардың қызығушылықтары бойынша сабақтар, мәдени және спорттық ісшаралар ұсынылады. Сонымен қатар, орталықта қазіргі заманға сай жүзу бассейні орналасқан. Балалардың қызығушылықтарын қолдау мақсатында орталықта әртүрлі үйірмелердің жұмысы ұйымдастырылады және спорттық алаңдар жұмыс істейді.

2018 жылдың жаз мезгілінде орталықта сауықтыру демалысымен жалпы 2 мыңнан астам балалар қамтылады.

Сонымен қатар, орталықта өткізілетін іс-шаралар ағымдағы маусымда Астана қаласының 20 жылдығына арналып өткізіледі.

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина