Қарағандыда
  • USD 402.37
  • EUR 449.81
  • RUB 5.86
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

«Жастар есірткіге қарсы!»

Главная«Жастар есірткіге қарсы!»

«Жастар есірткіге қарсы!»

Бүгінгі күні нашақорлық туралы бүкіл әлемде айтылады. Бұл мәселе саясаткерлерді, дәрігерлерді, әлеуметтанушыларды, заңгерлерді, педагогтарды алаңдатады. Болжамды мәліметтер бойынша әлемде миллиардтан астам нашақорлар бар. Бұл-әлеуметтік трагедия.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық шеңберінде, жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапты қарау, салауатты өмір салты заңдарын сақтауға дайындығы, есірткінің адамның физикалық денсаулығына және оның әлеуметтік әл-ауқатына теріс әсері туралы түсініктерді қалыптастыру, есірткіні пайдаланудың кез келген түрінен бас тартуға саналы түрде дайындыққа ықпал ету мақсатында «Молодежный» Мәдениет үйінің мәдениет қызметкерлері 19 маусымда «Жастар есірткіге қарсы!» атты іс–шара өткізді. Әңгіме барысында оқушылар ең алдымен зұлымдықтың алдын алу мәселелерін анықтауға тырысты, өйткені ол нашақор болған адамды түзеткеннен оңай. Алайда, нашақорларды құтқару үшін күрестегі табыс тек дәрігерлерге ғана байланысты емес екенін ұмытпаған жөн. Ең алдымен өзімізге, қоршаған ортаға, балаларға қалай қарайтынымызға, жастардың өсуі мен дамуы үшін қандай жағдай жасалатынына, оның отбасында, мектепте, қоғамда қандай тәрбиесі болатындығына байланысты. Әңгіме соңында балалар спорттық жарыстарға үлкен қызығушылықпен қатысты.

 


Вернуться назад


Дата редактирования: 24 Маусым 2019