Қарағандыда
  • USD 389.59
  • EUR 429.06
  • RUB 6.05
Қала әкімдігінің ресми интернет ресурсы

«Салют» балалар сауықтыру орталығында демалыс – 5 маусым

Главная«Салют» балалар сауықтыру орталығында демалыс – 5 маусым

«Салют» балалар сауықтыру орталығында демалыс – 5 маусым

 

Қарағанды қаласының білім бөлімі балалардың сауықтырылуын ұйымдастыру, балалар мен жеткіншектердің арасында салауатты өмір салтын және белсенді демалысты насихаттау мақсатында Бұқар-Жырау ауданының Асыл кентінде орналасқан «Салют» балалар сауықтыру орталығында оқушылардың демалысын ұйымдастыру бойынша жыл сайын белсенді жұмысты жүзеге асырады. 

Ағымдағы жылдың 11 тамызы №102 мектеп-гимназиясынан қала мектептерінде оқитын 260-қа жуық бала 5 ауысымға «Салют» орталығына демалысқа жіберілді.

Орталықта балаларға қызықты танымдық бағдарлама, оның ішінде байқаулар, ойындар, мәдени ісшаралар және балалардың қызығушылығы бойынша сабақтар ұсынылады.

Орталықта демалыс уақытында балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін жетілдіре және дамыта алуы үшін әртүрлі үйірмелер  жұмыс жасайды. Балалар орталығының аумағында спорттық алаңқайлар бар, онда балалардың тәжірибелі нұсқаушының жетекшілігімен футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисін ойнауға мүмкіндіктері болады.  

Асханада балаларға күніне 5-рет көкөнiс және жемiстермен қаныққан  тамақ (таңертеңгi ас, түскі ас, түстік, кешкi ас, екiншi кешкi ас) ұсынады.

 


Вернуться назад


Дата редактирования: 24 Маусым 2019

Мақтан тұтамыз!

Бокс

ГеннадийГоловкин

Бокс

СерикСапиев

Футбол

ФК
Шахтер

Коньки

АйдоваЕкатерина