• 3815 барлығы
  • 26 бір айлық
  • 0 апта ішінде

Тұрғын үй көмегі

Тұрғын үй көмегі – Қарағанды қаласының тұрғындарын әлеуметтік қолдау

Тұрғын үй көмегі – тұрғын үйді (тұрғын ғимарат) ұстау, тұтынылған коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді жалдау, байланыс қызметтері бойынша шығындарды төлеуге, табыстары төмен тұрғындарды әлеуметтік қорғау нысандарының бірі. Жәрдемақының бұл түрі қызмет көрсету шығындары отбасының жиынтық табысының 8%-н, ал мүгедектер үшін 6%-н  асатын, Қарағанды қаласында тұрақты тұратын, отбасыларға (азаматтарға), тұрғын үйдің меншік иелеріне немесе жалдаушыларға тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау әлеуметтік норманың шегінде жүргізіледі. Отбасындағы әрбір адамға арналған, тұрғын үй ауданының нормасы 18м.2 құрайды. Бір бөлмелі пәтерде тұратын, жалғыз басты адам үшін оның бір бөлмелі пәтерінің бүкіл ауданы, көп бөлмелі пәтерде тұратын, жалғыз басты адам үшін оның пәтерінің жалпы ауданының 30м2 әлеуметтік қорғалған.  
Коммуналдық қызметті тұтыну нормасы:
электр қуаты – газ пештермен жабдықталған, үйлердегі отбасыларға 150кВт артық емес және электр пештермен жабдықталған, үйлердегі отбасыларға 250 кВт артық емес; 
газ- нақты шығындар бойынша,бірақ бір адамға айына 8 кг артық емес.
Тұрғын үйді ұстау және тұтынылған коммуналдық қызметтер төлемі Белгіленген нормадан жоғары болғанда жалпы негізде жүргізіледі.
Пеш жағатын үйлерде тұратын, жеке сектор тұрғындары да қатты отын алуға жұмсалған шығындарының орнын толтыру үшін тұрғын үй көмегін рәсімдеуіне болады.
Тұрғын  үй  көмегі  өтініш  берген  айдан  бастап,  табыстар  және  осы тұрғын үйде отбасы құрамының тіркелуі жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен 1 жыл мерзіміне тағайындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері әлеуметтік норма шегінде және осы мақсаттарға отбасы шығынының рұқсат берілетін деңгейінің шегінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстау, тұрғын үйді жалдау, байланыс қызметтерін және коммуналдық қызметтерді тұтынуға шығындар бойынша нақты төлемнің айырмасы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегін есептеуге отбасының жиынтық табысы негіз болады. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - отбасының (азаматтың) тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алған табысының жалпы сомасы, онда іс жүзінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған, табыстың барлық түрі ескеріледі.
Отбасының жиынтық табысына азаматтарды тіркеу Кітабына сәйкес, отбасы құрамында ескерілген, барлық тұлғалардаң табысы кіреді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:
1)   жеке басын куаландыратын, құжаттың көшірмесін;
2)    азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін;
3)    тұрғын үйге құқықты анықтайтын, құжаттың көшірмесін;
4) отбасының табысын растайтын құжаттарды (жұмыссыздар жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама,  үш жасқа дейінгі бала күтіп отырған  аналар салық комитетінен кәсіпкерлік қызметі жайлы анықтама ұсынады);
5)    өтініш берушінің отбасылық жағдайын растайтын, құжат;
некеге тұрғандығы немесе некенің бұзылғандығы жайлы куәлік, қайтыс болғандығы жайлы куәлік, жетпіс жастан асқан жалғыз басты адамдардан басқаларға, №4 нысандағы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан анықтама;
6) есеп- шот:
- тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға ай сайынғы жарна мөлшері жайлы;
- коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін тұрып жатқан тұрғын жайдың жалпы ауданының мөлшерін растайтын, техникалық паспорт, сиымдылықтар және баллон газдарын алуға арналған есеп – шот (түбіртектер, анықтамалар), қатты отын алуға арналған есеп – шот (анықтамалар, жүкқұжаттар, шот – фактуралар);
-  телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек- шот немесе байланыс қызметін көрсету үшін жасалған, шарттың көшірмесі;
- жергілікті атқару органдарымен ұсынылған жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқару органдарымен жалға алынған, тұрғын үйді пайдалануға жалгерлік төлемнің мөлшері жайлы шот;
- жеке тұрғын үйдегі жекешелендірілген үй- жайда (пәтерлерде) тұратындарға, сараланған есеппен және тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын бақылайтын, бірден төмен емес дәлдікті кластағы электр қуатының бір фазалы есептеуіш құнының түбіртек - шоты;
7)  жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі жеке іске тіркеледі.
Тұрғын үй көмегін рәсімдеу мәселелері жөнінде келесі мекен жайлар бойынша кеңес алуға болады: Поспелов көшесі, 16үй, (т.  300252); 17 шағын аудан, 42 үй , (т.  788503);  22 шағын аудан, 20 үй, (т. 531253) немесе қаладағы ХҚКО.
Егер, Сізде коммуналдық қызметке төлем жүргізуге қатысты мәселелер туындаған болса, біз Сізді күтеміз.

«Қарағанды қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ  басшысы
Ж. Ысқақов


Дата редактирования: 28 Декабря 2015 14:35

Фотогалерея

  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря
  • 08 Декабря