Қарағандыда
  • USD 379.36
  • EUR 424.47
  • RUB 5.88
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

Жаз-2018

«Салют» орталығында сауықтыру маусымы аяқталды

Қарағанды қаласының білім бөлімі балалардың жазғы уақытта демалысын және сауықтыруын ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударады.

Міне, бүгін «Салют» балалардың сауықтыру орталығына демалуға барудың (5 ауысым) демалысы да аяқталды.

Сауықтыру демалысы баланың күш-қуатын, денсаулығын арттыруға, денеге түсетін және психологиялық ауырлықты жеңілдетуге көмектеседі, баланың жаз мезгілінде бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, сонымен қатар дене шынықтыру және интеллектуалдық аспекттерде түзету және дамыту жұмысын ұйымдастыруға ықпал етеді.

Балалармен жазғы уақытта жұмыс жасаудың мақсаты олардың демалу, сауығу, бос уақыттарын ұйымдастыру үшін тиімді шарттарды жасау, құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар, жетім және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балалары сауықтыру демалысымен басым түрде қамтамасыз етіледі. Мектеп жанындағы және бейіндік лагерлермен қатар балалардың демалысы Бұқар-Жырау ауданының Асыл селосында орналасқан «Салют» атты балалар сауықтыру орталығында ұйымдастырлады. Биылғы жылы жаз мезгілінде орталықта 5 ауысымда (1 ауысым - 12 күн) 2 мыңға жуық балалардың демалысы ұйымдастырылды.

Балалар күн сайын көкөністермен және жемістермен байытылған тағаммен 6 мезгіл тамақтандырылды. Ойын-сауық-танымдық бағдарламаға күнделікті дискотека, конкурстық бағдарламалар, эстафеталар, викториналар, ойындар, мәдени-танымдық іс-шаралар, балалардың қызығушылығы бойынша кәсіптер кіреді.

Сонымен қатар, орталықта демалыс уақытында балалар өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерін жетілдіре және дамыта алуы үшін хореографиялық, музыкалық, вокалдық студиялар және бейнелеу студиясы жұмыс жасайды. «Үміт» қоғамыдық бірлестікпен бірге нашақорлықты алдын алу мақсатында балалар үшін семинар-тренингтер және «Мир добра» қоғамдық бірлестікпен балалар үшін әр ауысымда қауіпсіздік негіздері бойынша курстар, мастер-кластар ұйымдастырылды.

Балаларға арналған орталық территориясында тәжірибелі нұсқаушы жетекшілігімен футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисін, сонымен қатар әскери-қолданбалы және спорттық сауықтыру (тэйквондо) бағыты бойынша балалар өз уақытын өткізе алуы үшін спорттық алаңқайлар бар. Орталықтағы қауіпсіздік бұл: тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін медициналық пункт, орталық территориясын күзететін тәуліктік күзет.

2018-2019 жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға шығармышылық табыс және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

Афиша

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина